О?у к?ні Білгенні? пайдасы
«Теміртау қаласының №9 мектеп - лицейі» КММ
Оқу күні жоспары
«Білгеннің пайдасы»
Қазақ ақын – жазушыларының
балаларға арналған шығармалары
«Шебер мен бала»
Мәди Айымбетов
Орындаған: Байболова М.Т.
Тексерген : Хиса Ж.
Оқу күні
Оқылатын шығарма: «Шебер мен бала» Мәди Айымбетов
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
Міндеттері:
Оқуға үйрету,шығарманы талдауға,тыңдауға үйрету.
Топта жұмыс жасай білу,өз ойын ортаға салуына үйрету.
Қазақ халқының тарихи , әдеби құндылықтарына деген қызығушылықтары оянады.
Көрнекіліктері: кітаптар көрмесі,маркер,фломастер,қағаз,қаламдар.
Өткізілетін күні: 13.12.2014ж.
Қатысушылар: 5ә сынып оқушылары
Қызығушылықты ояту сатысында:
1.Оқушыларды топқа бөлу: 3 топ «Молекулалар қозғалысы»
2.Сұрақтар:
Мына суреттер көрмесі не үшін жасалған?
Бүгінгі күн қалай аталады?
Бүгін не істейміз?
Қандай шығарма оқимыз?
Сіздер қазақ ақын – жазушыларының балаларға арналған шығармалары
туралы не білесіңдер?
Не білесіздер? Не білгілерің келеді?
Түсіндіру.Тәртіп ережелерін шығарып алу.
тыныштық сақтау;
берілген тапсырмаларды дұрыс орындау;
бірін – бірі түсініп,мұқият тыңдау;
бессенділік таныту;
берілген жазбаларды дұрыс толтыру;
бір – бірлерінің пікірлеріне сыйластықпен қарау.
Мағынаны таныту: «Шебер мен бала» Мәди Айымбетовтың шығармасын үнсіз оқу.15 мин.
ЖИГСО 1 стратегиясын қолдану:
1.Оқу 15 мин.
2. «Өз» ішінде ойлайды,сұрақтарды ойластырады.
3. Бір – біріне мазмұндайды.5 мин.
4.Барлығы
Әр топ кластер құрап,тобының презентациясын жасайды.5-7 мин
Негізгі кейіпкер
Таңқалдырған кейіпкерлердің сезімдері ойлары
Оқиға болған мекен
Шығарманың идеясы
Спикерлер қорғайды.2 мин.-4 топ 8 мин.
Ой толғаныс сатысында:
Кері байланыс парағын толтыру,әр оқушы эссе жазады.Әр топтан автор орындығына бір үздік оқырманды шақыру.Оқу күнінің эмблемасын салу.
Енді не білесіздер? Тағы не білгілерің келеді?
Галереяда ой шарлау
І топ
Бiр ғажайып кiшкене қалада ағаштан неше алуан сыбызғы, керней жасайтын шебер тұрыпты. Қала жұрты бұл адамның аты-жөнi кiм екенiн бiлмептi де, оны Шебер деп атап жүре берiптi.
Шебердiң бойындағы бiр қасиет – ол өзiнiң еңбегiн ешкiмге сатпайды екен. Жасаған аспаптарын базарға апарып тегiн үлестiредi. Әрине, өнерден бейхабар, ән айтып, күй тарта алмайтындардың өздерi де шебердiң бұйымдарын алмайды да, қызықтамайды да. Бастарын шайқап: «Мұндай ақымақ болар ма, көз майын тауысып, жасаған дүниесiн тегiн сатқаны несi?!» – деп, қайта табалап кететiн. Сыбызғы мен кернейлерiнiң құйқылжыған үнiне таң қалысып, шебердiң еңбегiне ризашылығын бiлдiретiндер, алайда, тiптi көп едi.
– Егер мен ақшаға сатсам, сыбызғы мен кернейлерiм өздерiнiң әдемi үндерiнен жұрдай болады. Сыбызғы да, керней де емес, кәдуiлгi ағаш қалпына түсiп, қу таяқ болып қалады. Сондықтан да, жарандар, өнерпаздар, бұл аспаптар ешбiр пұлға сатылмайды, қысылмай, таңда-ғандарыңызды, қалағандарыңызды ала берiңiздер! – деп, шебер күнбе-күн базардың ортасында тұрып жар салады.
Бiр күнi шебердiң жаймасына қолында сөмкесi бар бiр шәкiрт бала келедi.
– Қадiрлi шебер, сiз маған сыбызғы сыйлаңыз, – дейдi.
– Аса құрметтi шәкiрт жiгiт, таңдағаныңызды алыңыз, – деп, шебер жаймада жатқан сыбызғыларын баланың алдына тартады.
– Жоқ, маған мыналар сияқты жай сыбызғы емес, сиқырлы сыбызғы керек, – деп, бала жаймаға көзiн де салмайды.
– Сиқырлы дейсiң бе?! – деп ойланып қалады шебер. – Сонда оның қандай сиқырлы қасиетi болуы керек?.. Құс тiлiмен сайрайтынын қалайсың ба, ондай сыбызғы да бар мыналардың арасында. Мiне, нанбасаң тыңдап көр.
Шебер сыбызғыны қолына ала берiп едi, бала:
– Маған құс тiлiмен сайрайтын сыбызғы емес керегi, онда ешқандай сиқыр жоқ. Қажет болса мен аузыммен де ысқырып құс бола аламын, – дедi.
– Қадiрмендi жiгiтiм, сыбызғының мың құбылатын үнiнен өзге қандай сиқыр болуы мүмкiн!
Бала шебердiң құлағына аузын тақап:
– Үнiн естiген адам еш уақытта қартаймайтын болса, нағыз сиқырлы сыбызғы сол болмақ. Маған керегi сондай сыбызғы, – деп сыбырлады. – Және мұндай сыбызғының барын ешкiм бiлмеуi керек.
Шебер де жан-жағына қарап алып:
– Сонда мұндай сыбызғы саған не үшiн қажет болды? Саған, сiрә, керегi жоқ, әлi жассың. Не үшiн қажет болғанын жасырмай айтсаң, тiлегiңдi орындауға тырысып көрейiн.
– Ешкiмге айтпауға, құпия қылып сақтауға уәде берсеңiз ғана айтамын, құрметтi шебер, – дейдi бала.
– Шебер деген атыммен ант етемiн, ешкiмге еш уақытта бұл жайлы тiс жармаймын, – деп ол ант-су iшедi.
– Жарайды онда, сенейiн. Бiрақ уәдеңiзде тұрмасаңыз, сiздiң жасаған бүкiл сыбызғыңыздың үнi шықпай қалатын болады. Сөйтiп, шебер деген атыңыз жойылады.
Шебер балаға таңдана қарайды. «Бұл неғылған бала?!» – деп ойлайды iшiнен. Бiрақ сыр бермейдi.
– Көндiм айтқаныңа, ал, баянда құпияңды.
– Мен сиқырлы сыбызғыны бiр қадiрлi ертекшiнiң алдында тартуым керек. Күнде барып одан ертегi тыңдап жүретiн жайым бар едi. Үйiне әр барғанымда ол маған бiр ғана ертек айтады, соған ғана шамасы жетедi. Қадiрлi ертекшiден менiң әкем де бала кезiнде талай-талай ғажайып ертектер тыңдаған. Әкемнiң айтуынша, оның алтын көкiрегiнде әлi жүз жылға жетерлiк ертектер бар екен. Бiрақ ертекшi әбден қартайды.
ІІ топ
Оның жүз жылдық емес, жүз күндiк қана ғұмыры қалған тәрiздi, мiне, сыбызғы сол үшiн қажет болып тұр, шебер...
Шебер бұл жолы балаға ойлана қарайды. Бiрақ ойын iшiне бүгiп, сыр бермейдi. Баланы сынай сөйлейдi.
– Ал айтқан сөзiңдi жөн дейiк, мен сондай сыбызғыны жасап беремiн, ертекшiнiң ғұмыры ұзарып, қартаймайтын болар, ол ертегiсiн саған айтып берер, сонда одан не түседi, мұның өзгеге келiп-кетер пайдасы қанша?!
– Қалайша түсiнбейсiз?! – деп, баланың шыр-пыры шықты, – Мен оның айтқан әрбiр ертегiсiн қағазға түсiрiп, көздiң карашығындай сақтап жүрмiн. Әкем де маған дейiн сөйткен, ендi ол бұл жұмысты маған тапсырды. «Қадiрлi ертекшiнiң ғажайып ертектерiн өз құ-лағыңмен естi, әрi қағазға түсiрiп отыр», – деп әкем қаламын маған бердi. Күнде бұл жұмысты қалай атқарғанымды өзi қадағалап отырады. Ендi, мiне, қадiрлi ертекшiнiң санаулы күндерi қалды. Жүз жылдық ертек оның өзiмен бiрге кетпек. Шебер, сiз қалайда сиқырлы сыбызғы жасап беруiңiз керек. Ақысына сiзге күн са-йын қадiрлi ертекшiнiң бiр ертегiсiн айтып беруге уәде етемiн.
Шебер баланың қиналып тұрғанын түсiндi. Бiрақ уәде беруге асықпады.
– Сен мұндай сыбызғының бар екенiн ешкiм де бiлмеуi керек дейсiң. Бұл неге құпия болуы қажет? – деп сұрады баладан.
Баланың бұған жауабы дайын едi.
– Бiрiншiден, мұндай сыбызғы тек бiр-ақ рет жасалады. Ал жалғыз сыбызғының құпиясы көпке белгiлi болса, оны сақтау қиынға соғады. Баскесер де, ұрлықшы да, не түрлi зұлымдардың да өмiрiн ұзартқысы келетiнi сөзсiз ғой. Мұндай адамдар жер бетiнде жоқ емес. Құпия болу керек дегенiмнiң бiр себебi осы. Екiншi себебi – сыбызғының осындай қасиетiн қадiрлi ертекшiнiң өзi де бiлмеуi керек. Бiлсе, сыбызғынын сиқырлы қасиетi оған дарымайды.
Шебер баланың соңғы сөзiне келiспейдi.
– Егер сиқырға, ғажайыпқа сенбесе, оның несi ертекшi?!
Бала бұған да тосылмай, жауап табады.
– Ол сиқыр мен ғажайыпқа емес, өмiрдi сүйетiн, шындықты қалайтын ертекшi. Осыны жадыңызда ұстаңыз, шебер.
Сонымен, не керек, шебер баланың шартына келiседi, сиқырлы сыбызғы жасауға уәде бередi.
– Маған бұл үшiн тоқсан тоғыз күн мұрсат бересiң, – дейдi ол балаға.
Бала да шебердiң шартына көнедi.
– Бiрақ бұл мерзiмнен кешiкпейтiн болыңыз. Кешiксеңiз сыбызғының қажетi болмай қалады, ертек-шiнiң жүз-ақ күндiк ғұмыры қалғанын есiңiзде ұстаңыз...
Екеуi қол алысып, уәде байласады да, бала – ертекшiге, шебер – үйiне кетедi.
Ғажайып кiшкене қала тоқсан тоғыз күн бойы шеберден көз жазып қалды. Кейбiреулер: «Е, бәсе, басына ақыл қонған екен ғой. Тегiннен-тегiн сыбызғы үлестiрудiң ақымақтық екенiн түсiнген болды байғұс», – деп жорамал жасайды. Ал шебердiң еңбегiн қастер-лейтiндер қапалы күй кешiп, уайым шегедi. Оның жасаған сыбызғы, кернейлерi ешбiр үйде тартылмады. Қала ән мен күйден, жүректi тебiрентер саздан ажырап, тұнжырап тұрады.
ІІІ топ
Күн артынан күн осылайша өте бердi. Көкiрегiнде жүз жылдық ертегiсi бар жүз күндiк ғұмыры қалған ертекшi өзiнiң ең соңғы ертегiлерiн балаға әлсiз үнмен, демiн үзiп-үзiп, зорға айтып жатты.
– Ұзақ ғұмырында көңiлсiз ертектер ашылмаған едi. Ендi, бүгiнгi ертегiм – ән мен күйден тоналған тұнжыр қала туралы, – деп, қадiрлi ертекшi балаға ең соңғы екi ертегiсiнiң бiрiн айта бастады. Бұл – тоқсан тоғызыншы күн едi. Бала ертектiң соңына дейiн әзер шыдады. Себебi бүгiн оның сиқырлы сыбызғыны шеберден барып алатын күнi.
Жүрегi алып-ұшып жеткен бала базардың қақпасынан iшке кiре алмайды: айнала қалың нөпiр халық. Базардың үстi сыбызғы мен керней үнiне тұнған. Халық бiр-бiрiн итермелей базар ортасына қарай ұмтылып барады. Бала шеберге әзер жеттi.
Жеттi де, өз көзiне өзi сенбей, таң-тамаша болып тұрып қалды. Шебер баяғы жаймасының үстiнде үйiлiп жатқан неше түрлi сыбызғы мен кернейлердi жұртқа үлестiрiп жатыр. Өзi де мәз, жүрт та мәз. Қала тұнжыр көлеңкеден серпiлiп, әуен-сазға бөленiп, жадырап тұрды. Бала бұл көрiнiске қуанарын да, қуанбасын да бiлмей, дағдарды. Мына түрiне қарағанда шебер тоқсан тоғыз күн бойы баяғыдай жай сыбызғы мен кернейлерiн жасап жүрген сияқты. Сиқырлы сыбызғы туралы уәденi есiнен мүлдем шығарған тәрiздi.
Бала шыдамай:
– Уәденi ұмытқан жоқсыз ба, шебер? – – деп тiл қатады.
Шебер жайдары кейiппен:
– Уәде – уәде! Айтқаныңызды екi етпей орындадым, мiнекейiңiз, – деп, жаймада тiзiлiп жатқан сыбызғының бiреуiн балаға ұстата салады.
Шебер баламен басқа сөзге келмедi, жаймадағы сыбызғылары мен кернейлерiн жұртқа үлестiрiп, базардың ортасын мереке-думанға бөлеп қала бердi.
Қалың нөпiр баланы базардың сыртына шығарып тастады. Қолында жұрт қатарлы алған жай ғана сыбыз-ғы, баланың көңiлi ойран-асыр. Шебердiң қылығына ыза болған ол сыбызғыны қақ бөлiп сындырып, лақтырып тастағысы келдi. Бiрақ мұны жұрт көзiнше iстеуге батылы жетпедi.
Көрген адам мұнысын кешiрмес. Ол осы көңiлсiз қалпы – ертеңiне қадiрлi ертекшiнiң үйiне келедi. Аппақ сақалы омырауына түскен қарт адам биiк төсектiң үстiнде ең соңғы сағатын күтiп сұлқ жатты. Баланың келгенiн жүрегiмен сезiп:
– Бүгiн мен саған ең соңғы ертегiмдi айтуға тиiстi едiм, бiрақ әлiм келер емес. Әттең, бұлақ суының сылдырын, қайың жапырақтарының сыбдырын жеткiзер бiр сарын құлағыма жетсе, қуат жиналып, бойыма күш жиылып, соңғы ертегiмдi айта алар едiм-ау, – дейдi ертекшi демiн зорға алып.
Бала осы сәт шебердiң өзiне берген сыбызғысын есiне алады. Есiне алады да, көңiлсiзденiп қалады. Қолындағысын жай сыбызғы деп ойлап жүрген едi. Сөйтсе де сындыруға да, лақтырып тастауға да көзi қимай, бүгiн ала келген едi. Ертекшiнiң мына сұлқ жат-қан сәтiнде баланың сыбызғыны қолына алмасқа шарасы қалмады. Оны тартқан сәтте бөлме iшiн бiр керемет үн кернеп кеттi. Нұрлы тiршiлiктiң сан алуан ғажа-йып сазы қарт ертекшiнiң көңiлiн әлдилеп, жүрегiне мәңгiлiк ғұмырдың жырын құйды. Жасыл орманның, теңiз толқынының шуылы, қыран құстардың қиқуы, бәрi-бәрi сыбызғы көмейiнен асып-тасып төгiлiп жат-қандай. Ертекшiнiң шырағы сөнiп барып, қайта жанды. Өмiр жайлы жүз жылдық ертегiнi қадiрлi ертекшi әр күн сайын бiр-бiрден жырлай бердi, жырлай бердi...
Сөйтiп, шебер өзiнiң сыбызғылары мен кернейлерiн халыққа сыйлап жүрiп, ал бала ертекшi қарияның ерте-гiлерiн жазып, жинап жүрiп, бақытты ғұмыр кешiптi