Жа?а ба?дарлама бойынша сауат ашу п?нінен 1 клас?а к?нделікті саба? жоспары.Та?ырыбы: О?у ??ралдарымен таныс болайы?!С?з.
Оқу ісінің меңгерушісі__________
Күні:
Сынып: 1 «А»
Пәні: сауат ашу. Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Мұғалімі: Рисжанова Эльмира Амангельдиновна
Сабақтың тақырыбы Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Оқу құралы-учебное пособие-tutorialСабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Өлеңді мұқият тыңда.
Өлең не туралы?
Сауатыңды ашатын қай кітап?
№2 Берілген заттардың алғашқы әріптерінен құралған сөз сұрақтың жауабы болады.
2611755827405
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
8 минут Ережені есіңде сақта!
Айналамыздағылардың бәрінің атауы бар. Оны бір-бірімізе сөз арқылы жеткіземіз. Жазуға үйренгенше өздің сызбасын пайдаланамыз. Түрлі тапсырмалар
Аяқталуы
16 минут
№3 Суретте көрсетілген заттарды ата. «Автор орындығы»
№4 Сөмкеге оқушыға қажетті оқу құралдарын ғана сал.
Оқулық, дәптерлер, сөмке.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
125730-502920Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.
Микрафон
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.