Урок по информатике Компьютердин ?осымша ??рыл?ысы


Бекітемін:
№4 Мерзімі: 24.09.2013 Сыныбы: 9 «Б», «В», «Г», «Д»
Сабақтың тақырыбы: §4. Компьютердің қосымша құрылғысы.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Жалпы мақсаттар: топтық жұмысқа жұмылдыру ;
ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу;
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
есте сақтау және есеп шығару қабілеттерін дамыту;
өзін-өзі бағалауды үйрету.
Негізгі мақсаттар: оқушылардың техникалық қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыруды түсінуіне жағдай жасау;
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;
ынтымақтастыққа, бір- бірін бағалауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу;
Оқыту нәтижелері: Алған білімдерін жүйелі түрде өз сөздерімен жеткізе алады; тақырыпты өмірмен байланыстыра біледі
Түйінді идеялар: Оқушылар техникалық қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру туралы білімдерін нығайтады
Сабақтың көрнекілігі: 9 сынып оқулығы, дидактикалық материалдар, үлестірмелі тапсырмалар
Оқыту әдістері: Блум таксономиясы, СТО, АКТ, топпен жұмыс,
Дереккөздер: Тақырыпқа қатысты материалдар (5 сынып оқулығы)
Бағалау: Мұғалімнің оқыту үшін және оқуды бағалауы
Рефлексия: Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білу
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті:
1.Ұйымдас тыру кезеңі:
2- мин Сәлемдесу;
назарларын сабаққа аудару;
оқушыларды үш топқа бөлу; Оқушылар сәлемдесіп, бір- біріне сәттілік тілейді, топқа бөлінеді
2.Мақсатты қою кезеңі: Әр топқа тест тапсырмалары үлестіріліп, оларды оқу тапсырмасы беріледі. Оқушылар топпен пікірлесіп, ақылдасып, жауап береді
3.Білімдерін тексеру: (Білу) Сұрақтар:
1-топ. Көп тараған компьютер модельдері?
2-топ. Микропроцессор неше буынға бөлінеді?
3-топ. Жалпы түсініктеріңді айтыңдар? Әр оқушы өз деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды
4. Жаңа сабақ (Түсіну) Принтер – ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы. Ол диплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды басып шыгара аламыз. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.
Олардың ішінде басып шығару сапасы мен құрылымы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады.
Сия бүріккіш принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы тек басу бастиегінің құрылымында. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады.
Лазерлік принтерлер жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, монитор экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті мәтіндерді сканерлеуге болады. Суретті сканерлеп алғаннан кейін, оны графикалық программаларды өңдеуге ( үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға және т.б.) болады. Сканерлер қара-ақ және түрлі түсті болады. Сканерлердің планшетті, барабандық, қол сканері, форма сканері және штрих-сканер сияқты түрлері бар.
Микрофон – дыбысты электр сигналына түрлендіруге мүмкіндік беретін құрылғы. Адам микрофонның көмегімен компьютерге дыбыстық ақпаратты енгізе алады. Микрофон дыбыс картасының кірісіне қосылады.
Компьютер құрылғыларының қатарына монитор, пернетақта, тышқан сияқты құрылғлардан басқа, акустикалық жүйе де – дыбыс қағарлар немесе акустикалық колонкалар да кіреді. Дербес компьютердің аудиожүйесі аудиоадаптер (дыбыстық карта) мен акустикалық жүйенің жиынтығы болып табылады.
Джойстик – жан жағына еркін қозғалатын және и панеліне әрекеттерді орындауға арналған бірнеше батырмалы бар рычагты манипулятор. Ол компьютер ойындарда дисплей экранында қозғалатын нысандарды басқару үшін қолданылады. Әр топтан бір оқушы топ пікірін айтып қорытындылайды
5. Бекіту (Қолдану) Олай болса, төмендегі тапсырмаларды топ болып орындаймыз.
Топтарға тапсырмалар ұсынады
1-топ. Принтерлер неше топқа бөлінеді?
2-топ. Сканерің атқаратын қызметі қандай?
3-топ. Жалпы түсініктеріңді айтыңдар? Топ мүшелері тапсырманы орындайды.
Талдау Осы орындаған тапсырмалардан қандай қорытынды шығаруға болады? Оқушылар пікірін айтады.
6.Қорытын дылау: Жинақтау) Біз бүгін не үйрендік?
Компьютердің қосымша құрылғыларын ажырата білді. 7.Үйге тапсырма (Бағалау) Осы тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастырып келу. Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазады
Оқыту үшін және оқуды бағалау Мұғалім оқушыларды бағалайды Рефлексия Сабақ туралы қандай пікір айтасыңдар?
(Не ұнады, не ұнамады)
Нені түсінбедің? Ойларын стикерге жазып тақтаға іледі.