Тіл дамыту. Та?ырыбы: Мені? отбасым Саба? жоспары. 
Тіл дамыту
Сабақ жоспары "Менің отбасым"
ШҚО Көкпекті ауданы
Самар ауылы Ж.Б орта мектебі
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Айткенова Н.А
 
Білім беру саласы: ҚАТЫНАС
 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы:Менің отбасым
Мақсаты:1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру
2. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті.
Қостілділік компонент: семья- отбасы
Шаттық шеңбері:  Ынталандыру. Сезімді ояту.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті, міне, бойларың
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.
Ғажайып сәт.(Үйдің макеті жасырынып қойылады, беті жабық)
-         Балалар, мына жасырынып тұрған не? (Балалар әр түрлі жауаптар айтады.)
-         Кәнеки, олай болса ашып  көрейік. Ия, ол үй екен, не үшін керек?
-         Онда адамдар тұрады.
Негізгі бөлім:
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына суретке назар аударайықшы, кімдердің суреті?
-         Ата, әже, әке, ана бала.
-         Отбасы – ең жақын адамдардың ошағы, бір шаңырақ астында жақын тату- тәтті, сыйластықпен, ынтымақпен тұратын  адамдар тобы.
 Отбасы мүшелеріне – ата, әже, әке, ана, бала жатады.
-         Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады.
Бас бармағым- әкем,
Балаң үйрек – апам.
Ортан терек- ағам,
Шылдыр шүмек- мен.
Титтей бөбек– сен
 
Сөздік жұмысын жүргізу
Нағашы ата- анасының әкесі
Нағашы әже- анасының анасы
Немере – ұл- қыздарынан туған бала.
«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.
-         Балалар, менің кім туралы айтып тұрғандарымды ойланып табыңдар.
-         - Ақ сақалды, өте мейірімді, бау- бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
-         - Ата.
-         - Өзі өте мейірімді, ақ шашты, жылы сөзін аямайтын, қолғап, шұлық тоқып беретін кім?
-         - Әже.
-         Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді.
Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастырылады:
Әке- асқар тау,
Ата – етегіндегі бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ.
Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.
Мысалы: ардақты әке, аяулы ана, ақылды бала т.б.
Сергіту сәті:
Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу /
Ағам пішен шабады. /Шөп шаққандай қимыл жасау/
Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/
Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/
Дәптермен жұмыс. 1. Шатасқан жолдар арқылы әженің үйіне баратын жолды бояу.
2. «Кім жоқ?» дидактикалық ойыны
Қорытынды: Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыпты бекіту.
Отбасы деген не?
Отбасы мүшелерін ата.
Балаларды мадақтау.