О?ушыларды ?БТ-?а дайындауда кездесетін кедергілер мен одан шы?уды? жолдары мектеп м??алімдеріне ?ткізілген коучинг


Коучинг тақырыбы Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кездесетін кедергілер мен одан шығудың жолдары.
Мақсаты ҰБТ-ға дайындаудың түрлі әдіс-тәсілдерін мысалға ала отырып, басқа да мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу.
Қатысушылар №43 ЖОББМ ҰБТ әзірлеп жүрген , негізгі пән мұғалімдері
Сілтеме www.ustaz.kz, http://sabagtar.kzКүтілетін нәтиже Мұғалімдер оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кездесетін кедергілерді, қиыншылықтарды жеңудің жолдарын бірлесіп іздейді, кедергіден шығудың жолы әрқашанда бар екеніндігін түсінеді.
Түйінді идеяларМұғалімдердің бір-бірімен бірлескен топтық жұмысының нәтижесінде ҰБТ-ға дайындаудың әдіс- тәсілдерінің негізінде модель құру.
РесурстарМұғалімдерге арналған нұсқаулық, апта ресурстары.
ТаныстырылымдарҚатысушылар таныстырылым арқылы мұғалімдердің тестке дайындау барысындағы атқарған жүйелі жұмыстарымен танысып, нәтижесін көреді.
Сабақ барысында коуч пен қатысушылардың іс-әрекеттері
Жұмыс кезеңі Коучтың іс-әрекеті Қатысушы мұғалімнің іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту:
1).Психологиялық ахуал туғызу
Мақсаты:
Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып белсенділігін арттыру Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін коуч қатысушыларды шеңбер құрап тұрғызады. Сағат тілімен бір-біріне
« аттарын атап, сен маған ... есіме түсіресің,себебі ...» өсімдік, жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары т.б. қолданады.
Мұғалімдер сәлемдеседі, танысады, өзара жылы лебіздерін білдіреді
2).Топқа бөлу
Мақсаты:
ынтымақтасқан орта қалыптастырып, топтық жұмысқа жұмылдыру. Математкалық фигуралар арқылы топқа бөлеміз. Өздерінің таңдаулары бойынша топқа бөлінеді.
Ой қозғау:
Таныстырылым көрсету.
Мақсаты: Бүгінгі тақырыпқа жаппай жұмылдыру үшін ой түрткі жасау. «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кездесетін кедергілер мен одан шығудың жолдары» атты таныстырылым көрсету. Қатысушылар таныстырылым арқылы мұғалімнің тестке дайындау барысындағы атқарған жүйелі жұмыстарымен танысып, нәтижесін көреді.
Сергіту сәті Мағынаны тану:
Топтық жұмыс
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кездесетін кедергілер мен одан шығудың жолдарын іздестіріп ұсыну.
Әдісі: Топтық зерттеу,
пікір алмасу,сұрақ-жауап. Сіздердің алдарыңызда баланы ҰБТ-ға дайындау деген үлкен міндет тұр. Оны жүзеге асыру жолында сіздер қандай-да бір кедергілерге кездесіп жатасыздар, сонда да ол тығырықтан жыл сайын шығып, оқушыларыңыз ҰБТ-дан жоғары жетістіктергі жетіп отыр, өз міндеттеріңізді толық орындаудасыздар. Сол жұмыстарыңыз бен тәжірибелеріңізді өз әріптестеріңізбен бөлісіп, постерге түсірулеріңізді сұраймын. Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіреміз. Өздеріне берілген тапсырманы топта талқылап, шешім қабылдап, постерге түсіріп қорғайды.
Бағалау: Топтардың бірін-бірі «қол шапалақтау» арқылы бағалауы.
«Жылы шам» тренингіМай шамының жылуында бір-бірімізге ҰБТ нәтижесіне қатысты жылы лебіздерімізді білдірейік. Қатысушылар бір-біріне тілектері мен лебіздерін білдіреді.
Рефлексия :Кері байланыс сұрақтары:
Коучингтан алған әсеріңіз?
ҰБТ дайындауда қандай өзгеріс енгізбекшісіз?
Кедергілерді жоюға қосар ойыңыз?
Шағын эссе жазыңыз .
5 мин Әр мұғалім бүгінгі сабақтан не білгенін,
алған әсерлерін жазады.
Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір тілек! Бағалау:
«Екі жұлдыз, бір тілек».