Конспект урока казахской литературы 3 класс


Пәні:әдебиеттік оқу
Мерзімі: 09.12.15.
Сабақтың тақырыбы:Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен.
Білімділігі:Оқушыларға мәтін мазмұнын түсіндіре отырып, қайсар рухты қазақ баласы Қ. Рысқұлбековтың қайсарлығын, елін, жерін сүйген ұлтжандылығын ұғындыру, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету.
Дамытушылығы:Оқушылардың қазақтың батыр ұлдарының ерлігіне қызығушылығын түдыру. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу, оқушының сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
б)Оқушыларды, елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге, түған жерін сүюге, Отан үшін отқа түсетін елжанды, ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, плакаттар
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын сұрау.Үйге: оқулықтан «Ақша қар» өлеңін жаттап, сурет бойынша әңгіме құрастыру.
III Жаңа сабақ.Сөзжұмбақ шешу:
1.Рәміз
2.Қазақтың ханы.
3. Жыл басы.
4. Киелі сан.
5. Бұрынғы астана.
6.Ресей халқы.
7. Алып жануар.
8. Қасиетті ай.
9.Мұз айдыны.
10. Жыртқыш құс.
11. Қазақстан қаласы. Шешуі: «Тәуелсіздік»
Тәуелсіздік сөзіне байланысты сұрақтарға жауап алу:
1. «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2.Рәміздерді ата?3. Елтаңбаның авторы кім?
4. Тудың авторы кім?
2. Оқулықпен жұмыс.
Он алтыншы желтоқсан өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады? Бұл күн қандай мереке?
3.Қайрат Рысқұлбеков –Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.
4. «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінді мұғалімнің оқуы
А)Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Б) Мәтінмен жұмыс:
1.Мәтінде қорқақтық туралы не делінген?Сенің пікірің қандай?
2.Қ. Рысқұлбековасыл міндет деп отырған не деп ойлайсың?
3.Ісіне, сөзіне қарап, Қ. Рысқұлбековті сипаттап айт.

Каһарман Ер жүрек


Қайрат



Батыр Қайсар
5. Ой толғау.
«Тәуелсіздік», «Отан», «Атамекен» сөздеріне қысқаша түсінік беру.
Оқушылар өздері жаттаған Тәуелсіздік , Отан, Қазақстан туралы өлеңдерін айтады.
6.Сабақты қорытындылау:
Балалар бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
Кімдер туралы айттық?
7. Үйге тапсырма: Қ. Рысқұлбеков туралы мәлімет жинастыру.
«Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында қысқаша әңгіме жазу.
8. Оқушылардың білімін бағалау.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Т. Құлыбеков атындағы орта мектеп- шағын орталығы
Мемлекеттік мекемесі
Сабақтың тақырыбы:

Бастауыш сынып мұғалімі: Ашимханова А.А