Коучинг: «Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету-заман талабы»
Уақыты: Күні: 28.04.2016 жыл Коучинг сабақтың тақырыбы«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету-заман талабы»
Жалпы мақсатыБүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде, мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау туралы білгендерін ортаға сала отырып, толық мағлұмат алады. Сын тұрғысынан нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру.
Күтілетін нәтижеОқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен танысу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды меңгереді.Білім саласындағы қарқынды даму кезеңіндегі мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігі қалыптасады. Кәсіби білім, біліктері өседіӘдебиет1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. Үлестірме материалдар Жұмыс түрі
Коучтің әректіТыңдаушылардың әрекетіКіріспе
Топқа бөлу Кіріспе сөз: — Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады,яғни міндетіміз-шәкірт тәрбиелеу.
Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.
1. Қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен таныстырамын.
«Менің жетістігім...» тренингі
(Коучингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. «Менің жетістігім...» -өздерін таныстырып, жетістіктерін айтып шығады
От. Су. Күн. Ай.
Қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
Әр топқа өз атауларына байланысты анықтама беру.
От - қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су - жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.
Күн - жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай - ойшыл да, арманшыл. Қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар. Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады.
Қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
2. Ой қозғау:
«Ақ орамал» аудио таспаны тыңдау
Постер құрастыр
Формативті бағалау Флипчарт, маркер, түрлі түсті қаламдар қолдану
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру.
Топтарға тапсырмалар беріледі:
1-топқа: «Үш тілді меңгеру-заман талабы»
2-топқа: «ХХІ ғасырдағы мұғалім моделі»
3-топқа: «Мұғалім беделі – мектеп абыройы»
4-топқа «Шәкіртіне қарап-ұстазын таны» Топтар тапсырманы орындайды
Сергіту сәті Ширату. Алдын ала қатысушылар отыратын столдар астына «Ана», «Бала», «Мектеп» «Хит» деген парақшалар жапсырылады. Аты айтып тұрғандай әр топ өз тақырыптары бойынша өлең айту керек. Бұл жаттығуда тыңдаушылар біраз сергіп қалады. Әр топ тақырыптарына сәйкес өлең шырқайды.
Рольдік ойын:
Қатал,көңілсіз мұғалім
Сенімсіз мұғалім
Жас маман
Жаңа форматты мұғалім Мұғалімдер топтаса отырып рольдік кейіпке кіріп тапсырманы орындайды
Кері байланыс «Дейін-кейін» стратегиясыКоучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «Дейін-кейін» бағанасын толтыруды сұраймын. Мұғалімдер «Дейін-кейін» бағанын толтыра отырып, кері байланыс жасайды№30 Көктөбе орта мектебі
«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету-заман талабы»
Коуч: Әбіқай Г.А
2015-2016 оқу жылы