Саба?ты? та?ырыбы: Фонетикадан ?ткенді ?айталау.
5-сынып. Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.
Мақсаты: білімділік- фонетика бөлімінен өткенді қайталау, оқушылардың білімін бекіту.
Дамытушылық- тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу, ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік- аймақтық компонент үрдісін пайдалана отырып оқушыларды өз елін, жерін сүйіп, халқымыздың тіл байлығын бағалауға тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, ойындар, талдау.
Пән аралық байланыс: ән-күй, тарих.
Сабақтың жабдықтары: оқулық, кәртішкелер, жетон, проектор, компьютер, Өскемен қаласының суреті, ҚР картасы, ШҚО картасы, “Белесті Бесқарағай” фильм-слайд.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Психологиялық сәт
Ал, балалар, бүгін мен сіздермен қазақ тілі сабағын өткізгелі отырмын. Аты- жөнім Жұмағазина Ғазиза Төлеуғалиқызы. Бесқарағай ауданындағы Үлкен Владимировка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімімін. Сабақ басталмас бұрын бір-бірімізге жылы жүзбен күлімдей қарап: “Бәрі де жақсы болады, ісіміз сәтті басталып, сәтті аяқталады” деген сенімге кіріп, білгендеріңді сендер де қаймықпай айтып, сабаққа белсенді қатысуға өздеріңді қайрап отырыңдар.
ІІІ. Сонымен біз бүгін сендермен фонетика тарауы бойынша қайталау сабағын өткіземіз.
Сабақтың мақсаты: (проектормен көрсету)
Алдымен қазақ тіл білімі салаларын есімізге түсіріп алайық
Қазақ тіл білімі
Лексика Фонетика
Грамматика
Синтаксис Морфология
ІV Тестік сұрақтар.
Фонетиканың зерттеу объектісі
а) сөз жиынтығы ә) дыбыс б) сөйлем мүшелері
2. Буын үндестігі деген не?
а) дауыссыздар үндестігі ә) тоғыспалы ықпал б) дауыстылар үндестігі
3. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстардың бөлінуі
а) жуан, жіңішке ә) ашық, қысаң б) еріндік, езулік
4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
а) 42 ә) 37 б) 41
5. Қазақ тіліндегі буын саны
а) 5 ә) 3 б) 6
6. Буынға қате бөлінген сөзді тап
а) құ-мырс-қа ә)жау-ын-гер б) қа-йық
7. Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
а) соңғы ә) ортаңғы б) бірінші
8. Дауыстыдан басталып дауыссызға бітетін буына) тұйық ә) бітеу б) ашық
V Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жаз:
Ашық, қасық, ТМД, қара, бал, кітап, аю, ҚР, Отан
VІ «Сиқырлы көпір». Буындарға байланысты ойын. ( Сөздерді көпір іспеттес жайып тастаймыз. Буын түрлерімен көлден өту қажет.
Ашық: а- на, ба- ла- ны, а- та, ә- же
Тұйық: ат, аз, ақ, ық, ау, ет, ол, іл,
Бітеу: бал, қант, жент, бол, сал, жан, сүрт, құрт.
VІІ Cабақта аймақтық компонентті қолдану. Балалар, қазір мен сендерге мына бір өлеңді оқып беремін, мұқият тыңдап отырайық.
« Туған ел – әнім сен» өлеңі оқылады.
-Өлең Отан, туған ел жайында. Бұл өлеңнің авторы өзіміздің Өскемен қаласында №31 мектепте көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен ән- саз мұғалімі Бақытжан Ахмеджанович Ахмешев. Өлең орысша мәтінде жазылған, әні де осы ұстазымыздікі. Біздің мектептің ән- күй пәнінің мұғалімі Курбатова О.В. іссапармен (тәжірибе алмасу) Өскеменге келгенде осы кісіден жаңағы өлеңді жазып алып, өзінің жұмыс жүргізетін вокалдық тобына үйретіп, мектеп, аудан, облыс сахналарында насихаттай білді. Ольга Викторовна менен осы өлеңге қазақша мәтін жазып беруімді өтінді. Ол кісінің өтінішін орындап жаңа ғана мен оқып берген өлең өмірге келді.
Қазір, балалар, біз осы өлеңді «Звездочка» вокалды тобының орындауында тыңдаймыз.(вокалды топтың суреті, ән орындалады)
VІІ - Балалар, біздің туған ел, Отанымыз өзіміз өмір сүріп жатқан жеріміз, яғни Қазақстан Республикасы. Қазақстан – тәуелсіз егеменді ел. Орталығымыз Астана қаласы. Ал, біздің кіші Отанымыз Ш.Қ.О. Ш.Қ.О. орманға бай, қасиетті, құнарлы жер. Табиғаты тамаша, жануарлар мен құстар дүниесі алуан- алуан бізің облысымыз малға да, кенге де, астыққа да зәру емес. Осындай киелі топырағымыздан не бір елге еңбегі сіңген белгілі, танымал ақын- жазушылар, композиторлар батырлар шыққан. Мәселен: Оралхан Бөкей, Төлеген Мұхамеджанов, Жолан Дастенов, Махмұт Қайырбаев, Иван Корнев, Нұрлыбек Баймұратов.
Еліміз, туған жеріміз жайында айтып жатқандықтан мен біраз өзім тұратын, туып- өскен, еңбек етіп жатқан Бесқарағай ауданы туралы да біраз тоқтала кетейін.
Бесқарағай – жасыл желекке бөленген, орманды өлке. Топырағы құнарлы. Асан қайғы атамыз баға бергендей нағыз жерұйық. Әр адамның өз туған жері – өзіне жерұйық екені аян ғой. (Бесқарағай туралы фильм- слайд көрсету)
Ал қазір мына сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін ажыратайық:
О-рал-хан, Тө-ле-ген, Өс-ке-мен, Тар-ба-ға-тай, Мах-мет, Бес-қа-ра-ғай.
VIII Келесі орындайтын тапсырмамыз «Адасқан атаулар» деп аталады. Адасқан әріптердің орнына дұрысын қойып, сол дыбыстарды талдаймыз.
Қолына алып қазықты з/с
Ашқарақ асқа асықты
Көпен қатты ысқырды
Кепсерлерді ұшырды с/т
Атам шапан байырғы
Қойын кейін қайырды а/о
Татып көріп сорпаны
Мұзын салды ол тағы м/т
Жазда ауылда атама
Шөп шабыстым шаңғымен ң/л
Қыста қарап жатам ба –
Қырдан астым шалғымен л/ң
Балық аулай барғанмын мен
Шортан ілдім қармағыммен қ/б
ХІ «Әріп қысқарса»
Қызық болар лезде
Түсіп қалса сөзде әріп
Мағына да сол кезде
Шыға келер өзгеріп.
Палау Қанар Жолақ
Алау Анар Олақ
Лау Нар Лақ
Ау Ар Ақ
У
( Дауыс, тұсақ, самал, әкел, жалаң, жасау)
Оқушылар осы үлгіде мысалдар ойлап, дәптерлеріне жазады.
Х Сабақты бекіту.
Фонетика тарауын қайталай отырып бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақпен аяқтайық.
Заттың атауы
Фонетиканың зерттеу объектісі
Сөздегі бір буынның көтеріңкі айтылуы
Буын түрі
Сөздерді дұрыс бөлу
Фонетикалық ең кіші бөлшек
Буын мен буын, сөз бен сөз арасындағы заңдылық.
С Ө З
Д Ы Б Ы С Е К П І Н
Б І Т Е У
Т А С Ы М А Л
Ф О Н Е М А
Ү Н Д Е С Т І К
Сабақты қорытындылау:
« Әлемді әнмен бөлейік» өлеңін тыңдау.(Авторы Жумагазина Г.Т.)
5 жолдық өлеңмен аяқтау.
Туған ел
2 сын есім
3 етістік
Мағыналы сөйлем
Синоним ( Отан)
Үйге тапсырма беру: «Туған елім-алтын бесігім» (эссе жазу)
Бағалау.