«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау ?дістерін т?жірибеде ?олдану» та?ырыбы бойынша ?ткізілген коучинг жоспары


«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдістерін тәжірибеде қолдану»
тақырыбы бойынша өткізілген коучинг жоспары
I деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Сугирбаева.А.Т.
Сабақ тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдістерін тәжірибеде қолдану
Жалпы мақсаты: Бағалау мақсатын және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдануға болатынын зерделеу
Оқу нәтижесі: Балалардың  табысты оқуы үшін  пәнге деген қызығушылығын оятады,  оқушылардың  сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді. Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды.
Түйінді идеялар: Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау;
Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушыны емес, оқушының жұмысын критерий арқылы бағалау;
Жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып,  оқу сапасын  арттыру;
Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.
Оқыту әдістері: ОүБ және оқуды бағалау
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар: Жапсырмалау арқылы бейнелеу, критерийалды бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеттері
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
(3 мин) Ойын: «Ұйқасын тап»
1.СТО технологиясын негізге ала отырып, ұлы Абай атамыздың өлең жолдарының ұйқасын таба білу.
2. Өлең шумақтарының сәйкестігіне қарай топқа бөлінуді ұсынады
Коуч бұл ойынның қандай мақсатқа негізделгенін айтады.
Өлең шумақтары жазылған парақшалар суырады.
Өлең жолдарын кезекпен кезек айта отырып ұйқасын тауып, өз топтарын құрады.
Топтың «Алтын ережесін» құру
Біреу сөйлеп жатқанда, сөзін бөлме. Өз кезегіңді күт.
Адамды емес, олардың айтқан идеясын сына.
Кез-келген пікір құнды.
Көбіне өте үздік идеялар пікірсайыста туындайды.
Әркімнің өз көзқарасын, пікірін айтуға құқығы бар, сондықтан көп сөйлеп уақытты алма. 1-топ «Жаз» өлеңі
2-топ «Күз» өлеңі
3-топ «Қыс» өлеңі
Ой шақыру
(5 мин)
Мұғалімнің бағалаудағы рөлі, бағалау критерийі туралы ұғымын кеңейту.
(15 мин)
Оқу үрдісінде бағалау керек пе?
Сіз сабақта нені бағалайсыз?
Бағалаудың қандай түрін қолданасыз?
Ойлан - Жұптас - Бөліс стратегиясы
Әр топқа қанқыз, ара, көбелек суреттерін салуды тапсырамын.
Бірінші өзін бағалайды, сосын топпен бағалау керек.Критерий бойынша бағалау
Әр мұғалім сыни тұрғыда ой қозғайды.
Әр топ өз суретін бағалауда критерий құрастырады.Постер қорғайды.
Сергіту сәті
(3 мин)
Абай атаның «Көзімнің қарасы» әні
Әнді хормен айтып,
бойларын сергітеді
Қорытындылау
(10 мин)
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» деген не? Сұрағы арқылы түсініктерін флипчартқа жазуды тапсыру
Топта бірлесе отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша түсінгендерін флипчартқа жазады және қорғайды.
Ақпарлама
(5 мин) «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет
беру. Таныстырылымды тыңдайды
Кері байланыс
«Алақан»
тәсілі
(6 мин) Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Алақан»
тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын.
Бас бармақ Не ұнады?
Балан үйрек Жаңа не білдім?
Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?
Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?
Кішкентай бөбек Не білгім келеді?
Бүгінгі коучинг сессия бойынша ойын түйіндейді.