Коучинг сессия жоспары «Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йтеру» модуліні? ?діс-т?сілдерін практикада ?олдана білуге ?йрету
Коучинг сессия жоспары
Тақырып «Сын тұрғысынан ойлауға үйтеру» модулінің әдіс-тәсілдерін практикада қолдана білуге үйрету
Жалпы мақсаты «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің мақсаттарымен , әр түрлі әдіс-тәсілдерімен, негізгі түсініктерімен таныстыру және оларды практикада қолдануға бағыттау
Күтілетін нәтиже «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің әр түрлі әдіс-тәсілдері туралы біледі, оларды оқу процесінде мақсатты түрде қолданады.
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Тренингтік әдіс-тәсілдер. Коуч-мұғалімнің жұмыс кітабы
Ресурстар Ақ парақ, стикер, маркер, видеожазба, таныстырылым
Коучингтің өту барысы
Кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Амандасу 2 мин Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын ашады
Психологиялық ахуал орнату 3мин Қатысушылар арасында сенімділік орнату үшін тренинг өткізіледі. Әр қатысушы мұғалім стикерге жақсы тілек жазады, әр топтан 2-3 адам тілектерін оқып, көңіл - күй атмосферасын орнықтырады.
Топқа бөлу 2мин Мұңалімдер әрқайсысының алған стикерлерінің түстеріне қарай топтарға бөлінеді.
Алтын ереже 4 мин Әр топ А4 бетіне өз топ ережелерін жасайды және топ көшбасшысын сайлайды.Соңынан коучингтің ортақ «Алтын ережесі» құрылып, қабылданады.
Таныстырылым 5мин Коуч «СТОү модулінің маңызы» бойынша таныстырылым жасайды. Қатысушылар мұқият қарайды.
Миға шабуыл «Суреттегі жұмбақтар» 4мин Коуч экранға «Суреттегі жұмбақтар» суретін қойып, қатысушы мұғалімдер жұмбақталған бейнелерді және нешеу екенін есептеп табады. Қай топ көп тапқаны есепке алынады.
Ой қозғау
Жеке жұмыс 1
Мәтінді жалғастыру бойынша шығармашылық жұмыс 20мин Экраннан «Боз орамал» бейнебаянын көрсету арқылы қатысушыларға бейне баян үзінділеріндегі әңгіме желісін өз ойымен әрі жалғастырып жазу тапсырмасы беріледі. Соңынан әр топтан біреу ең жақсы жазған әңгіме желісін оқиды.
Сергіту сәті «Әдемі –ай» биі 2мин Қатысушылар «Әдемі –ай» әуеніне бейнеклиптегідей қазақ биінің элементтерін билейді.
Жеке жұмыс 2
Ойлан тап 3 мин Логикалық тапсырма. Қағаздан қаламды көтермей, суреттегі тапсырманы сызу жолын көрсету керек.
Рефлексия 10 мин Постер жасап, қорғау. Әр топ СТОү модулі боынша түйген ойларына постер жасайды. Әр топтан қорғаушы шығып постерлерін қорғайды.
Кері байланыс
«Екі жұлдыз бір тілек» 3 мин Қатысушылар коучинг жайлы пікірлерін білдіріп, болашаққа тілектерін айтады.