Маманды?ым ма?танышым та?ырыбында?ы семинар — тренинг (9 сынып)


Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі семинар - тренингімізді ерекше өткізгім келіп тұр.
І. Ұйымдастыру.
Тренинг: Қатысушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өзін және болашақ таңдаған мамандығын таныстырады.
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін табамыз деген сенімдемін.
ІІ. Пікір алмасу.
Келесі бөлімімізді бастамас бұрын ел призиденттерінің ел басқармас бұрын қандай маман иесі болғаны жөнінде бейнекөрсетілімге назар аударайық.
Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты. Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың!Осы жолды бастар алдындағы негізгі міндетің мамандық таңдау. Ендеше:
1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің? Мамандық таңдау не үшін керек?
2. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?4. Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?5. Сен таңдаған мамандық қаншалықты сұранысқа ие?6. Сен осы мамандықтың иесі бола тұра жұмыс таба алатындығыңа сенімдісің бе?7. Таңдаған мамандығыңа басқа адамдардың ықпалы бар ма?8. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз?ІІІ. «Қай маман иесі туралы айтылған...» сергіту жаттығуы (жұмбақ шешу).
1. Қармағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (балықшы)
2. Қылқаламы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (суретші)
4. Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (құрылысшы)
5. Бүркіті бар қолында
Кімді айттым ойымда? (саятшы)
6. Табақшасы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (даяршы)
7. Кетпені бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (егінші)
Келесі кезекте Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының биология кафедрасына саяхат жасайық.
І V. Жағдаяттық сұрақтар.
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты.Не істер едіңіз?
Тігінші. Сізге жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Аспазшы. Асханаға келген мейман жасалған тағамға көңілі толмай  қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?
V.Дидактикалық ойын “Танысу”
Ойынның шарты: Кез - келген оқушыға бір мамандықты атап, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.Мысалы: Мұғалім - механик - кондитер т. бҮІ. Жылы жүрек, жақсы тілек
ҮІІ. Қорытынды.
Міне,оқушылар, Ж.Аймауытов атамыздың мамандықтың жаманы жоқ,дұрыс маман болып қалыптасу үшін зор шеберліктің қажет ететіндігі жайында сол заманда айтқан пікірі қазіргі біздің заманымыздың дәлелі. Бұған себеп жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол» атты жолдауында “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолдарыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді” деп атап көрсеткен болатын.
Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау.Сондықтан болашаққа үлкен үмітпен қарап, алдағы уақытта жақсы маман иесі болыңыздар деген тілекпен бүгінгі сабағымызды «» әнімен аяқтаймыз.