Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету (семинар)


Семинар тақырыбы:“Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ” Өткізуші Жакенова Кенжегуль АбдрасилкызыҚарағанды қаласы№12 ЖББОМ оқытушысы Мақсаты: Мұғалімдерге тренингтер арқылы сын тұрғысынан  ойлау  әдістерін қолдануды үйрету Нәтижесі: Сын тұрғысынан ойлау әдістерінің оқу үрдісін дамытуға қажеттігін түсініп , оқу үрдісінде қолдану жолдарын меңгереді . Әдіс- тәсілдері: 1. ДЕ БОНЕНІҢ 6 ОЙЛАУ ҚАЛПАҒЫ 2. ӘДЕБИ ҮЙІРМЕ СТРАТЕГИЯСЫ3. ЕКІ ЖАҚТЫ КҮНДЕЛІК СТРАТЕГИЯСЫ4. РАФТ  СТАРТЕГИЯСЫ5. ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАР Сұрақ-тапсырма 1.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?(постер қорғау)2. СТО  сабақтары мен дәстүрлі сабақтардың қандай айырмашылығы бар? (постер қорғау)3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қандай стартегиялары көркем шығарманы талдауда тиімді нәтиже береді? (постер қорғау)Тапсырманы орындау уақыты: 7 минут Қосымша деректерСын тұрғысынан ойлауды дамыту – бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген: Джинни Стил,Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. Выготский теорияларын басшылыққа алады. СТО  сабақтарында Дәстүрлі сабақтарда Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. Оқушы  бірден жұмысқа кірісіп кетпейді. Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері  басым. Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді. Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әроқушының жауапкершілігі басым. Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.Үш сатысы: 1. Қызығушылықты ояту: оқушының тақырып туралы не білетіні анықталады, белсенділігі артады .2. Мағынаны тани білу: Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі.3. Ой-толғаныс: Оқушылар өз ойларымен ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді. әдістері топтау (ассосация) Джиг Со Әдебиет үйірмесі Ой-толғау кезеңдері 1- қызығушылықты ояту 2 -мағынаны тану 3 -ой-толғаныс Венн диаграммасы Сұрақ-жауап Кубизм Бес жолды өлең Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту Баланың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін оқыту стратегиялары бар. - жаңа ақпаратпен танысады - тақырып бойынша жұмыс істейді - тақырып бойынша тапсырма-лар орындайды Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мәнмәтінді есепке алу бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдержинастыру шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану Сын тұрғысынан ойлауды үйретуде төмендегі шаралар орындалуы шарт:1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану5. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету Сыни ойлауды қалыптастыратын стратегиялар Негізгі ойды суреттеу2. Топтастыру3. Бес жол өлең4. Эссе жазу5. Болжам кестесі6. Галереяға саяхат7. РАФТ стратегиясы8. Блум жүйесі9. ЖИГСО – 1. ЖИГСО - 210. Автор орындығы11. Инсерт12. Венн диаграммасы 13.Кубизм14.Әдебиет үйірмесі15. Қос жазба күнделік16. Авторға сұрақ қою17. Екі жақты күнделік стратегиясы18. Ойлаудың алты қалпағы т.б. Блум таксономиясы (1956) Екі жақты күнделік стратегиясы Мәтіндегі өзіне ұнаған үзінділерге пікір жазады Тиімді жағы: оқушылардың сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. Маған ұнаған үзінді Менің көзқарасым, немесе пікірім РАФТ стратегиясы Бұл стратегияны «кейіпкерге хат»  деп алса да болады. Формасын түрлендіруге  мүмкіндік бар: хат,  хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе  жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. Әдеби үйірме 1.Баяндап беруші2.Зерттеуші3.Сұрақтар құрастырушы4.Сілтемелер табушы5.Бейнелеуші-суретші6.Дәнекер Бастапқы топтамалар: Баяндап беруші: топ мүшелері өздерінің жеке көзқарастарына немесе ойларына сүйене отырып, оқиғаның мазмұнын дайындайды.Зерттеуші: мәтінге байланысты ең маңызды оқиғаны немесе ең басты кейіпкердің мінез-құлқын, жан-жақтама сипаттау және меңгеру.Сұрақтар құрастырушы: негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындау. Сілтемелер табушы: әңгіменің руханилығын ашатын немесе құптайтын сілтемелерді табу. (мәтін ішінде кездескен белгілі бір афоризмдер немесе мақал- мәтелдерді табу) Бейнелеуші-суретші: әңгімедегі негізгі деген кейіпкерлерді немесе оқиғаларды ауызша суреттеу.Дәнекер: мәтінде кездескен негізгі идеяларды және оқиғаларды бүгінгі күнмен ұштастыру Ойлаудың алты қалпағы Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беруҚызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруҚара ( Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....” Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойларКөк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды . 1-топқа Расул Ғамзатовтың “Менің Дағыстаным” әңгімесін “Ойлаудың алты қалпағы ” стратегиясы бойынша талдау 2-топқа Расул Ғамзатовтың “Менің Дағыстаным” әңгімесін “Әдеби үйірме” стратегиясы бойынша талдау 3-топқа Расул Ғамзатовтың “Менің Дағыстаным” әңгімесін негізге ала отырып “РАФТ” стратегиясы бойынша авторға немесе кейіпкерге хат жазу және “Екі жақты күнделік ” стратегиясы бойынша мәтіндегі өздеріне ұнаған үзіндіге пікір жазу Рефлексия. Talk Partners «Талқылаудағы әріптестер» Сабақтың басында өткен сабақта не месе сабақтың аяғында жаңа сабақ бойынша не талқылағандығы туралы анықтау үшін қолданылады.. Серіктеспен талқылаңыз:Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:Не оңай болды?Не қиын болды?Сіз болашақта білгіңіз/ үйренгіңіз келетін нәрсе . Back to AFL Tools Семинар тақырыбы: “Сын тұрғысынан ойлауға үйрету”Өткізуші К.А.Жакенова