Т?рбие са?аты ?аза?стан – болаша? бейнесі
Тақырыбы: Қазақстан – болашақ бейнесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының құрылуы және оның географиялық жағдайын, табиғат ерекшеліктері мен пайдалы қазбалары жайында түсіндіріп білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасата отырып , бірінін пікірін бірі тындай білуге үйрету.
Тәрбиелігі: елін, жерін, салт – дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: аралас, сайыс
Сабақтын типі: жана материалды игеру
Сабақтын әдісі: түсіндіру, баяндау, талдау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі мен құрал – жабдықтары: Қазақстан Республикасының физикалық картасы, топ аттары, маркерлер, слайдтар.
Сабақтын барысы
Фон: Музыка
Топқа бөлінеді:
1. Сұңқар
2. Тұлпар
II. Жаңа сабақ:
Қызығушылықтарын ояту:
Туған жер – қамқор анамыз,
Біз болашақ панамыз.
Шаттық берген өмірде,
Шамшырақтай жанамыз.
Кіріспе сөз .
Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер»деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата- бабаларымыздың асқар таудай ақылында,өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істер- елін,жерін қорғау,бірлікте,ыңтымықта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан – ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.
Ежелден – ақ ру- тайпаларымыз өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күн еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сенген, найзанаң ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған сақ қызы- Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат » деген.
I бөлім Әр топ жекеленген тапсырмалар бойынша жауап береді.
«Сұңқар» тобына
1. Еліміздің мемлекеттік символдарын ата және авторлары кім?
2. Теңге,ту, елтаңба туралы айтып беріңіз.
3. Ұлттық валюта қай жылы шықты?
4. Авторлары кім?
«Тұлпар» тобына
1. Қазақстан Республикасының жер көлемі?
2. Халық саны
3. Қандай елдерімен шектеседі?
4. Пайдалы қазбалары
ІІ бөлім
- Қазақ елі қонақжай халық. Көп ұлтты- біздің елде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір кешуде. Өнерлі- қазағымыз сегіз қырлы, бір сырлы халық. Табиғаты тамаша – еліміздің табиғаты керемет. Бурабай, Баянауылға барсан таулары, ағаштары, көлдері қандай ғажап. Қазақстанымыз қарқынды даму үстінде, баршамызға қымбат және бақытты ел. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын , халық сырын, тарих үшін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында табандылығын да, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Осы 20 жыл ішінде көптеген нәрселер өзгерді.Соның ішінде 1997 жылы астанамыз жаңа Астана қаласы болды. Астанамызға әр- түрлі әдемі ғимараттар салынды. Тоқтар Әубәкіровтан кейін Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Күннен күнге еліміз , Отанымыз жанданып , гүлденіп келеді.
Келесі кезекте, «Қазақстан» сөзіндегі әріптерден сөз құрастыру 5 минут уақыт беріледі.
ІІІ бөлім.
Біздің елімізде «Бір халық – бір тағдыр – бір ел» деген қағида бар осы салыстырудан әркімнің өзінің топшылауы, өз ой қорытындысы болуы керек. Елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері бір адамның баласындай татулықта, берекелі өмір кешуде.
Бұл бөлімде «Қазақстан – болашақ бейнесі» тақырыбында эссе жазу. 5 минут уақыт беріледі. Топ басшылары ортаға шығып қорғайды.
ІҮ бөлім.
«Ақ дастархан» ойыны ойналады. Ұлттық тағамдардың, сусындардың аттарын жазу тапсырылады. Қай топтың дастарханы мол болады, сол топтың ұпай саны жоғары болады.
Қорытынды.
ҮШ БАҚЫТЫМ
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Мұқағали Мақатаев
Бағалау: Әр топта неше смайлик жиналады. Сол топ жеңімпаз аталады. Сыйлықтар тарату.
Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
Тәрбие сағаты: Қазақстан – болашақ бейнесі
Қызылорда, 2017 жыл