: Онды? б?лшек. Онды? б?лшекті о?у ж?не жазу.


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, кейбір бөлімі 10, 100, 1000... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуын. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.Көрнекіліктері: сабаққа қатысты сызбалар, слайд, бағалау парағы..Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой - толғаныс, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.II. Үй тапсырмасын тексеру.Өтілген тақырыптарды қайталау.1. Жай бөлшектерді қосу және азайту, мысал келтір.2. Жай бөлшектерді көбейту және бөлу, мысал келтір.3. Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?IV Жаңа сабақ.Сабақ тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады. Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады. Ондық бөлшектерді IV ғасырда шетел ғалымы Әл-Каши енгізген екен.Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында - ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.Мысалы: 1) 1, 2 санында 1 - бүтін бөлігі, 2 - бөлшек бөлігі2) 4, 23 санында 4 - бүтін бөлігі, 23 - бөлшек бөлігі3) 12, 56 санында 12 - бүтін бөлігі, 56 - бөлшек бөлігі4) 0, 352 санында 0 - бүтін бөлігі, 352 - бөлшек бөлігіБөлімдері 10; 100; 1000 т. с. с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс. Мысалы, 37100=307100=3,07Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркеймізМысалы: Тең ондық бөлшектерді жазуОндық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.Мысалы: 1) 7, 5= 7, 50= 7, 50000 2) 0, 03 =0, 030= 0, 03000 3) 4, 0070000 =4, 00700=4. 007Ондық бөлшектердің разрядтарыОндық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:26,8056 және 457,3258 сандары разрядтық бірліктерімен көрсетілген.
Бүтін бөлігінің разрядтары Бөлшек бөлігінің разрядтары
жүздіктер ондықтар бірліктер Ондық үлестер Жүздік үлестер Мыңдық үлестер Он мыңдық үлестер
2 6 8 0 5 6
4 5 7 3 2 5 8
3009901087755КкккКкее
КкккКкее
37776151087755МЕЕЕЕ
МЕЕЕЕ
14820901097280К
К
21297901087755299656510972809105901097280Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.VI Есептер шығару: ауызша №1029 жазбаша: №1210, №1211, №1212 VII «Ой толғау» Ондық бөлшектерді өсу ретімен дұрыс орналастырғанда жыл мезгілдерінің бірі, адамзатқа қолайлы мезгіл атауы шығады.
КӨКТЕМ
0,5 1,2 4,1 5 7,3 9,9
VIII. Бекіту сұрақтары:1. Ондық бөлшек дегеніміз не?2. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?3. Бөлімі 10; 100; 1000;... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
Жұмбақтар: Бүтін , бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсеткен
Қандай сан бар, достарым, пікір демейді. (Бөлшек сан)
ІХ. Үйге тапсырма №1213 №1214Рефлексия:Білемін Білдім Білгім келеді? Үйрендім