Презентация для классных руководителей на тему Ата-аналар мен м??алімдерді? ынтыма?тасты?ы
«ХХІ ғасырдағы отбасы тату-тәтті, өнерлі болуы тиіс» Н.Ә.Назарбаев
Сынып жетекшілер семинарыТақырыбы: «Тәрбие жұмысындағыата-аналар мен мұғалімдердің біртұтастығы»7 “ә” сынып жетекшісі: Мухсинова А.М.
Мақсаты:Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығының басты баспалдақтарының бірі – оқу жылында 4-5 рет өткізілетін сыныптық ата-аналар жиналысы болып табылады. Ата-аналар жиналысында АКТ-ны пайдалану:Мұғалімдер ата-аналарға балалары жайында жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді; Ата-аналар балаларының сыныптағы атқарған жұмыстарының куәгері болады; Ата-аналарды тақырыптық және шығармашылық жобаларға белсене қатысып, дайындауға мүмкіндік береді. «АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ - АТА-АНАЛАРДЫҢ МЕКТЕППЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ БАСТЫ БАСПАЛДАҒЫ»
Сыныптық ата-аналар жиналысын даярлау ережелері: 1. Ата-аналар жиналысының тақырыбы ата-аналар үшін өзекті болуы тиіс. 2. Ата-аналар жиналысы ата-аналарға қолайды уақытта өткізілуі тиіс. 3. Ата-аналар жиналысын өткізу жоспары ата-аналарға белгілі болуы тиіс. 4. Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасы сыпайы әрі сенімді болуы тиіс. 5. Сынып жетекшісі балаларға ат қойып, айдар тақпауы тиіс. 6. Ата-аналар жиналысы педагогикалық жағынан пайдалы және жақсы даярланған болуы тиіс.
І. Танысу.Адам есімінің түстері.Семинар - тренинг
Мақсаты: Адамның есімі маңызды екенін сезіндіру, өздерінің және басқа адамдардың есіміне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау, әрбір адамды дұрыс сезініп, оны тек жақсы жағынан көруге және қабылдауға, алған әсерін ашық айтуға шақыру. Қиялды, шығармашылық қабілетін дамыту.Мына жүрекше қағаздарға өздеріңіздің ұнататын түстеріңіз бен есімдеріңізді жазыңыздар. Әр түске қарап сіздің қандай қасиет, қабілеттеріңіз бар екенін айтып береміз.
Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.Сары түс – көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.
Жасыл түс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.Қара түс – ақ көңіл, шыншыл.Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.
ІІ. Педагогикалық ойын- Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз айтасызМақтауҰрсу
- Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.- Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.Түйін сөз:
ІІІ. «Сіз қандай ата-анасыз?»(шағын тест)Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:
1. Саған қанша рет қайталап айтамын? (2-ұпай)2. Маған ақылыңды айта қойшы. (1-ұпай)3. Мен сенсіз не істер едім? (1-ұпай)4. Сонша кімге тартқансың? (2-ұпай)5. Сенің достарың қандай тамаша! (1-ұпай) 6. Туу, ұқсағансың.... (2-ұпай)7. Мен сендей кезімде... (2-ұпай)8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой. (1-ұпай)9. Сенің достарың өзі қандай адамдар? (2-ұпай) 10. Сен тегі не ойлап жүрсің? (2-ұпай)11. Сен менің ақылшымсың. (1-ұпай)12. Ұлым, қызым! Сен қалай ойлайсың? (1-ұпай)13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен... (2-ұпай)14. Сен қандай ойлап тапқышсың?! (1-ұпай)
7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды.9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен, сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.11-14 ұпай: Сіздің балаңызбек қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның ашулануына, балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
IV. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі«Біреулер құдайдан бала тілейді». Баланы не үшін өмірге әкеледі? (ата-ана ойы)— Өлсем орнымды бассын, — дейді.— Артымнан құран оқысын, — дейді— Қартайғанда асырасын, — дейді.
Баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?
Ата-анаоқушымұғалім
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
НазарларыңызғаРахмет!