Ашы? саба?Кремний ж?не оны? ?осылыстары. Силикаттар. Кремний негізіндегі жартылай ?ткізгіш материалдар. ?аза?станны? силикат ?нерк?сібі.


Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары. Силикаттар. Кремний негізіндегі жартылай өткізгіш материалдар. Қазақстанның силикат өнеркәсібі.
Мақсаты: білімділік: оқушыларға кремний оның аллотропиялық түрөзгерістері: аморфты және кристалдық кремнийдің қосылыстары: оксиді, қышқылы, тұздары, силикат өнеркәсібі туралы білім беру.
дамытушылық: көміртек қосылыстарымен салыстыра отырып түсіндіру, зат қасиетінің оның құрылысына тәуелді екендігіне көздерін жеткізу және силикат өнімдерінің ерекшеліктері, құрылыс материалдарына сипаттама бере білуін дамыту.
тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі: 1. Оқушылар кремний оның аллотропиялық түрөзгерістері: аморфты және кристалдық кремнийдің қосылыстары: оксиді, қышқылы, тұздары, силикат өнеркәсібі туралы білетін болады.
2. Көміртек қосылыстарымен салыстыра отырып түсіндіру, зат қасиетінің оның құрылысына тәуелді екендігіне көздерін жеткізіп және силикат өнімдерінің ерекшеліктері, құрылыс материалдарына сипаттама бере алады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, баяндау, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: үллестірме деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта мүмкіншілігі, слайдтар.
Құрал – жабдықтары: кремнийдің табиғи қосылыстарының үлгілері, т.б. силикаттар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
(амандасу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару) – 1 – 2 мин.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Миға шабуыл» (деңгейлік тапсырмаларды тарату, өткен тапқырыптарды еске түсіру сұрақтарын қою) – 10 мин.
Көміртек периодтық жүйеде қай жерде орналасқан? Толық сипаттама беріңдер.
Ашылу тарихы, атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық қасиеттері.
Алынуы, химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы сипаттама беріңдер.
Көміртектің сутекті және оттекті қосылыстарының алынуы және химиялық қасиеттеріне сипаттаңдар.
Көміртектің сутекті және оттекті қосылыстарының физикалық қасиетіне және қолданылуына сипаттама беріңдер.
Көмір қышқылы және карбонаттар туралы не білесіңдер?
А – деңгейінің №2 есебі (118 - бет).
A) NаHСО3 + HCI → NаCI + Н2O + СО2
Nа+ + HСО32- + Н+ +CI - → Na+ + CI- + Н2O + СО2
Н+ + HСО32- → Н2O + СО2Ә) NaHCO3 + NaOH → Na2СО3 + H2ONa + HCO32- + Na+ + OH- → 2Na+ + СО3-2 +H2O
HCO32- + OH- → СО3-2 +H2O
Б) Ca(HCO3)2 + 2NaOH →2СаCO3↓ + Na2CO3 +2H2O
Ca2+ + 2HCO32- + 2Na+ + 2OH- →2СаCO3↓ + 2Na+ + CO32- + 2H2O
Ca2+ + 2HCO32- + 2OH- →2СаCO3↓ + CO32- + 2H2O
В) Ca(HCO3)2 + Ca(OH)2 → 2CaСО3↓ + 2H2O
Ca2+ + HCO32- + Ca2+ + 2OH- → 2CaСО3↓ +2H2O

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
«Мағынаны тану» (интерактивті тақта мүмкіншілігі, слайдтар арқылы баяндау, мысалдар келтіру, сұрақ жауаптар) – 20 мин.
Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа білімді меңгерту.
Жоспар
Кремнийдің жалпы сипаттамасы.
Периодтық жүйеде орналасуы.
Кремнийдің аллотропиялық түрөзгерістері.
Кристалдық кремний - Қиын балқитын зат (tбқ.=1400°С)
қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, морт сынғыш, электр тогын нашар өткізеді, бейметалл.
Аморфты кремний - қоңыр ұнтақ, тұрақты балқу температурасы жоқ.
Табиғаттағы кремний қосылыстары:
Құрамында кремнийі бар минералдарКремнезем SiO2
Ортоклаз K2O∙Al2O3∙6SiO2
Альбит Na2O∙Al2O3∙6SiO2
Анортит CaO∙Al2O3∙2SiO2
Тальк MgO∙4SiO2∙H2O
Ай топырағы– 40% ға дейін SiO2
Тас метеориттер – 20% ке дейін SiO2
Силан – SiH4
Кремний оксиді – SiO2
Кремний қышқылы – H2SiO3 – метакремний қышқылы H4SiO4 – ортокремний қышқылы.
Химиялық қасиеттері:
Бейметалдармен
Si + 2F2 = SiF4
Si + 2Cl2 = SiCl4 (340°C – 420°C)
Si + O2 = SiO2 (1200°C – 1300°C)
Si + C = SiC (1200°C – 1300°C)
сумен
Si + 2H2O = SiO2 + 2H2 (400°C – 500°C)
Si + 4HF = SiF4 + 2H2 (40°C – 100°C)
Si + 4HCl = SiCl4 + 2H2 + қоспа (300°С және жоғары)
металдармен
4Na + Si = Na4Si (балқыма)
2Mg + Si = Mg2Si (балқыма)
2Ca + Si = Ca2Si (балқыма)
Алынуы.
Зертханалық әдіс: SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si
Өндірістік әдіс: SiO2 + 2C = 2CO + Si (1900°C)
SiCl4 + 2H2 = Si + 4HCl
SiH4 = Si + 2H2 (400°C)
Қолданылуы және алынуы
Керамика:
Құрылыс; үй тұрмысына; өндірістік.
Құрылыс материалдары: цемент, бетон, темірбетон
Металлургияда тотықсыздандырғыш, шойын мен болатқа қосу, ауыспалы токты туралайтын, күн батареилері.
Қыш өндірісі - Саз балшықтан және кейбір металл оксидтерінен тұратын заттар.
Шыны өндірісі - Натрий мен калий силикатының артық мөлшердегі кремнеземмен аморфты мөлдір құймасын айтады. Кәдімгі шының формуласы: Na2|O*CaO*6SiO2
Цемент өндірісі - Саз балшық пен әктасты күйдіріп алады. Формуласы: СаО*АІ2О3* SiO2
Қазақстанда силикат өнеркәсібінің кәсіпорындары төмендегідей болып шоғырланған: Маңғыстауда – СаСО3 әктас, Жітіқарада (Қостанай облысы) – асбест; Семейде – цемент зауыты, Өскеменде – “Аютас” зауыты, Ақтөбе, Таразда – шыны өндірісі, Ленгер, Есік, Өскеменде – кірпіш зауыттары бар.
№4Зертханалық тәжірибе
Тақырыбы: Қышқыл қалдықтары аниондарына сапалық реакциялар.
Мақсаты: Қышқыл қалдықтары аниондарды сапалық реакциялар арқылы анықтау.
Қажетті реактивтер мен құрал – жабдықтар: H2SO4, HCl, NaCl, Ba(NO3)2, Na2SO4, сынауық, шыны таяқша, фенолфталеин қағазы.
Жұмысты орындау барысы:
№1 тәжірибе:
Үш сынауықты алып, біріншісіне ас тұзының ерітіндісін, екіншісіне – натрий сульфаты, үшіншісіне – кальций карбонатының ерітінділерін құйып, әрқайсысына өздеріне тән реактивтермен анықтаңдар (7 – кесте, 44-беттен қараңдар). Алғашқы екеуіне күміс нитратының ерітіндісін құйып, тұнбалар түстеріне көңіл аударындар. Ал қалған сынауыққа ерітіндіге барий хлориді ерітіндісімен әсер етіп көріңдер.
Не істедік? Не байқалды? Реакция теңдеуі Қорытынды

VI. Бекіту.
O2
CaO
2Mg
Д. 2C
Е. CaCO3
Ж. CaCl2
З. 2NaOH
И. H2CO3
1. «Ой түю» /жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін тест арқылы тексеру/.
1.SiO2 + ……... => Si + 2CO
2.SiO2 + …...... => Si + 2MgO
3.Si + …....... => SiO2
4.SiO2 + …....... => CaSiO3
5.SiO2 + …....... => Na2SiО3 + H2O
6.SiO2 + …....... => CaSiO3 + CO2
7.Na2SiO3 + …....... => Na2CO3 +H2SiO3
8.Na2SiO3 + …....... => CaSiO3 + 2NaCl
Жауабы: 1.Д 4.В 7.И
2.С 5.З 8.Ж
3.А 6.Е
V. Үйге тапсырма: §25, 26 оқу.
B – деңгейінің №1 есебі (121 - бет).