Топты? ж?мысты ?йымдастыру туралы мастер-класс


Мұғалім туралы жалпы мәлімет
Жакатова Айгуль Сейткереевна
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалмі
Шебер-сыныптың тақырыбы: «Топтық жұмысты ұйымдастыру- кіші жастағы оқушылардың таным белсенділігін дамыту құралы»
Оқушының өздігінен білім алуына деген қызығушылығын оятпай, оқушының таным белсенділігін дамыту мүмкін емес. Оқуға деген уәжді қалыптастыруға бағытталған жұмыстың тиімді жолдарының бірі- топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Топтық жұмыс барысында оқушы әңгіме, пікірталасқа қатысады, жолдасының жауабын тыңдап қана қоймай, оны толықтырады, топтасып, ортақ шешім қабылдайды. Соңында атқарылған жұмыстың қорытындысын бағалайды. Сонымен қатар оқушы өз білімін тексеріп, бірлескен жұмыс барысында білімін толықтырып, өз бойында ұстанымдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне орақтасып, оқуға деген қызғушылығы артады. Ал осы деңгейге жету үшін не істеу қажет? Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары қандай?
Мақсаты: Кіші жастағы оқушылардың таным белсенділігін дамыту құралы ретінде топтық жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстыру арқылы әріптестердің өз тәжірибиесінде қолдануға талпындыру.
Міндеттері:
-мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасын өзгерту;
- өз сабақтарында осы уақытқа дейін жүргізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнату;
-жаңа әдістерді өз тәжірибиесінде пайдалануға талпындыру.
Шебер-сыныптың жұмыс кезеңдері Кезеңнің мазмұны Қатысушылардың іс-әрекеті
Дайындық- ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгін мен сіздерді балалық шақты еске түсіру үшін әткеншектер саябағына шақырамын.
Барлықтарыңыз «Тосын сый» әткеншегіне қош келдіңіздер.
1) Сіздің алдыңызда сіздің танысыңыз, сіздер ұзақ уақыт бір-біріңізді көрген жоқсыздар.
2) Сіздің алдыңызда бейтаныс кісі, танысыңыз.
3) Сіздің алдыңызда балғын шақтағы балдырған, ол бір нәрседен секем алып, қатты шошынған. Жұбатыңыз.
Сонымен біз бәріміз бір-бірімізбен танысып алдық. Сіздерге тосын сый ретінде әтеншек саябағына кіру үшін билеттерді ұсынғым келеді. (Қосымша №1). Өздеріңізге ұнаған түс бойынша таңдау жасау керек.
1- үстел - жасыл түс
2-үстел – қызыл түс
3-үстел – көк түс
4-үстел – сары түс
Құрметті әріптестер! Сіздердің билеттеріңіздің екінші жағында сөздер жазылған, осы сөздерден мақал құрастырыңыздар. (Қосымша №2)
1-топ: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
2-топ: «Тозған қазды топтанған қарға алады»
3-топ: «Бірліккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады»
4-топ: «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»
-Құрастырылған мақалдардың ортақ тақырыбы неде?
Бүгінгі шебер-сыныптың тақырыбы: «Топтық жұмысты ұйымдастыру- кіші жастағы оқушылардың таным белсенділігін дамыту құралы»
Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды,тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі».
Қазіргі таңда біз шыныменен топтық жұмыс туралы біраз хабарға иеміз. Дегенмен, осы тақырып бойынша әлі де сұрақтарымыз бар. Осы мәселелерді бүгін шешіп көрейік. Қатысушылар бір-біріне бетпе-бет тұрып, екі шеңбер құрады: ішкі- қозғалмайды, сыртқы сағат тілі бойынша қозғалыста болады. Жүргізушінің тапсырмасын орындайды.
Қатысушылар өздеріне ұнаған билетті таңдап, сол түстер бойынша отырады.
Қатысушылар билеттің екінші жағында жазылған сөздерден мақал құрастырады.
Қатысушылар ортақ тақырыпты анықтайды.
Негізгі бөлім: Бірнші кезекте «Миға шабуыл» арқылы топтық жұмыс туралы ойларымызды ортаға салайық.
Әріптестер, топтық жұмыс туралы көптеген тамаша ойларды ортаға салдыңыздар, ал енді осы ойларды негізгі бес мәселе ретінде қарастырайық.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың жалпы ережелері;
Топтарға бөлу тәсілдері және топ ішінде рөлдерге бөлінуі;
Бірлесіп жұмыс істеудің алгоритмі;
Топтық жұмыс барысында пайдаланатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар;
Топтық жұмысқа арналған тапсырмаларды таңдау принциптері.
Ал осы мәселелерді қандай деңгейде білетінімізді білу үшін «Тарзанка» әткеншегіне қош келдіңіздер.
Әр топ бұл тақырып төңірегіндегі мәселелерді қандай деңгейге қоятынын анықтаймыз (Қосымша №3)
1167130105410
Білгім келеді
Сұрағым бар
Қолданамын

Түсінемін
Білемін
«Тарзанка» әткеншегінен алған әсерлеріңізді ортаға салыңыздар.
Сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетін ұтымды ұйымдастыру үшін, сөзсіз, топтық жұмысты ұйымдастыруды жөн көреміз. Осы кезде бірқатар қиындықтарға тап боламыз. Осы қиындықтарды жеңу үшін топтық жұмысты ұйымдастыру құралы болып табылатын тиімді әдістер мен тәсілдер, технологиялар мен стратегияларды қарастыруға шақырамын (презентациялар ұсынылады).
Ал енді, әріптестер, осы сан алуан әдіс-тәсілдерді сабақтың қай кезеңіңде қолдануға болатынын анықтап көрейік. Ол үшін біз «Балауса» әткеншегіне билеттеріміздегі сандар бойынша топтасайық.
1-топ: Сабақта қызығушылықты ояту кезеңінде топтық жұмысты ұйымдастыру барысында қандай әдіс- тәсілдерді пайдалану тиімді?
2-топ: Мағынаны ашу кезеңінде жаңа ақпаратпен танысу үшін әдіс- тәсілдердің қандай түрлерін қолдануға кеңес бересіздер?
3-топ: Оқушылардың ой толғаныс кезінде қолданатын әдіс-тәсілдер.
4-топ: рефлексия кезіндегі әдіс-тәсілдер
Жарайсыздар. Топтасып істеген жұмысымыздың жемісін ортаға салу үшін «Шолу доңғалағы» атракционына шақырамын. Ол үшін әр топта бір адам қалады, топ жасаған жұмыстың «тұсаукесерін» өткізеді. Ал қалғандары белгі бойынша сағат тілі бағытымен қозғалады. Танысады, өз ұсыныстарын айтып, постерге жазып кетеді.
Құрметті әріптестер, енді осы әдіс-тәсілдер арқылы топтарға қандай тапсырмалар беру болады? Ол үшін келесі әткеншекке мінеміз, «Қоңыраугүл» әткеншегіне «Атомдар мен молекулар» арқылы топтарға бөлінеміз. Музыка әуенімен сәл демалып алайық.
«Қоңыраугүл» әткеншегіне қош келдіңіздер. (Қосымша №4)
1-ші топ: Топтық жұмысқа арналған тапсырмаларды таңдау принциптері.
2-ші топ: Тапсырмаларды құрастыру барысында қандай етістіктерді қолдану керек.
3-ші топ: Ұсынылып отырған тапсырмалардың қайсысы топтық жұмыста қолданған тиімді?
4-ші топ: «топтық жұмыс» сөзінің әріптерінен басталатын сөздер арқылы топтық жұмыс туралы айту.
«Қоңыраугүл» әткеншегінен алған әсерлерінді ортаға саламыз.
Кіші жастағы оқушылардың топтық жұмыс барысында таным белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар туралы
менің де өз тәжірибиеммен бөлісу кезеңі келді. Өз тәжірибиемде топпен жұмыс жасау барысында қандай әдіс- тәсілдер мен тапсырмаларды қолданамын қолданамын.
«Сөздер шеруі» белгілі тақырып бойынша 10-12 сөз (термин сөздер) ватман парағына әртүрлі түспен және әртүрлі тәсілмен жазылады. Оқушылар әр қайсысы жеке сөздерді оқып, есте сақтауға тырысады. Тақтадағы ватман алынады. Оқушылар топтасып парақ бетіне жазады, келесі топ оқушылары жазуды тексереді,түзетеді, толықтырады. Топқа қайтып береді, топ мүшелері түпнұсқамен салыстырады. Содан кейін оқушылардан бұл қай тақырыпқа арналған сөздер екенін сұраймын. Ережелерді еске түсіруге болады.
«Сұрағы бар қорап» сабақ соңында балалар параққа өз сұрақтарын жазады, келесі сабақта әр топ тақырып бойынша сұрақтарға жауап іздейді.
«Алдын ала жазылған атаулар» әдебиет сабағында С. Тұрдалиевтың «Аманат» атты шығармасымен танысар алдында тақтаға аманат сөзін жазып қойдым. Әр оқушы жеке ойланып, шағын топта өз ойларын ортаға салады. Кейін ортаға салды. Жауаптары әртүрлі болды. Кейбір оқушылар жауабын өмірмен байланыстырды, басқалары теледидардан естігені туралы айтты.
«Автобус аялдамасы» белгілі тақырып бойынша әр аялдамада қағаз бетіне сауал жазылады, оқушылар топтасып, сол сұраққа жауап іздейді, ортақ шешім қабылдайды, қағаз бетіне жазады. Белгілі уақыттан кейін топ келесі аялдамаға барады, танысады, өз ойларымен толықтырады. Осылай әр аялдамаға барып, өз ойларын қағаз бетіне жазып кетеді, соңында әр топ өз сауалы бойынша «Тұсаукесер» өткізеді. Әдебиет сабағында Д. Қасеновтың « Өзін-өзі жеңген бала» шығармасымен танысу барысында оқушыларды топтарға бөліп, «Өзін-өзі жеңген бала», «Мақтаншақтыққа қарсы күрес», «Әрбір сөзін таразылап, өлшеп, пішіп сөйледі», «Есеп білмеген -есек» деген сауалдар берілді.
Оқушылармен жүйелі түрде жүргізілген топтық жұмыс арқылы таным белсендлігін арттыруға болады. Өйткені кіші жастағы оқушы бірлесіп қарым-қатынас жасау барысында ғана жан-жақты дамиды, таным белсенділігі мен оқуға деген құштарлығы арта береді.
Сол себептен мен сіздерге біздерге белгілі болған әдіс-тәсілдер арқылы
тапсырмалар құрастырып көрейік. Ол үшін билеттеріміздегі суреттер бойынша топтасамыз. Әр сурет белгілі бір пәнге сәйкес келеді. Бұл қандай пәндер? Дұрыс айтасыздар, енді осы пәндер бойынша «Түймедағы» әткеншегінде тапсырмалар құрастырып көрейік.
1-топ: қазақ тілі
2-топ: әдебиеттік оқу
3-топ: математика
4-топ: дүниетану
Әр топ өз тәірибиелерімен бөлісіп, тапсырмалар орындайды. Әдістемелік қоржынға салады. Қатысушылар өз ойларын ортаға салады.
Қатысушылар қима қағаздарындағы жазуларды сәйкестендіреді.
Әр топтан бір қатысушы әсерлерін ортаға салады.
Қатысушылар ұсынылған презентация мен үлестірмелі материал арқылы өз бетінше танысады.
Қатысушылар билеттердегі сандар бойынша топтасады.
1- үстел – 1 саны
2-үстел – 2 саны
3-үстел – 3 саны
4-үстел – 4 саны
Әр топ мүшелері бірігіп тапсырманы орындайды, қорытынды шығарады.
Әр топта бір адам қалып «тұсаукесер» өткізеді. Ал қалғандары белгі бойынша сағат тілі бағытымен қозғалады.
Қатысушылар музыка әуенімен қозғалып, атомдар мен молекулар құрайды. Әр топ өз тапсырмасын орындайды.
Қатысушылар тыңдап отырады, презентацияға назарын аударады.
Қатысушылар билеттеріндегі суреттер бойынша топтасады.
1топ: әріптің суреті, 2-топ: кітаптың суреті, 3-топ: шаршының суреті, 4-топ: ағаштың суреті.
Пән бойынша тапсырмалар құрастырады.
Орындалған жұмысты хабарлау- көрсету. Құрметті әріптестер! Бұл бізде тыныштық аралы. Әткеншектер саябағында алған әсерлеріңіз туралы ойларыңызды жинақтаңыз.
Бүгінгі шебер- сынып бойынша өз ойларыңызды «Нысана» атракционы арқылы білдіруге шақырамын.
Ал «Бес жол өлең» тәсілі арқылы бүгінгі топтасып бірлесіп атқарған жұмысымызды бағалайық.
Ал ең соңында шеңбер құрайық, бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Маған сіздермен бірге бірлесіп жұмыс істегенім ұнады, әр қайсысыңызға шығармашылық табыс тілеймін.
«Тыныштық аралы» қатысушылар ойларын жинақтайды.
«Нысанадаға»
«Бес жол өлеңі» арқылы қатысушылар өз жұмыстарына баға береді.
«Сәттілік шеңбері» арқылы қатысушылар сәттілік тілейді

Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
«Педагогикалық диалог»ақпараттық-әдістемелік журнал «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Колеченко А.К. «Энциклопедия педагогических технологий: пособие для преподавателей.- СПб.:КАРО.- 2002 
Ғаламтор ресурстары:
1. Технология организации групповой работы.Тупицына Наталья Михайловнаhttp://festival.1september.ru/articles/579384/,
2. Талқылау Made by Mike Gershon – mikegershon@hotmail.com
тәсілдерінің жинағы