?аза?станны? ??рылыс материалдары ?нерк?сібі


Пәні: география
Сыныбы: 9Сабақтың тақырыбы: Құрылыс материалдары өнеркәсібіСабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібі жайлы түсінік беруДамытушылығы: Сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, өз бетімен білім алу белсенділігін арттыруТәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, іздемпаздыққа тәрбиелеуСабақтың түрі: Аралас Сабақтың типі: дәстүрліСабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндірме, кесте толтыру, әңгімелеу, тест, картамен жұмыс, Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасыСұрақ-жауап:1. Елімізде ағаш өнеркәсібі саласы жете дамыған ба?2. Елімізде ағаш дайындау өнеркәсібінің орналасу ерекшелігі?3. Ағаш өңдеу өнеркәсібі қандай өнімдер шығарады?4. Қазақстанда жиһаз компаниялары қай қалада орналасқан?5. Бүгінгі таңда елімізде жиһаз өндірісін дамыту үшін қандай мүмкіндіктер жасалып отыр?. Үй тапсырмасын қортындылауҮй тапсырмасын қысқаша қортындылап, жаңа сабаққа көшуІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Республика шаруашылығының жетекші салаларының бірі – құрылыс материалдары кешені. Бұл барлық шаруашылық салаларымен тығыз байланысты. Құрылыс материалдары кешені үш топқа бөлінеді:
Минералды құрылыс шикізаты(құм, қиыршық тас, ұсақталған тас, гранит, мәрмәр,т.б.)
Ұстастырылатын материал(цемент,әк,т.б.)
Қабырғалық материалдар- бетон және темір бетон конструкциялары.Картамен жұмысӨндіру Орталықтарын дәптерге жазып, картаға түсіруМәрмәр Алебастр әктас Ұлутас Гипс Ақ саз Кварц құмы Гранит Талшықтас Керамзит асфальт Оқулықпен жұмысЦемент, бетон және темір-бетон, кірпіш, пенобетон, шыны, т.б. құрылыс материалдарын өнеркәсібінің негізгі орталықтарын атлас картадан анықтап, оған сипаттама беру ҮІІ. Жаңа сабақты бекітуТест1. Жоғары сапалы аққұм өндірілетін облыс:А) Атырау В) Ақмола С) Қарағанды 2. Шифер зауыты орналасқан қала:А) Тараз В) Ақтөбе С)Қостанай3. Шыны зауыты орналасқан облыс:А) Ақтөбе В) Батыс Қазақстан С) Атырау4. Цемент зауыты орналасқан қала:А) Көкшетау В) Астана С) Шымкент5. Кварц құмы өндіретін облыс:А) Қызылорда В) Павлодар С) Қарағанды6. Құрылыстағы байланыстырушы материал:А) Цемент В) Әктас С) Ағаш7. Құрылыс материалдарының негізгісіА) Бетон, темір-бетонВ) Құрылыс қоспаларыС) Асбест8. Ірі цемент зауыттарының Шымкент пен Семейде орналаласуындағы басты факторА) Тұтынушыға жақынВ) Экологиялық таза аймақтаС) Әк тастар мен цементті саз балшықтарға жақын ҮІІІ. Сабақты қортындылауЭссе жазу « Қазақстанда құрылыс материалдары өнеркәсібінің орталықтарының даму болашағы... »ІХ. Үйге тапсырма §23. Құрылыс материалдары өнеркәсібін оқу; Кескін картаға өндіріс орталықтарын түсіру.