Д?рыс тама?тану саба? жоспары 7-сынып?а арнал?ан. Жас ?рпа??а д?рыс тама?тануды? денсаулы? ?шін ма?ыздылы?ын т?сіндіруге арнал?ан
Технология пәні
сыныбы 7 сынып 19.09.2015
Сабақтың атауы Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Сілтеме Технология оқулығы, интернет желісі.
Жалпы мақсаты Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқушыны шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Дәрумендердің қандай тамақтардың құрамында болатындығы, дұрыс тамақтанудың ережесін, Ішек-жұқпалы ауруларының алдын алу жолдарын үйренеді, тазалық бар жерде денсаулықтың болатынын біледі.
Негізгі идеялары Топпен жұмыс жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс атқаруға шақыру. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу.
Тапсырмалар Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже Көрнекілік, слайд, видео
Ұйымдастыру кезеңі
Бағалау критерийлары
Оқушыларды ұйымдастыру.
Түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топтарға бөлу, топ басшыларын сайлау.
Бағалау критерийлары
Әр тапсырма бойынша топтарға дұрыс жауаптарына, белсенділігіне, шапшаңдығына байланысты жұлдызшалар (үшбұрыш, төртбұрыш, бес жұлдыз) беріп отырамын Оқушылар таңдаған жұлдызшалар арқылы 3 топқа бөлініп, партаның айналасында қол ұстасып, дөңгеленіп тұрып, мына өлең жолдарын айтады.
Байлық - байлық емес,
Бар байлығым-денсаулық
Бар өмірім – денсаулық!
Өздерінің жұмыстары қалай бағаланатынын түсінеді.
Тапсырмаларды орындағанына қарай топтарға жұлдызшалар беріліп отырады. 1-слайд
2-слайд
Қызығушылығын ояту Денсаулық деген сөзге топтастыру жасатқызу.
Бұл жерде берілетін тапсырманы дайын күйінде ұсынбай, әңгіме, пікір айту, сұрақ-жауап арқылы өздерін ойландыру, ізгілендіру арқылы оқыту адами қасиеттерді нақтылай түсуге жол ашу.. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында менің сабағымда диалогтік оқытудың көріністері байқалады. «Денсаулық» деген сөзге әр берілген сұрақтарды пайдалана отырып «Топтастыру» жасайды. 3-слайд
1-тапсырма Дұрыс тамақтану бойынша бейне фильм көрсетемін Бейне фильм негізінде екі топ та талдау жасап, өз ойларын ортаға салады. 4-слайд
2-тапсырма Дәрумендер, Тамақ құрамындағы заттектердің жеткіліксіздігі және дұрыс тамақтанбау туралы жаңа мәлімет беремін. Мәтінді топтағы оқушыларға жұп бойынша бөліп беремін. Топтағы оқушылар жұптасып, 5 бөлікке бөлінген мәтінді жұппен оқып, топ ішінде бір-біріне тұсіндіріп, талдайды. 3-тапсырма 2-тапсырмада танысқан мәліметтерді топта талдап түсіндіріп болғаннан кейін, дәрумендер қандай тамақтардың -құрамында болады деген? Кестені толтырады Топтағы нашар оқитын оқушылар кестені толтырады.
Нашар оқитын оқушылар кестені толтырып жатқанда дарынды деген оқушылар «3 қадамды сұхбат» арқылы бір-біріне сұрақ қояды. Қорытынды Эссе жазуға «Денің сау болсын десеңіз» тақырыбын ұсынамын. Тақырып бойынша өз ойларын қорытындылап, бір-біріне тілек айта отырып, эссе жазады. Кері байланыс жасау Сұрақтар:
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Несімен?
-Сабақта нені өзгерткің келер еді?
-Саған ең пайдалысы не болды?
-Саған не ерекше қиын болды? Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушыларды бағалау Сабақ көлемінде топтардың жинаған жұлдызшаларының санына қарай баға беремін. Топтар қолына жиналған жұлдызшалар арқылы бағаланады. Үйге тапсырма беру Қандай тағамдардың құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екенін жазып келу. Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.