Т?рбие са?аты Мен,мені? отбасым (9сынып)


Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты:Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орынын және жанұядағы әкенің рөлінің маңызды екендігін көрсете отырып, мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.
Әдісі: сайыс
Көрнекілігі: №1 слайд «Отбасыларды таныстыру»
№2 слайд «Отбасындағы менің міндеттерім»
№3 слайд «Мен ата-анаммен біргемін»
№4 слайд «Біздің үйдің жақсы дәстүрлері»
№5 слайд «Оқушылар шығармашылығы»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар Біз бүгін керемет бір
ғажайып әлемге саяхатқа шығамыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін?
Қане,ойланып көрейік. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет
Ол мемлекеттің аты : «Отбасы» Сіздер бүгін «Мен және менің
отбасым» атты пікіралысу кешіне қош келдіңіздер
Кіріспе сөз ( З.Блялова)
№1 слайд «Отбасыларды таныстыру»
Жүргізуші:1. Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып
Қалмаспын деп сендерден
( ортаға Дидар Қуанғалиұлының отбасын шақырамыз)

Жүргізуші: 2. Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шақ ұрып.
Мұрат Сағынұлының отбасын қарсы алайық
Алдарыңа келіп қалған ізетпенен
( ортаға Мұрат Сағынұлының отбасын шақырамыз)
Жүргізуші: 1. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты
Қанат отбасы
Жеңімпаз боп қалмақшы
№2 слайд «Отбасындағы менің міндеттерім»
Жүргізуші :1. Әкең-қазақ,шешең-қазақ,қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар
Оны биік қасиет деп санаған
«Шаңырақтың мықтылығы уығынан »дегендей бір-бір шаңырақтың иелері, балалардың әкесі сіздерге сұрақ:
1.Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты денен не?
2. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай?
3.Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіздер?
4.Бақытты отбасы болудың негізгі шартына нені жатқызар едіңіздер?
5.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
6. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатал тәрбиелеген дұрыс па?
7.Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді, сіз қалай ойлайсыз?
8.Бала көкірегі ояу,жан-жақты дамыған адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін? ( қалған 2 сұрақ көрермендерге , келген ата-аналардыңда пікірін тыңдап көрелік)
№3 слайд «Мен ата-анаммен біргемін»
Жүргізуші: 2. Асқар тауы-сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ-тіреуіші анасы,
Жасыл құрақ-келешегі баласы,
Бірге олар болады мықты отбасы
Олай болса бір-бірімізді жақсы білеміз бе? Отбасының мүшелері әркімнің үлгі етер қасиеттерін айта білуі керек. Ол үшін алдымен «Отбасы»- дегенді қалай түсінеміз?
Ер адамның бойындағы қасиеттер:-------------------------
Әйел-ананың бойындағы қасиеттер:----------------------
Ұлдың бойындағы қасиеттер:------------------------------
Қыздың бойындағы қасиеттер:---------------------------
Жүргізуші:2.------------------------------ әнімен---------------------ортаға шақырамыз.
№4 слайд «Біздің үйдің жақсы дәстүрлері»
Жүргізуші: Қипақтайды қит етсе анаң, әкең
Қайтсем ғана осыны адам етем?
...Үміт пенен күдіктің ортасында,
Ата-ананың жүрегі талады екен
( Әрбір отбасы өздерінің жақсы дәстүрлерін бізге үлгі етеді.)
№5 слайд «Қызықты сұрақтар»
Жүргізуші: Баланы жастан бақпасаң
Жамандықтан қақпасаң-
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек
Бұл бөлімде әр отбасына сұрақтар қойылады отбасы мүшелері тез жауаптарын айту керек
№ 1 отбасы:1) Отбасының басшысы кім?
2).Балаңыздың парталас көршісі кім?
3) Мектеп директорының толық аты-жөні
4) Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
5) Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
№2 отбасы: 1) Барлық отбасы бірдей деп ойлайсыз ба? Себебі?
2) Балаңыз бүгін сабақтан қандай баға алды?
3) Балаңыз 1-ші сыныпқа қай жылы барды?
4) Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
5) Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
№3 отбасы: 1) Бала тәрбиесінде қиналған түстарыңыз болды ма?
2) Балаңыздың туған күні?
3) Балаңыз қандай тақырыпта әңгіме айтқанды ұнатады?
4) Балаңыздың соңғы оқыған немесе оқып жатқан кітабын айта аласыз ба?
5) Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?
№5 слайд «Оқушылар шығармашылығы» ( оқушылардың мектептегі күндерінен үзінді)
Қорытынды : Б.Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім.Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам, дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр,қолына кітап алмайды үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ»,-деп мұңайған екен. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала.Баланы өсіріп тәрбиелеу ата-ананың міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу отбасы мен мектептің үлгі-өнеге жиынтығының жемісі.
Халқымыз «Аталы сөз-баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті «Батаға» береміз
Көңіл қойып тыңдап, өз ойларыңызды білдіріп пікір айтқан ата-аналарға сынып атынан,
Тәрбие басшылары атынан рахмет айтамыз. Көріскенше күн жақсы болсын