Бейнелеу ?нері п?нінен ?серлі ?ріптер та?ырыбында?ы ашы? саба? жоспары


Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Әсерлі шрифтерді пайдалану. Ашық хат нобайын жасау.
Мақсаты:
1)Білімділік: әріп таңбасының әсерлі мүмкіндіктерімен таныстыру, жұмыс тәсілін білуді, әдемілік заңдылығы туралы білімдерін арттыру.
2)Дамытушылық: өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағддыларын қалыптастыру.
3)Тәрбиелік: оқушылардың қызығушылықтарын артыру, оларды еңбекке, ептілікке, талғампаздыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пәнаралық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жұптық, топтық
Сабақтың көрнекілігі: анайы суреттер, түрлі-түсті қағаздар, клей, бояу қарындаштар және сурет дәптер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
Әр оқушы үстелдің үстіңдегі эмблемаларды таңдап 3 топқа бөлінеді.
Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
Жаңа сабақ. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Мына суреттерге қараңдаршы,балалар. Не көріп тұрсыңдар? Дұрыс айтасыңдар. Әріп те суреттің бір түрі. Себебі олар белгілі сызықтардан құралады. Мына суреттерден көріп отырғандарыңдай , бір әріптің өзі алуан түрлі үлгісін ойлап табуға болады. Сурет сабағында мәнерлеп жазуды көрсетуге тамаша мүмкіндік бар, яғни әріптер мен сөздер арқылы белгілі бір көңіл күйді, мінез-құлықты көрсетуге болады.
Ал бүгін біз пейзаж да, натюрморт та, портрет те салмаймыз. Біз әріптер саламыз.
Әріптерге мән бере қарап, олар туралы қызықты оқиғалар айтайық. Мысалы: "Я" әрпін алайық. Ол неге ұқсайды?
- Тұрған адамға ұқсайды.
- үлкен қарынды адамға ұқсайды.
- балыққа ұқсайды.
- К әрпі ше?
- К - өзіне - өзі қызыға айнала - айнала қарай "Ж"- ға айналды.
- Р әрпі ше?
- "Р"- тісі ауырып, жағы ісіп, "Ф"- ға айналды
Өзің байқап көр. Оқушылар сурет дәптерлеріне әріптерді салады. Бірінші түзу қалыппен салса, екіншісі өзгеше иректеп не болмаса бір затқа ұқсатып салу.
Жұптық жұмыс. Оқушылар суретті салып болғанша әр топтан 2 оқушы шығып берілген тапсырмаларды орындайды.
1 тапсырма: баяу әуенге жылдам билеу.
2 тапсырма: көздері байлаулы күйінде сурет салу
Ойыннан кейін қатысушыларға ашық хат жасау үшін керекті заттар беру.
Қызық дерек. Оқушыларды жазу ғылымын зертейтін сала графалогиямен таныстыру. Анықтама беру.
Сегіту сәті.
Жаңбыр жауды (қатты жауды, бәсеңдеді)
Күн күркіреді (қатты күркіреді, ақырың)
Жел гуілдеді (қатты гуілдеді, бәсеңдеді ууууу)
Ашық хат нобайын жасау, мағлұмат беру.
Шығармашылық жұмыс. Оқушылар өз құттықтау ашық хатын жасайды. Шарттары: 1)ашық хатты қандай мерекеге арнап жасағын келетінін ойлан
2)мәтінді дайында
3)ашық хатқа мәтіннен басқа не орналастыруға болатынына мән бер
4)мәтін мен суретті дұрыс үйлестіруге тырыс
5)шрифтке ерекше көңіл бөл
Қорытынды: ең үздік деп танылған ашық хаттарды көрсету
Бағалау: топ басшыларына берілген бағалау парағы арқылы бағалау
Үйге тапсырма: ашықхат үлгісін жасап әкелу.