Д?ниеж?зіні? машина жасау ?нерк?сібі 10 сынып
Бекітемін :
Оқу ісінің меңгерушісі: Ә Олжағалиев
Күні : 23.01.2014 Сыныбы : 10
Сабақтың тақырыбы Дүние жүзінің машина жасау өнеркәсібі
Сілтеме Оқулық 9-10 сынып
Интернет материалдары
Бейнекөріністер
Дж саяси картасы
Алты қалпақ
Суреттер, трек –сызбалар т.б
Жалпы мақсаттар Дүниежүзінің машина жасау салаларымен таныстыру. Машина жасау өнеркәсібі бойынша алдыңғы қатардағы елдер туралы мәліметтер беру
Міндеттері Картадан көрсете білу.
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсіп орталықтарын білу.
Оқыту нәтижелері Дүниежүзі бойынша машина жасау өнеркәсібі туралы толық білім алып шығады.
Тапсырмалар мен әдіс тәсілдер Мозайка әдісі (топқа бөлу)
Ойлан топтас талқылы (топпен жұмыс)
ТВ шоу әдісі (бейнекөрініс)
Кім көп біледі? Картамен жұмыс.
Ойланудың алты қалпағы
Көлік және саяхат әдісі
Бағдаршам (рефлексия)
мин Кезеңдері Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 мин Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Құрал жабдықтарын түгендеу. Бағалау парақшаларын тарату.әр топтан эксперт сайлау. Мозайка әдісі арқылы топқа бөлу. Сәлемдеседі. Құрал жабдықтарын жинақтайды. Бағалау парақшаларымен танысады, араларынан Эксперт сайланады. Топқа бөлінеді
мозайкадағы суреттер (ұшақ, кеме, машина) арқылы жаңа тақырыпты өздері ашып алады.
10мин Білу Ойлан-топтас-талқыла әдісі арқылы 3 топқа тапсырмалар беріледі.
І Машина жасау өнеркәсібінің салалары.
ІІ. Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі.
ІІІ. Дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібі.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша топта талқылып ортақ пікірге келіп постер қорғайды.
10 мин Түсіну ТВ шоу әдісі арқылы бейнекөрініс (Азия-Авто машина жасау зауыты) көрсетіледі.
Сұрақтар беріледі.
Сенің ойыңша машина жасау өнеркәсібін дамыту үшін қандай сала жетекші рөл атқарады.
Сенің көзқарасың Дүние жүзінде халқының өмір сүру деңгейі жоғары, бірақ машина жасайтын өндірісі жоқ елдер бар (Сауд Аравия, БАӘ, Кувейт) Олар барлық қажеттіліктерді мұнай сату арқылы өтейді. Мүмкін Қазақстанға да солай ету керек шығар. Ал сен қалай ойлайсың.
Сенің болжамың Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібін қалай елестетесің.
Оқушылар бейнекөрініс қарай отырып өз ойларын ортаға салып топта талқылап тың идеяларымен бөліседі.
5 мин Қолдану Картамен жұмыс. Ұяшықтарды таңдау арқылы картадан таба білу.
Әр топ ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, картадан тауып көрсетеді.
5 мин Талдау Ойланудың алты қалпағын пайдалана отырып машина жасау өнеркәсібін алты қырынан талдап көреді.
Оқушылар жұптасып қалпақтар арқылы машина жасау өнеркәсібіне өз пікірлерін білдіреді.
7 мин жинақтау Көлік және саяхат әдісі арқылы суреттер таратылып беріледі.(жеке көлік, әуе көлігі, су көлігі қоғамдық көлік)
Оқушылар суреттерді ажыратып, саралап, даралап өз ойларын айтып постер қорғайды.
3 мин рефлексия Бағдаршам арқылы кері байланысқа шығу.
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.
Оқушылар мұғаліммен кері байланысқа шығады.
2 мин Бағалау
Үйге тапсырма беру Бірге ойлаймыз, сөйлейміз, талқылаймыз
Менің есімім ________________________ Күні____________-
Бұл сабақ: _______________________________________________ туралы
Мен жұмыс істейтін топ мүшелерінің есімдері:
1___________________________
2_____________________________
3_____________________________
4______________________________
5_______________________________
Бағалау бетшесі
1 2 3
Ойлан бірік талқыла
Картамен жұмыс Сұрақтарға жауап беру Де Боно алты қалпағы Көлік және
саяхат Толық жауап -3 ұпай
Орта жауап ( толық емес) -2 ұпай
Нақты жауаптар жеткіліксіз – 1 ұпай
Жауап жоқ – 0 ұпай
Бағалау шкаласы:
«5» 10-12
«4» 7-9
«3» 3-6
Дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібі.
Эксперттер өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
Үйге тапсырма алады
Атырау – 2014ж