?лтты? д?ст?рді д?ріптеу т?рбие са?аты


ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ

МАҚСАТЫ: Жас ұрпақты қазақ халқының өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасын бағыт – бағдар етіп сақталған әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлері, ырым – тыйымдары туралы насихаттау түсінік беру. Қазақ халқының әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрін құрметтеуге, жалғастыруға және елжандылыққа тәрбиелеу.
КІРІСПЕ СӨЗ.
Қай елде, қай кезде болсын, бала тәрбиесіне ерекше мән берілгендіктен, халқымыздың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай «Ұлт мәдениетінен жұрдай рухты тәрбиелеген ұрпақтан халқымыздың қажетіне пайдалы азамат шықпайды» деп ұлт болашағын сақтау үшін ұлттық рухты тәрбиелеуді мектеп табалдырығына бастау қажеттігін атап – көрсеткен.
Ата – салтын қадірлеген қазағым,
Арадақтаған ата – баба аруағым.
Салт – дәстүрді осы күнге жеткіздің,
Көтерсең де тастай ауыр салмағы – дей
отырып «Ұлттық дәстүрді дәріптеу» атты мектепалды даярлық оқушылары мен ата – аналармен байқау сайыс сабағымызды бастаймыз.
Қатысушылармен танысу.
Қазылар алқасымен таныстыру.
Ойын шартымен таныстырып өтейін:
ТАНЫСТЫРУ
ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯ САЙЫСЫ
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
ӨРІМ ТҮРЛЕРІ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ, МЫҢ БІР МАҚАЛ
І кезең. ТАНЫСТЫРУ
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін – дей келе кезекті таныстыруға берсек.
1 топ – ШАҢЫРАҚ ТОБЫ
2 топ – ҚЫРАН ТОБЫ
3 топ – ӨНЕР ТОБЫ
4 ТОП – АЛҒЫР ТОБЫ
ӘДІЛҚАЗЫ АЛҚАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ:
Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар.
Қазір енді қазыларды сайлайық,
Ең алғыр топты таңдап алуға – дей келе қазылар алқасымен таныс болыныздар.

ІІ кезең: ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ САЙЫСЫ
Әрбір отбасына сөздер жиынтығынан беріледі. Осы сөздерді пайдаланып әңгіме немесе ертегі құрастыру керек. Бұл сайысқа ойлануға 5 минут уақыт беріледі.
А) Әсел тәте, көл, орман, домбыра, гүл, тау.
Ә) Серік ағай, өзен, айран, ағаш, жапырақ, ит.
Б) Олжас ағай, мұхит, сиыр, теледидар, сүт, үй.
В) Әлия апай, теңіз, тымақ, машина, махаббат, темір.

ІІІ кезең: ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
Әр отбасы 5-тен тыйым сөздер айтады және де қайталанбауы керек.
ІV кезең: ӨРІМ ТҮРЛЕРІ
Ұлдар әкелерімен қамшы өру түрлерін керсетеді.
Қыздар аналарымен шаш өру түрлерін көрсетеді.
Ойыншылар өрімдерін өріп болғанша Күлән тәтенің «Бесік» жырын көрсетеді. Бесік жырын айтып берсін.

V кезең: ҰЛТТЫҚ ОЙЫН САЙЫСЫ
Әр отбасы ұлттық ойындардан үзінді көрсетеді.
«Теңге алу»
«Қыз қуу»
«Алтын сақа»
«Көкпар» ойыны
VІ кезең: «ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ, МЫҢ БІР МАҚАЛ»
1 топ – ШАҢЫРАҚ
Өз елім – (өлең төсегім)
Балапан ұя да не көрсе – (ұшқанда соны іледі)
Өнер алды (қызыл тіл)
2 топ – ҚЫРАН
Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)
Тентек баланы, (теке сүзеді)
Көп тыңда, (аз сөйле)
3 топ – ӨНЕР
Қыз өссе елдің көркі, (гүл өссе жердің көркі)
Көз қорқақ, (қол батыр)
Қыздың аңқауынан сақта, (Ұлдың жалқауынан сақта)
4 топ – АЛҒЫР
Ырыс алды –(ынтымақ)
Жолдасы көптің – (олжасы көп)
Татулық – (табылмас бақыт).
Әділқазы алқалары дайын болғанша біздің мектепалды даярлық сыныбының дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Асия: Ата – ананың жүрегі,
«Бала» деп қана соғады.
Баласы жақсы адамның
Басына бақыт қонады.
Мансұр: Үлкендердің ақылын
Ақ бата деп ұғынам
Шынын айтқан кішінің
Пәктігіне қызығам.
Нұрбұлан: Ата менен ананың
Айтқан тілін аламын
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болса барамын.
Сәбина: Кім кезіксе көшеде,
Таныс емес демеймін,
«Аға, тәте, көкеге,
Сәлеметсіз бе?» - деймін.
Юрий: Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!» - деп.

Сайыстың нәтижесің хабарлау үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.

Қымбатты ата – аналар мен оқушылар, ұстаздар бүгінгі «Ұлттық дәстүрді дәріптеу» атты сайыс сабағымыз тәрбиелік мәні бар, ұлттық рухта тәрбиеленетін ұрпақтарымызға үлгі – өнеге болсын.
Әкең – қазақ, шешең – қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санаған.
Сайыс сабағымызды үлкен ақсақалымыздың батасымын қорытындылайық. (Бата береді)

«С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ
(ТӘРБИЕ САҒАТЫ)
Сынып жетекшісі: Бесикбаева Л.С.
КЕНАРАЛ АУЫЛЫ
2015 жыл