Тіл дамыту Мені? с?йікті ?й жануарым


Ортаңғы топ балаларына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Қатынас».
Білім бөлімі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Менің сүйікті үй жануарым».
Мақсаты:
1) Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.
2) Дамытушылық:Үй жануарларына байланысты тақпақ,мақал-мәтелдерді қайталай отырып,сұрақ-жауап арқылы,тіл байлығын дамыту.Балаларды өз пікірлерін айта білуге үйрету.
3)Тәрбиелік мәні:Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік:Үй жануарларының суреттері,жайлаудың суреті,макет.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,аралас ойын.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері Балалардың іс-әрекеті
I кезең-
Мотивациялық-
қозғаушы Орнымыздан тұрып шаттық шеңберін
жасайық.
Қане,қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға,
Шапалақ-та,шапалақ.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ауа-райы қандай?
-Неше жыл мезгілі бар?
-Қыста неше ай бар?
Балалар шаттық шеңберін қимылмен орындайды.
Балалар қызығушылықтарын білдіреді.
Қыс
Суық,аяз,боран
Төрт
Үш желтоқсан,қаңтар,ақпан.
IIкезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр,шешуін табасыңдар ма?
Басында екі таяғы бар.
Адам деуге болмайды сақалы тағы бар.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.Ол не?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Жарайсыңдар! ендеше біз сендермен осы үй жануарлары
туралы әңгімелейміз.

«Суреттегі бейнені әңгімелейміз»
Балалар үй жануарларына нелер жатады?
Үй жануарлары қайда болады?
Оларды кімдер бағады?
Олар немен қоректенеді?
Олардың бізге берер пайдасы қандай?
Жарайсыңдар!
Ендеше балалар менімен бірге саяхатқа ауылға барасыңдар ма?
Ауылдағы үй жануарлардың қалай тіршілік ететінің көріп келеміз.
Олай болса балалар біздің баратын ауылымыз алыс немен барсақ екен?
Жақсы пойызбен барайық менің сонымнан ілесіңдер Пуп-тс,пуп-тс
Ауылға да келіп жеттік.
Балалар қараңдаршы қазір бізде қыс мезгілі ғой сондықтан ауылдағы адамдар жануарларын қорада бағып күтуде оларға жем,шөп суларын береді.Қораның ішін тазартып тұрады.
Ал балалар айтыңдаршы қыстан кейін қандай жыл мезгілі келеді?
Көктемде күн жылынады одан кейін жаз келеді күн ысиды малдар жайлауға жайылымға шығады мына көрініске қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?Көрдіңдер ме?балалар адамдар малдарға үнемі қамқорлық жасайды ендеше біз де қамқорлық жасайық жем,шөп дайындап берейік алдымен
бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті: Иә
(ешкі)
(түйе)
(қой)

Сиыр, жылқы,қой,ешкі,түйе
Ауылда
Адамдар
Шөп,жем және су ішеді.
Ит сүйек кеміреді.
Сиыр сүт береді.
Жылқыны жегіп шаруашылыққа пайдаланады оның да етін жейміз,қымызын ішеміз.
Қойдың жүнінен киім тігеді
Үй жануарын жақсы көремін.Үй жануарын адам бағады.
Балалар өз пікірлерімен бөліседі.
Пойызбен,машинамен
Көктем
Балалар мұқият тыңдайды
Жайлаудағы малдарды
Сергіту сәтін қимылмен орындайды
III кезең-
Рефлексивті- түзеуші Балалар біз не жайлы әңгімеледік?
Оларға кімдер қамқорлық жасайды екен?
Енді бізде үй жануарларына қамқорлық жасй аламыз солай ма? Үй жануарлар
Адамдар
Иә
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Сурет бойынша әңгіме құрай білу.
Болу: үй жануарларды, төлдерін атын атап, оларды шақыра білу.
Қолдану: сөзден сөйлем құрау арқылы,ойлай қабілеттерін дамыту.
-247651333400
1893570174625004572023749000



710374520212050073323453621405007103745202120500
744664523329900071037452021205007103745202120500710374520212050071037452021205007103745202120500
2800355749290001314459334500
2508885135255005046345476440500
73323453621405007446645510730500
280035574929000
280035574929000
2314575215900001276356604000




7332345362140500
Рудный қаласының әкімдігі «№19орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі :Тіл дамыту
Тақырыбы: «Менің сүйікті үй жануарым»
Шағын орталық «Гүлдер» тобы
Тәрбиешісі: Айткужина А.Б
2014-2015 оқу жылы
Рудный қаласының әкімдігі «№19орта мектебі» КММ
Мастер- класс

Тақырыбы: «Ойын элементтерін қарапайым
математикада іс-әрекетінде қолдану»
Шағын орталық «Гүлдер» тобы
Тәрбиешісі: Айткужина А.Б
2014-2015 оқу жылы