Абылай хан ?дебиеттік о?удан ашы?с саба?


Сабақтың тақырыбы: АбылайханСабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың жоңғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосып күш біріктірген Абылай хан туралы білетіндерін, жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру. 2. Абылай ханның батырлығымен қоса ел басқару ісіне шеберлігін дәріптеу арқылы, оқушылардың ақыл –ойын,сана-сезімін танымдық қабілетін дамыту.3.Өз елін,жерін сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Көрнекілігі: слайдтар, интербелсенді тақта.Әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,Миға шабуыл,Венн диаграммасы,топтастыру.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру 
Психологиялық дайындықҚазақ тілінде. Қуанамын мен де,Қуанасың сен де,Қуанайық достарым,Арайлап атқан күнге.Орыс тілінде. Здравствуй, солнце золотоеЗдравствуй, небо голубоеЗдравствуй, друг мой дорогойЯ так рада встрече с тобой.Ағылшын тілінде. Good morning the Golden Sun,Good morning the blue skyGood morning  my dear friendsI’m very glad to see.
Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу.-Балалар, мына суреттерде кімдерді көріп отырсыңдар?- Олар қай соғыстың батырлары?Олай болса бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан үш топқа бөлінеміз. Әр топтың атын батырлардың аттарымен атаймыз.І топ.Қабанбай батырІІ топ. Бөгенбай батырІІІ топ. Наурызбай батыр- Ал, енді барлығымыз осы батырларға ұқсап «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» сабағымызды бастайық. Үй тапсырмасын сұрау: І топ. Мұхтар Әуезов туралы әңгімелеу.ІІ топ. Абай Құнанбаев туралы әңгімелеу. ІІІ топ. Жолда (Абай жолы романынан үзінді)әңгімелеу.Қосымша тапсырмалар .1.Абайдың әкесі Құнанбайға сипатама жасау.
2.Әңгімеге сүйеніп Абайға мінездеме беру.Қызығушылықты ояту.Көшпенділер фильмінен бейнекөріністен үзінді көрсету (3 мин).Балалар,бейнекөріністе кімнің аты аталды?
Бейнекөрініс не туралы ?ІІІ. Жаңа сабақ.
Олай болса ,бүгін біз қазақ халқының әйгілі ханы, батыл қолбасшы,Шыңғысханның тікелей ұрпағы –Абылай хан туралы мәтінмен оқып танысамыз. Ал, мәтіннің авторы –қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы Шоқан(Мұхамедқанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов. 
Білемің Білдім Білгім келеді
Шоқан Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі.Ол 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бектінде аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.Кішкентайынан ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды.1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқып жүргенде саяхатшы болуды армандайды. Шоқан Уәлиханов әртүрлі ғылым саласын меңгерген,энциклопедист ғалым болды.Оның әртүрлі салаларда құнды-құнды еңбектері көп.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді оқу,түсіндіру.Абылай (өз аты Әбілмансұр,1711-1781жж.) – Орта жүз ханы Абылай 15 жасында қазақтың жоңғарларға қарсы соғысына қатысып, асқан ерлік көрсетеді. Сонан соң Әбілмәмбет ханмен бірлесіп елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін Абылай хан сайланады. XVIII ғасырдың орта шенінде Жоңғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде Абылай зор еңбек атқарады. Өмірінің соңғы жылдарын Түркістанда өткізіп, 1781 жылы дүние салды. Денесі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді.Іштей оқыту, тізбектей оқыту.XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлар мен башқұрттар шабуыл жасаған кезде қазақ халқының жағдайы қандай болды?
Олардың мақсаты не болды?
Сол заманда кімнің аты шыға бастады?
Абылайды хан сайлау сәтінің куәсі болған болған бір орыс жиһанкезі не деді? 
Сергіту.Сөздік жұмыс. Тауқымет –ауыртпалық,бейнет азап.Қонтайшы – жоңғар ханы.Ақ киізге көтеру–қазақтар хан сайлаған кезде оны халық ақ киізге көтеріп, сонан кейін ғана таққа отырғызатын.Тәңірі – Құдай, Алла Тағала.Тәбәрік – естелік үшін қасиет деп берілетін дүние, мүлік.Дәрмені – қуаты, күші.
Топтастыру.Бұрын халықты кім басқараған?Қазіргі кезде халықты кім басқарады?халық бұйрық уәзірлер халық бұйрық министрлерсайлайды береді сайлайды береді болыстар сұлтандар билер депутаттар облыс ауыләкімдері әкімдеріЕндеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға болып, осы жылы Тәуелсіздікке 24 жыл мерейтойын атап өтудеміз. Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды
«Тапқыр болсаң, тауып көр»ойыныI топ. Абылайды Төле би кім деп атады? Оның Абылай атануының себебі неде? Абылайдың шын аты кім? II топ. Абылай шалқасынан түсіп ұйықтап жатқанда қасындағы жолдастарына Төле би не деп сұрақ берді? III топ. Абылайға жоңғарларға қарсы жекпе-жекке шыққанда кім рұқсат берді және ол кісі тағы не берді? 
IV. Білімдерін бекіту.1-2. Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады? 3. Халық неден қатты қиналды? 4. 1730 ж. Шабуыл жасаған жоңғар қонтайшысы кім?5. Абылайдың денесі қайда жерленді?6. Абылай өсиетінде кіммен  байланысты үзбеу керек деді?Қорытынды.Үйге тапсырма. Қардың жас түлегіБағалау.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Абылайхан
Бейсенова Адия Кумаровна2016 – 2017 оқу жылы