?дебиеттік о?у п?нінен Ана тілі та?ырыбында ашы? саба? жоспары
Мектеп: «Арна ауылындағы №11ОМ»МКМ
Пәні: әдебиеттік оқу
Cынып 4 «А»
Мұғалім: Г.Байдильдаева
Сабақтың тақырыбы І. Жансүгіров. Ана тілі Сабақтың мақсаты. І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен байланыстыру
Күтілетін нәтиже
Пәндік нәтиже:өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән бере талдау, балаларды зеттеу жұмыстарын жүргізуге баулу
Жүйелік – әрекеттік нәтиже: оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру
Тұлғалық нәтиже: өзін –өзі тану, сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бірі- ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, топтастыру, шығармашылық, талдау, өз пікірін айту, мәнерлеп оқу, Сабақтың көрнекілігі. ақын-жазушылардың портреттері, оқулық, қатты қағаз, маркер, стикерлер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1.«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
ІІ. Қызығушылықты ояту
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады
Біздің ана тіліміз қай тіл?
Өз тіліңді қалай дәріптер едің?
2781300571500 «Топтастыру» әдісімен:
2347595121285Ана тілі
00Ана тілі
1740535984250032619959842500
27920959906000
Әр топ өз басшысын тағайындап, қорғайды.
1-топқа: Ана тілі туралы қысқаша эссе жазу
2-топқа. Ана тілінде өлең – жыр білетіндерін көрсету
Оқушылардың бірнеше эсселері оқылып, қорытындыланады
Балалар, сендердің ана тіліне арнап жазған сезімге толы эсселеріңді тыңдап, таңданып тұрмын. Ал ақын І.Жансүгіров ана тілі туралы өз сезімін қалай білдірген екен?
ІІІ. Мағынаны тану
1.Ақын І.Жансүгіровтің «Ана тілі» өлеңін оқып беру.
2.Балаларға дауыстап, мәнерлеп оқыту
Сұрақтар:
-Өлеңнен ана тілі туралы не оқыдыңдар? Сабақтың басында толтырған топтастыруды басқа түсті маркермен толықтырып жазыңдар
-Адам өзінің сезімін сыртқа не арқылы шығарады?
-«Ана тілі» арқылы адам өседі дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылау
Сергіту жаттығуы
Сұрақтар
Бастапқы топтастыруды толықтырылған нұсқасы арқылы қорытындылау
- Біздің ана тіліміздің мәртебесі ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді. Ақындардың тіл туралы жазған өлеңдерін еске түсіріңдер?
-Балалар, ҚР Конституциясының 7 – бабында былай деп жазылған
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»
-Ендеше,барлығымызөзана тілімізде сөйлеуге міндеттіміз.
ІҮ. Ойтолғау
- Балалар, бүгінгі сабақта сендер ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?
-Тіл арқылы
-Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?
-Ана тілі арқылы
-Олай болса, ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі алар орнына ештеңе жетпейді екен!
- Тілден биік асқан тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.
Ғ.Мүсірепов.
- Өз тілін сезбеген бала - ана сүтін татпаған жетіммен тең.
Б.Момыщұлы
Ү.Сабақты қорыту
«Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп күні бүгінге дейін үлгі шашып дәстүр жасаған қайраткер»
Тұрсынбек Кәкішов
ҮІ.Үйге тапсырма
1. І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу
2. «Анам тілі» өлеңін жаттау