«Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету» коучинг сессиясыны? жоспары


«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» коучинг сессиясының жоспары
Тақырып Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сілтеме МАН, үлестірме материалдар
Жалпы мақсаты Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.
Күтілетін нәтиже Сын тұрғысынан ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалану
Түйінді идея Сын тұрғысынан ойлау
Ресурстар Маркер, түрлі-түсті стикерлер, стакандар, түрлі-түсті қасықтар
Коучинг сессиясының өту барысы
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Амандасу 2 мин Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады. Армысыздар, құрметті әріптестер! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Сіздерге әрі маған, өз-өзімізге қошемет көрсетейік.
Сергіту сәті. (жақсы психологиялық ахуал орнату) 3-4 мин «Мен қазақпын»
Топқа бөлу 2 мин Түрлі-түсті қасықтар. Түстерге байланысты ассоциациялар айту.
Ой-шақыру 3 мин Тәсіл «Идеялар, ұғымдар, есімдер...себеті
1.Сын тұрғысынан ойлауды білім беру саласында алғашқы зерттеушілерді бірі?
2.Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
3.Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс.
4. Сын тұрғысынан ойлау сипатталады.
Теориялық материал 2 мин Презентация ( СТО ойлаудың анықтамасы, мақсаты т.б)
Суретті көру 2 мин Хан шатыр. Суретті қарап, тапсырма алады.
Топтық жұмыс 5 мин Тапсырма. Сын тұрғысынан ойлаудың сипаттамасын талдау.
1 топ. Суретке жалпы сипаттама беру, дерек жинау.
2 топ. Суретке байланысты сұрақтар құру және сұрақ қою шеберлігі.
3. Суреттің ерекшелігі, артықшылығы мен кемшілігі, қандай мақсатта пайдаланады.
4. Суретке баға беру, бағалауды критерий бойынша беруге болады.
Рефлексия 3 мин «Smart»-бөліп атлдау. 1топ күшті жақтары, 2 топ әлсіз жақтары, 3 топ мүмкіндігі, 4 топ қауіптілігі.
Рефлексия 2 мин «Дұрыс шешім қабылда»
1.Мен өзім қиындықты жеңе алмадым
2.Менде қиындықтар болған жоқ
3.Мен тек басқаның пікірін тыңдадым
4.Мен идеялар ұсындым