Презентация самопознаний на тему Отбасым-ба?ытым,байлы?ым
Кулагино орта мектебі7-сынып
«Отбасым-бақытым, байлығым»(ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг )
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата –анамен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ата –анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата- ана үштігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым –қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.Мақсаты:
Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең".Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі". Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
Танысу тренингі (3 минут)Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз баламыздың қасиетін айтып, есімдерінің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді қоса айтып танысамыз.Мысалы: Мен жайдары Жанардың анасы ГүлнармынТопқа бөлу. Ата-аналар мен балалар өздеріне ұнаған түстерді таңдап, сол түс бойынша топ құрады. 1 - топ. «Көк түс». 2- топ. «Жасыл». 3 - топ. «Қызыл». Топтың атын қорғау. Көк түс – аспан әлемі. Жасыл түс – жалындаған жастықтың белгісі. Қызыл түс – алаулаған оттың белгісі.)
Сурет салу байқауы
Бейнетаспа(Тапсырма: Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?Әр топ отбасы ережесін плакатқа жазады.Отбасындағы жарасым бір-бірін сыйлатып, түсінетін, бір-біріне қамқор болу үлкендерге де, кішілерге де байланысты екен. Ендеше осы жарасымды күшейтетін Отбасы ережесін құру керек . Отбасының берік болуы сыйластық, сүйіспеншілік, кешірімді болу, сенімділік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерге байланысты. Отбасының берік болуы дүниеге нәрестенің келуі. Әрбір ата - ана өзінің болашағы, отбасының жалғасы өмірге ұрпақтың келуін асыға күтеді.
Сергіту сәті. «Менің отбасым ең...» (ең мейірімді, тату, спортшы, өнерлі, т.с.с) кез келген адамға доп лақтыру, алған адам өз отбасы туралы айтады. «Бейбітшілік үйі» Отбасындағы жарасым үшін мына құндылықтар мен ұғымдардың қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыздар: «махаббат», «мейірімділік», «тәкәпарлық», «достық», «қастық», «менмендікі», «әдемілік», «мақтаншақтық», «ақыл», «нәзіктік», «еркелік», «ашушаңдық», «достық», «татулық» ішінде өздеріңізге ұнағандарын таңдап «Бейбітшілік үйіне» орналастырыңыздар
Энерджайзер Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін. (оқушыларға)Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңыздар.. (3 минут)Ата-аналарға«Аялы алақан» энерджайзерін өткіземін.Аялы алақанға ұл-қыздары туралы жақсы сөздер жазу.Балаларыңызға жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар!
Тілек ағашы«Тренингтен алған әсерім»Қорытындылау. (5 минут)Құрметті қонақтар, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, мына «Тілек ағашына» ілулеріңізді сұраймын.Өз тілектерін оқып, ағашқа іледі.
ҚорытындылауҚорытынды.Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, отбасының ар – намысын сақтауға, сырын шашпауға, бір - біріне адалдыққа тәрбиелеген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп отбасы құндылығын атап көрсеткенболатын.олай болса отбасы бақыты-отбасының ынтымақ,бірлікте болуы. Әр шаңыраққа тыныштық пен татулық,бақыт орнасын,-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп отбасы құндылығын атап көрсеткенболатын.олай болса отбасы бақыты-отбасының ынтымақ,бірлікте болуы. Әр шаңыраққа тыныштық пен татулық,бақыт орнасын,-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп отбасы құндылығын атап көрсеткенболатын.олай болса отбасы бақыты-отбасының ынтымақ,бірлікте болуы. Әр шаңыраққа тыныштық пен татулық,бақыт орнасын,-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп отбасы құндылығын атап көрсеткенболатын.олай болса отбасы бақыты-отбасының ынтымақ,бірлікте болуы. Әр шаңыраққа тыныштық пен татулық,бақыт орнасын,-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.назарбаев
Баршаңызға рахмет!
Берік отбасы-бала бақыты