Документ по самопознаний на тему Отбасым-ба?ытым,байлы?ым


«Отбасым-бақытым, байлығым»
Мақсаты: Отбасы – тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, өте
жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігіндәлелдеу, пікірлесу.
Қажетті құрал - жабдықтар: маркер, плакат, магнит тақталар, интерактивті тақта.
Бейнетаспа (отбасы туралы)
Бейнетаспаны көре отырып ойымызға не келді?
Бүгінгі тәрбие сағатымыз қандай тақырыпты қозғамақ?
І. Сәлемдесу. Тренингтің тақырыбымен таныстыру.
2.Кіріспе сөз
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі.
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата- ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
3.Ата-ана туралы нақыл сөздер
1 оқушы:
Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 оқушы:
Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".
3 оқушы:
Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең".
4 оқушы:
Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер".
5 оқушы:
Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
6 оқушы:
Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
7 оқушы:
Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
8 оқушы:
Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".
Хор « Ана туралы жыр»( сынып оқушылары)
9 оқушы:
- Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
10 оқушы:
- Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.
4. Танысу тренингі (3 минут)
Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз баламыздың қасиетін айтып, есімдерінің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді қоса айтып танысамыз.
Мысалы: Мен жайдары Жанардың анасы Гүлнармын
Топқа бөлу. Ата-аналар мен балалар өздеріне ұнаған түстерді таңдап, сол түс бойынша топ құрады.
1 - топ. «Көк түс».
2- топ. «Жасыл».
3 - топ. «Қызыл».
Топтың атын қорғау.
Көк түс – аспан әлемі.
Жасыл түс – жалындаған жастықтың белгісі.
Қызыл түс – алаулаған оттың белгісі.
5.Бейнетаспа(
Тапсырма: Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?
Әр топ отбасы ережесін плакатқа жазады.
Отбасындағы жарасым бір-бірін сыйлатып, түсінетін, бір-біріне қамқор болу үлкендерге де, кішілерге де байланысты екен. Ендеше осы жарасымды күшейтетін Отбасы ережесін құру керек .
Отбасының берік болуы сыйластық, сүйіспеншілік, кешірімді болу, сенімділік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерге байланысты. Отбасының берік болуы дүниеге нәрестенің келуі. Әрбір ата - ана өзінің болашағы, отбасының жалғасы өмірге ұрпақтың келуін асыға күтеді.
М. Мақатаев
Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың
Естисің бе есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай мойнымызға келіп асылып еркелеп жүрген бүгінгі бала – ертеңгі ата – ана өмірінің жалғасы. Олай болса мына бейнетаспаға назар аударайық.
6.(бейнетаспа)
Осы бейнетаспа туралы ой-пікірлеріңізді тыңдасақ.
Балаңыздың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие беруіңіз керек. (5 минут)
Адамның ең басты шаттығы болып саналатын – бала.
Әр бала бір жұлдыз.
Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін – сіздерсіздер!
7. Сергіту сәті. «Менің отбасым ең...» (ең мейірімді, тату, спортшы, өнерлі, т.с.с) кез келген адамға доп лақтыру, алған адам өз отбасы туралы айтады.
8. «Бейбітшілік үйі»
Отбасындағы жарасым үшін мына құндылықтар мен ұғымдардың қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыздар: «махаббат», «мейірімділік», «тәкәпарлық», «достық», «қастық», «менмендікі», «әдемілік», «мақтаншақтық», «ақыл», «нәзіктік», «еркелік», «ашушаңдық», «достық», «татулық» ішінде өздеріңізге ұнағандарын таңдап «Бейбітшілік үйіне» орналастырыңыздар
9.. Энерджайзер. Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз.
Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін. (оқушыларға)
Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңыздар.. (3 минут)
Ата-аналарға«Аялы алақан» энерджайзерін өткіземін.
Аялы алақанға ұл-қыздары туралы жақсы сөздер жазу.
Балаларыңызға жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар!
10. «Тренингтен алған әсерім»
Қорытындылау. (5 минут)
Құрметті қонақтар, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, мына «Тілек ағашына» ілулеріңізді сұраймын.
Өз тілектерін оқып, ағашқа іледі.
Қорытынды.
Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, отбасының ар – намысын сақтауға, сырын шашпауға, бір - біріне адалдыққа тәрбиелеген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп отбасы құндылығын атап көрсеткенболатын.олай болса отбасы бақыты-отбасының ынтымақ,бірлікте болуы. Әр шаңыраққа тыныштық пен татулық,бақыт орнасын,-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.