Пед. чтение Технология саба?тарында «Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету» модулін ?олдануды? тиімділігі (-)


Технология сабақтарында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін қолданудың тиімділігі
Қойбағарова Айсауле Жеңісқызы Шоқпартоғай селосы, Жылыой ауданы, №3 жалпы орта білім беретін мектеп, технология пәні мұғалімі
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған екен. Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік болып отыр. Сондықтан да бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. [1]Бұл модуль басқа да атап айтсам, оқыту үшін бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту және жас ерекшелігіне сай оқыту модулдерімен тығыз байланысты. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында мұғалім де өзі сыни ойлауға дағдылануы керек. Үшінші деңгейлік оқуды аяқтаған соң мен «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің білім сапасын арттыруда, оқушылардың көзқарасын өзгертуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуда басты рөл атқаратынын түсіндім. Мен алғашында 7, 8-сыныптағы технология сабақтарында оқушылардың сыни ойлауға бейім екендіктерін бақыладым. Сондықтан оқушыларды сыни ойлауға үйрете бастадым. Ал осы жаңа технологиямен сабақтарды өткізгенде мен кішкене де болса оқушылардың санасын серпілтіп, миға шабуыл жасап, ой дағдыларына қозғау салғанымды байқадым.Бұрын сұрақ қоюдың да тәсілін білмейтін оқушылар қазір көп өзгерді, мен байқамаған тұстарды байқап, сөздерін дәлелмен жеткізуге тырысатын болды. Мен үнемі «неге?», «қалай?» «неліктен?» деген сұрақтарды жиі қолданатын болдым. Оқушыларым сөздерін дәлелдеу үшін жарыса сөйлеп, ойларын дәлелдеп жеткізуге тырысатын болды. Мен оқушыларыммен бірге ойлап, бірлесе жұмыс жасап, сыни көзқарасымды өзгерте бастадым.
СТО жобасының негізгі әдіс-тәсілдері 1-кесте
Қызығушылықты
ояту Мағынаны
ажырату Ой толғаныс
Мақсаты;оқушылардың біліміне ой салу; бар білімге көпір салу;жаңа мәліметтерді дайындау;ойлау белсенділігін арттыру. Жаңа мәліметпен танысу;туындаған сұрақтарға жауап іздеу;білімді кеңейту;тақырыпты ашу. Білімді толықтыру;
тиянақтау;ізденіске жетелеу;алған
білімді талдау,ортаға салу.
Осы кестеге 6,7,8 сыныптағы кез-келген тақырыпты алып сараласақ, төмендегіше ой түюге болады.
2-кесте
Сабақтын тақырыбы Сыныбы СТО жобасының әдіс-тәсілдері
Қызығушылықты ояту
Мағынаны
ажырату Ой толғаныс
Сүт тағамдарын
дайындау 6-сынып Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды дайындау. Дайындау технологиясын үйрену. Рецепт жасау, сүт тағамына қатысты ырым тыйымдармен танысу. Сүттен тағы қандай тағамдар жасауға болады.
Бұйымның төменгі қиығын өңдеу. 7-сынып Өзіне-өзі қызмет көрсетуге, киім үлгісін дайындап алуға үйрену. Әдіп бөлшегін флизелинмен желімдеу әдісі. Кешкі сәнді көйлек үлгісін моделдеу.
Кәсіпкерлік туралы 8-сынып Бизнес жоспар жасауды, жарнамалауды
үйрену. Бәрін қажетке жарату, үнемдеу ережесі. Үй шаруашылығындағы шағын кәсіпкерлік туралы іздену.
Сабақтың құрылымы «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» атты 3 кезеңнен тұратыны белгілі.Осы кезеңдерде мен сабақтарымда стратегиялық іс-әрекеттерді тиімді қолдана отырып, оқушыларды сыни ойлауға үйрете бастадым. Атап айтсам, «Қызығушылықты ояту» сатысында «Миға шабуыл», «Ой шақыру», «Ширату», «Серпілген сауал» «Ішкі және сыртқы шеңбер» ал «Мағынаны тану»сатысында «ББҮ кестесі», «Түртіп алу», «Венн диаграммасы», « Ойлан-жұптас-бөліс», «Ментальді картамен жұмыс», «Қарлы кесек » т.б. «Ой толғаныс» сатысында «Автор орындығы », «Екі жұлдыз, бір тілек », «Эссе», «Үш минуттық кідіріс», «Элективті тест» стратегиялық іс-әрекеттерді қолдандым.
Сабақ құрылымының жоспары
3.Ой толғаныс
2.Мағынаны ажырату
1.Қызығушылығын ояту


Негізгі идеяны суреттеу
Кубизм
Венн диаграммасы
Бес жолды өлең
Автор орындығы
Джигсо
Ой шақыру
Топтастыру

Инсерт


Оқушы шығармашылығы
Осы технологияны қолданған бір ғана сабақтың өзінен көптеген нәтижелер көруге болады.Менің тұжырымым бойынша төмендегі қабілеттердің бір ғана оқушының бойынан сабақтан кейін-ақ байқалатынын анықтадым.
Сын тұрғысынан ойлау 3-кесте
Сын тұрғысынан ойлау
Өз бетінше ізденіп, өз бетінше жұмыс жасауға ұмтылады Бәсекеге қабілетті мәселелік жағдаяттарды шешуде өзіндік пікір қалыптасады Ақпаратты саралап, шығармашылық қабілеті артады. Білім,білік дағдыларын сарамандық жұмыста қолдана алады.
СТО технологиясын қолданған бірнеше сабақтарымды мысалға ала отырып,әрбір әдістің тиімділігін анықтадым.Мысалы 9-сыныптағы Бисермен кестелеу тақырыбын өткен кезде қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға бисерден жасалған бірнеше өнімді тарата отырып, сол бойынша үш топқа бөлдім.Одан кейін сұраққа үзбей жазу әдісімен бисер бұйымының қажеттілігі туралы оқушы жауаптары тақтаға жазылып, кластер құрылды.Кластерді талдау нәтижесінде бисердің қолданылу аумағын білдік. Миға шабуыл кезінде оқу кабинетінің қай жерінде бисерден жасалған бұйым бар екендігін анықтай отырып, оның өзге бұйымдардан артықшылығы мен кемшілігі салыстырмалы талдау жасады.
Ал мағынаны ажырату кезінде әр топ өз тақырыбына сай бисерден жасалған бұйымдарына зерттеулер жасап,бисерді тек сәндік үшін ғана емес, әр түрлі бұйымдар жасап сатуға да болатынын дәлелдеді. Сол арқылы бизнес жүргізуге болатынын, ал қолдан жасалған бұйымның соншалықты бағалы және қымбат болатынына көз жеткізді. Ой толғаныс кезінде әр оқушы бисермен ою-өрнек түрлерін жасап, өзара салыстыра отырып шеберлерді, икемділерді, талаптыларды анықтады. Сабақ соңында ұмтылыс жасаса барлық өнерді де үйренуге болатынын дәлелдеді және жұмыстарына қарай нақты бағаларын алды. Сабақтың қызықты өткені соншалық өз жұмысына қанағаттанбаған үш оқушы өз жұмысын бағаламауды сұрады және келесі сабақта жұмыстарын аяқтап келіп, сол кезде бағалауды қалайтынын айтты. Менің осы сабақтан кейін түйгенім бала әрдайым өзін өзгемен салыстырып отыратыны және үнемі жақсы жағынан көрінгісі келетіні айқын аңғардым. Бүгінгі таңда оқу кабинетімде бисерден жасалған бірнеше бұйым түрлерім бар. Біз өз дәстүрімізде мектептегі пәндік апталық кезінде кесте тігу, бисермен жұмыс, ою ою, ою жапсырмалау, ұлттық киім пішу, ұлттық бұйым дайындау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамыз.Сол арқылы оқушыны өнерге баули отырып, қазақ өнерін дәріптеуге жұмыстанамын. Бүгінгі таңда заман талабына сай оқушыларды рыноктық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорынды басқарудың жаңа түрі-менеджмент туралы өткен сабақта СТО технологиясын қолдану тиімділігі көптеген нәтиже бергенін атап өткім келеді. Бұл сабақта жаңа ұғымның мағынасын ашқан соң оқушылардың ойын анықтау мақсатынада салыстыру жұмысын бердім. Менеджмент-Маркетинг. Заман талабына сұраныс беретін мұндай тақырыптарға оқушылардың қызығушылығы соншалық, болашақ мамандығына да қатысы бар екенін өздері анықтады.
«Менеджмент » ұғымы «басқару» ұғымына жақын болғанымен ол тек әлеуметтік-экономикалық жүйеде қолданылады.Менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқаратыны туралы айтамын. Менеджмент жүйесі - басқару принципі, қызметі, әдісі, технологиясы, ақпараттық, материалдық, техникалық қамтамасыз ету сияқты құраушы әр түрлі элементтердің жиынтығы. Басқару процесі 4 өзара байланысты міндеттерден тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, дәлелдеу және бақылау. Менеджмент процесі - бұл басқарудағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жүйеде мақсатқа жетуге бағытталған, белгілі технология бойынша жүзеге асатын іс-әрекеттерінің үздіксіз реттілігі және жиынтығы.
Менеджменттің қызметі - басқару процесінің мазмұнында, басқару қызметінің түрінде, жүйе бойынша басқарудың міндеттерінің жиынтығында көрініс береді.
Маркетинг негізі. Маркетинг-(ағылшынша marketing-рынок,өткізу) сауда қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг рыноктың жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне сұранымды қалыптастырады. Болып жатқан жағдаяттардан хабардар етіп отыру маркетингілік қызмет. Өз уақытында белгілі сұраныстың құрылымы және динамикасы жөнінде, сатып алушылардың қалауы жөніде сенімді және анық ақпарат беру, яғни сыртқы рыноктан хабардар ету. Бәсекелестердің тауарына қарағанда, рыноктың талабын қанағаттандыратын тауар түрлерін шығаруды ұсыну. Тұтынушыға әсер ететін жарнамалар таратуды жүзеге асыру бағытында бақылау жүргізу. Маркетингілік принцип бойынша жұмыс істейтін өндірушілер сатып алушы және рынок нені қажет етсе, соны шығаруды мақсат етеді. Маркетингінің негізгі қызметі-адамның қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандыру.Осы жерде міне, сатып алушыға заттарды ұсыну қажеттігі туындайды.Бұдан маркетингінің негізгі принциптері келіп шығады:
1.Өнім өткізу қызметінде мақсатты түрде соңғы нәтижеге жету.
2.Маркетингілік қызметте зерттеу жүргізу,өндірістік болжамдарға сүйену және сұраныстағы тауарларды өткізуге күш салу.
3.Кәсіпорынның нәтижеге қол жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімді маркетингілік жұмысы зерттеулер мен болжамдарға өте мұқият болуды талап етеді.Кәсіпкер зерттеулер мен болжамдардың нәтижесіне сүйеніп,шаруашылық қызметке үлкен табыс әкелетін рынокқа қажетті жаңа өнімді шығарады.
4.Дербес сатып алушылардың талабын орындауға түбегейлі жоспар құрып, оларға мақсатты түрде әрекет ету. Маркетингілік қызметтің әдісі. Рынок сонымен бірге саясат, әлеуметтік, мәдени және басқа да жағдайлар кіретін сыртқы ортаға талдау жасау. Талдау коммерциялық жетістікке жетуге әсер ететін немесе кедергі келтіретін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, талдау арқылы орта туралы және оның мүмкіншіліктері туралы мәліметтер жиынтығы құралады.Тұтынушылардың потенциялық жіктелуі. Бұл зертеу кәсіпкердің де бәсекелестің де тауарын сатып алуға шешім қабылдайтын адамдардың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік және басқа сипаттамаларынан тұрады. Қолданыстағы және келешекте шығаруға жоспарланып отырған тауарларды зерттеу, жаңа жоспарлардың тұжырымдамасын жасау немесе бұрынғы тауар түрлерін жетілдіру. Табыс әкелмейтін тауарларды рыноктан және өндірістен алу. Тауар айналысын ретке келтіру, оны өткізуді жоспарлау, қажет жағдайда жеке дүкен немесе агенттік желісін құру.
Жарнама жасау, жеке сату, коммерциялық емес беделді шаралар ұйымдастыру арқылы сатып алушыларға, агенттерге және сатушыларға бағытталған әртүрлі материалдық ынталандыру арқылы сұранысты қалыптастыру, өнім өткізуге ынталандыру. Тауар өткізілетін аймақтың техникалық және әлеуметтік нормасын қанағаттандыру.Оның ішінде тауарды қолдану қауіпсіздігі, қоршаған ортаға,моральдық-этикалық талапқа сай келуі, тұтынушылар талабына сай болуы кіреді. Маркетигілік қызметті жүйелі түрде басқару, яғни жоспарлау, маркетинг бағдарламасының орындалуын бақылау, табысқа және тәуелділікке баға беру, маркетинггілік шешімнің дұрыс-бұрыстығын бақылау. [Мектептегі технология,№2,2013ж.] Сабақ барысында диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да қолдандым. Өйткені, Зерттеушілік әңгіме оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қабілеттерінің дамуына ықпал ететіндігі дәлелденген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап, және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі.Сондықтан да мен сабақтарымда диалогтік оқуды қолдана отырып, оқушыларымның сыни ойлауларын дамыттым. Оқушылардың жауаптарына, іс-әрекеттеріне қарап отырып, олардың өзгеріске түскенін байқадым. Мектепте сабақтардың барлығында оқушыларға жұптасып жұмыс істеуге мүмкіндік бердім.
8-сыныпта өткізген «Кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің принциптері. Кәсіпкерліктің қызмет формасы» сабағымды осы жүйемен өткіздім. Осы сыныпта үш оқушыны зерттеуге алғанмын. Олар өзіндік бақылай алады, А деңгейіндегі М-ның байқағыштық қасиеті өте жоғары, В деңгейіндегі А. әр сабақтан кейін өзінің өсу деңгейін көрсетті, С деңгейіндегі Ә өзінің ойлау деңгейіне сәйкес байқап бақылай алады, әр сабақта өзіндік жаңа қырынан көріне бастады. Сабақты өткенге шолудан бастадым.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Технология. Кәсіпкерлік.Кәсіпкерліктің принциптері. Кәсіпкерлік қызмет формасы. Мектеп: №3
Күні: 19.01.16 Мұғалімнің есімі: Қойбағарова Айсауле
Сынып: 8-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) Оқушыларға кәсіпкерлік принциптері, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың формаларын ұғындыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Кәсіпкерлік ұғымы туралы біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
кәсіпкерлік азаматтар мен заңды тұлғаның пайда алуға бағытталған қызмет екендігін түсінеді
Кейбір оқушылар:
Кәсіпкерліктің нақты атқаратын қызметі туралы айта алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Пікірлеседі, бір – бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түседі
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Кәсіпкер, кәсіпкерлік, тұтынушы, мамандық
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Кәсіпкерлік қызмет туралы дәптерге жазу.
Талқылауға арналған тармақтар:
Мамандық таңдау туралы еркін талқылау жүргізу
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Сіз кәсіп ашу кезінде қандай қағидаттарды есте сақтау керектігін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар
Тақырыпқа қатысты слайдтар,суреттер көрсету, кесте толтыру
Алдыңғы оқу
1. Кәсіпкерлік дегеніміз не?
2. Қандай жаңа кәсіпкерлік түрін білесіңдер?
3. Ауылымызда қандай кәсіп түрі жақсы дамыған?
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар ( төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру
« Өткенге шолу»
-өткен тарау бойынша сұрақтар
1 Белдемше қай ғасырда пайда болған?
2 Белдемше қандай киім түріне жатады?
3 Сән бағытына байланысты неше түрге бөлінеді?
4 Белдемше қай елдің ұлттық киімі?
5 Белдемшенің қандай түрлері бар?
6 Белдемшені қандай матадан тігеді?
7 Тігін бұйымдарын қандай кәсіп иесі тігеді?
Топтарға өткен сабақта үй жұмысына берілген «слайдтарын» қорғату Интернет сайттары, материалдары
Ортасы «Кестені толтыр»
Сенің ойыңша осы кәсіп өкілдері қандай қасиеттерге болуы керек?Керек бағаналарға + қой.
Кәсіп түрлері Араласа білу Дене бітімі Тәжірибе Ерекше қабілет білім
Тігінші Құрылысшы ПрограммистАртист Мұғалім Дәрігер сатушы
сәнгер «Сауда машақаты»
1-топ.
Сен сатушысың .Сен шаршап тұрсың , адам көп ,келген сатып алуға келген адам затын тауып беруге ерініп тұрсын ба ,әйтеуір дұрыс жауап бермейсің.Екінші сатушы жақсы сауатты саудагер ретінде адамға қалайда өнімін өткізу керек , әдемі үнімен өз тауарларын ұсынып, не алатынын сұрап сауда жасайды. Осы көріністі сомдау қажет.2-топ.
Сатып алушы рөлінде сауатты және сауатсыз тұтынушыны сомдау қажет.
“Еркін талқылау”
-Адам кез-келген мамандықты таңдай білу керек.
-Әркім мамандықты өзінің қабілетіне байланысты таңдайды. технология оқулығы 8-сынып,
мектептегі технология журналы
Аяқталуы «Ой талқы»- Егер мен кәсіп ашсам....
тақырыбына қатысты өз ойларын айту.
«Ең, ең...»
1 Ең тәтті -.....
2 Ең жасыл-.....
3 Ең ақшасы көп-...
4 Ең күлкілі -....
5 Ең жауапты- .....
6 Ең салмақты-...
7 Ең қарым-қатынасы күшті-.....
Рефлексия.  Қосымша ақпарат: кесте, суреттер, слайдтар
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Күрделенген тапсырма:
«Еркін талқылау», «Ой талқы», Сәйкестендіру
Оқу үшін бағалау, топтық бағалау, критериалды бағалау түрлері
р/с Бағалау критерийі (0-5-балдық жүйемен) балл жалпы балл
1 Тақырыпқа қатысты өз пікірімді білдіре алдым 2 Мен топ жұмысына өз үлесімді көбірек қостым 3 Мен өз көзқарасымды нақты жеткізе алдым 4 Сұрақтарға жауап беру қиындық тудырған жоқ 5 Мен өз пікірімді ашық айта алдым 21-25 ұпай –«5»
16-20 ұпай –«4»
11-15 ұпай –«3»
қауіпсіздік ережелері
Интернеттен алынған суреттер
Сабақта сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында жекелеген оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмаларды бердім, сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды, топтық жұмысты ұйымдастыру, жоғары деңгейлі сұрақтарды ұсындым. Сабақта формативті бағалауды қолдана отырып, оқушылардың өздеріне қай деңгейде келе жатқандықтарын түсінуіне ықпал жасадым.  Қорыта келе, сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың ойын, сыни көзқарасын дамыта отырып, күмәнмен қарауға, ойын дәлелдеуге, сұрақ қоя білуге баулиды. Сыни ойлау арқылы оқушыларым көп өзгеріске түсті деп ойлаймын. Одан әрі мен бұл істі қызыға жалғастыруға бет алдым. Жаңа формация мұғалімі сыни көзқарасы дамыған, өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалай алатын болу керек. Бұл сабақтан күтілетін нәтиже: оқушылар өз бетімен оқуға деген құштарлықтары артады, жауапкершіліктері артады, ынтымақтастық орнайды, сыни тұрғыдан ойлаулары қалыптасады, өзін өзі бағалай алады, сөйлеу тілдері дамиды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. «Оқушы мен оқушы» қарым-қатынасы жүзеге асады. Ең бастысы оқытудың бұл түрінде оқушы өте маңызды рөл атқарады, олар өз құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасай отырып, белсенді түрде білім жинақтайды.  СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ыңғайлы. Бұл технологияны дайдалану және тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады. Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін желілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды.Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті. Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.