Ы. Алтынсарин. «?нер, білім бар ж?рттар»
3 сынып. Пәні: Әдебиеттік оқу. Күні:
Тақырыбы: Ы. Алтынсарин. «Өнер, білім бар жұрттар»Сабақ мақсаты:
1.Мәнерлеп түсініп оқуға, сурет бойынша ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету; дұрыс сөйлем құра отырып,өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру;
2.Оқушыларды өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3.Оқушыларды адамгершілікке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі.
Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады.
Жымию бізде жақсылық сезімдерінің ашылуына жол ашады.
Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер.
Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.
Рахмет!Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Берілген суретді пайдаланып, қазақ даласына білім алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу.
Дала жұлдызы деп кімді айтамыз?
Ыбырайдан сабақ алған жазушы кім? (Спандияр Көбеев)
Оқушылардың жинастырып келген мәліметтерімен бөлісу.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы оқыған мәтіннің басты кейіпкері кім екен?
Ыбырайдың үйінде жатып білім алған баланың аты кім?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру.
Ы. Алтынсарин. «Өнер, білім бар жұрттар»
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе ретінде сөзжұмбақты шешу.
(Сырбай. Көбеев. Жұлдызы. Ыбырай. Есжан.)
Осы аталған адамдар туралы не білеміз?
Өлеңді мұғалімнің үлгі оқуы.
Оқушының өзіндік оқуы.
-іштей оқу,
-тізбектей оқу,
-жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу.
Сұрақтармен жұмыс.
Өлеңнен нені білдік?
Не істеу керек екен?
Қалай ойлайсың?
ҮІІ. Білімдерін тексеру:
1. Сергіту сәті.
2. Суретпен жұмыс:
Суреттерді топқа бөл.
а). Ғылым мен техника дамымаған кездегі тұрмыстық заттар: ... б) Қазіргі заманғы техника: ...
Саған қай топтағы суреттер ұнады?
Неге? Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек?
Өлеңдегі ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
ҮІІ. Қорыту.
Бүгін қандай тақырып өттік?
Ата –анаң немесе айналаңдағы жақындарың істеп жүрген жұмыстарын есіңе түсір.
Олардың еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау