Іс ?рекеттегі зерттеу Lesson study


Мектебі: №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі
Коуч: Иманбаев Медет Джексенбекович Күні: 16.10.2015жыл
Тақырыбы: «Іс әрекеттегі зерттеу»
№ Сабақтың тақырыбы «Іс әрекеттегі зерттеу»
Мақсаты Lesson Study тәсілімен таныстыру, мектеп бағдарламасына енгізу.
Күтілетін нәтижелер Lesson Study әдістемесі арқылы мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибелерін жақсартады. Осы тәсілді енгізу нәтижесі шын мәнісінде оқушыларға пайдалы болады.
Негізгі идеялары Іс әрекеттегі зерттеу
Көрнекіліктер Слайдттар, маркерлер, стикерлер, конфеттер, тапсырма орындауға арналған парақтар, постерлер...
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыт Коучтың немесе коучингке қатысқан әріптестердің іс-әрекеттері
Сәлемдесу 2 мин Коуч сабақтың тақырыбымен және коучинг мақсатымен таныстырады.
Сергіту.
(Сабаққа дайындау, танысу) 3мин «Ақ параққа - із салмақ» (бір-бірінің дайындығын сезіну)
Топқа бөліну. 2 мин Конфеттер бойынша топқа бөліну.
Ой шақыру. 10 мин «Миға шабуыл» әдісі.
Сұрақтар:
1) Зерттеу туралы не білесіздер?
2) Оқушыларды қалай зерттеуге болады?
3) Не үшін зерттейміз?
Топта талқылау, «негізгі ойларын» стикерлерге жазу. Топ стикерлерді тақтаға жабыстырады.
Теориялық
материалдар 5мин Таныстырылым. Lesson Study тәсілі туралы видео ролик көрсету(шет елдің тәжірибесінен). Нұсқаулық тарату.
Ақпарат беру 5мин Lesson Study тәсілі туралы слайд көрсету.
Топтық жұмыс 10мин Әрбір топқа танысу үшін мәтіндер берілді. Топта талқыланады. Топта бір адам қалады да қалғандары келесі топқа барып мәтінмен танысады. Біріне бірі түсіндіреді.
Сергіту сәті 2мин «Дискотека 80» Мен сияқты биле.
Топтық жұмыс. 15мин Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау ұсынылады. Топтар постер қорғайды.
1.Мұғалімдердің Lesson Study бойынша бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар?
2.Мұғалімдердің Lesson Study бойынша бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер?
3.Мұғалімдердің Lesson Study бойынша бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
Рефлексия
Кері байланыс 5 мин «Бес саусақ» тәсілі
Қатысушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады.
Кері байланыс «Бес саусақ» тәсілі
Қатысушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Кім маған көмек берді?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? 
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам? 
«ҚАРАПАЙЫМ НҰСҚАУЛЫҚ»
Енді бұл тәсілдің қалай іске асатындығын көзімен көріп дәлелдеу үшін зерттеу сабағын жүргізетін топ мүшесі болуға ұсыныс жасадым. Бұдан әрі жоспар бойынша зерттеу сабақтары жүргізілді. Біз үш мұғалім болып 5Ә сыныбын, оның ішінде үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық. А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі жақсы» оқушы Жексенбек Толқын, В деңгейінде «Үлгерімі орташа» оқушы Сәуірбай Диас, С деңгейінде «Үлгерімі төмен» оқушы Жолдыбай Айдос деген оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік.
Осы үш сабақты зерттеуде оқыту мен оқудағы тәсілді «Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар жұптарының арасында диалогті ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану» деп алып, жұмысымызды өрбіттік.
Бірінші сабақ математика пәнінен «Өрнекті ықшамдау.» тақырыбында Наралиева Жанар сабақ өткізді. Үш оқушы үшін оқу нәтижелерін анықтап алып, сабақты өз деңгейінде өткізді. Қалған топтағы мұғалімдер бақылау жүргізіп отырып, сабақтан кейін талдадық. Яғни оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы, диалогтік әдісті пайдалану негізінде сабақтың мақсатына, нәтижесіне жеткендігі аңғарылды. Және де бұл сабақта бағалау критерийлері құрылып, оқушылар бірі-бірі бағалап, нәтижесі, диагностикасы сабақ соңында экранда бейнеленді.
Енді екінші сабақ ағылшын тілі пәні мұғалімі Китжанова Айкияш өткізді. Бұл бірінші сабақта топпен жұмыс жасау тиімділігі, диалогтік оқыту әдісінің тиімділігі анықталып, келесі сабақ жоспарланып іске асты. Әр сабақта 3 баланы үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық. Ол үшінші сабақты тәлім алушы информатика пәні мұғалімі Ажикулова Шолпан өткізді. Яғни бұл тәсіл бойынша өткізілген зерттеу сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде оқулықтағы мәтінмен, тестпен жұмыс жасап, не болғанда да қатарынан қалмауға тырысып бақты. Ал С деңгейіндегі оқушы басқа оқушыдан көшіріп алуға тырысып, бірақ та ойын сабақтарын өткізген кезде, суреттер салу болған кезде қызығушылық танытып, сабаққа аралсақандығын байқадық
Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де іздену жұмыстарын жүргіземіз.


LESSON STUDY БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ
5-6 адамнан тұратын топтарда өзіңіздің кәсіби қызметіңіз тұрғысынан мынадай сұрақтарды талқылаңыз:
Мұғалімдердің Lesson Study бойынша бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар?
Мұғалімдердің Lesson Study бойынша бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер?
Мұғалімдердің Lesson Study бойынша бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
Өз топтарыңызда Lesson Study жөніндегі бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасап, сол бойынша постер қорғаңыздар.
Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу
ЕРЕЖЕСІ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Lesson Study: Нұсқаулық. Алматы, 2014.
«Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы,2014.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана, 2014.
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы. Алматы,2013.
Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. Әдістемелік құрал. Құдайбергенова К.С. Алматы, 2013.
Мектеп жағдайында адами капиталды дамытуды басқару. Алматы,2014.
«Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер кластары» Алматы, 2014.