Технология П?тердегі электр жабды?тары


Сабақтың тақырыбы: Пәтердегі электр жабдықтары
Сабақтың мақсаты:
а) пәтердегі электр жабдықтары жөніндегі білімді толықтыру; ә) электр тогымен жұмыс істегенде сақтық шараларын ұстануға тәрбиелеу; б) электр жұмыстарын орындау кезінде алған білімді өздігінен қолдана білуге үйрету; Сабақтын түрі: Жана білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап,сарамандық жұмыс.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Шартты белгілер,электр тізбегінің сызбасы,электр шамы, электр тізбегі,элекр сымдары, жұмыс дәптерлері..
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сәлемдесу ә) Оқушы және бөлменің сабаққа даярлығын тексеру.
б) Оқушыларды түгелдеу
II. Өткен сабақты еске түсіруЭлектр энергиясының дыбысқа айналуын қандай электр қондырғыдын көріп жүрсің?
Ағаш ток өткізе ме?
Ауа ток өткізе ме?
Электр тұтынушылар деген не?
Өз үйіңдегі электр қабылдағыштарда қандай қондырғылар бар? Олардың қызметі не?
III .Жаңа сабақ 1.Теория
Пәтерішілік сақтандырғыш қалқан топтамасына электр энергиясын санауыш, пәтерішілік электртартылымдар, розетка және қосып – ажыратқыш кіреді. Автоматты ажыратқыштар (автоматтар) – тізбекті қысқа тұйықталу мен артық жүктемеден сақтандыруға арналған қорғаныштық түзілім. Арнаулы атқарушы механизм – электр тізбегін тікелей ажыратуды жүзеге асыратын ағытқышпен жарақатандырылған. Қазіргі заманғы тұрмыстық автоматты ажыратқыштардың көпшілігі – аралас ажыратқыштар.
Электр тізбегін құрастыру негізінен екі амалдан тұрады: сымды ұштау және оны электр арматурасына жалғау.
Сымдарды ұштап жалғаудың ең қарапайым түрі ілмектеу арқылы жасалады. Ол былай орындалады:
 


Оқшауланатын сым бөлігін сызғышпен өлшеп алады. Сымды немесе бауды тақта үстіне қойып, белгіленген жерден бастап оның оқшаулауышын монтер пышағымен кесіп алады. Пышақ жүзін өзіңнен кері қарай ұста.
Оқшаулауышты сымнан ажырату үшін арнайы құрылғыны пайдалан.
Сымның қалған ұшын қысқашпен қыс.
Сақина мен оқшаулауыштың арасын оқшаулауыш таспамен орап таста.
а) Гальваникалық элемент немесе аккумулятор
 ә) Электрсұқпа шанышқы б) Ажыратқыш
г) Электр шамыд) Сымдардың қилысуы
1-сурет
2. Сарамандық жұмыс.
- Оқушылар үш топқа бөлінеді
-Әр топқа электр тізбегінің дайын планшеттері таратылады,жұмыс істеу тәртібі түсіндірледі.
-left0left02-суреттегі а, ә, б сызбалары бойынша әр топ кезектесе отырып теориалық білімдерін іс жүзінде атқарады.
left0
А) Ә) Б)2- суретIV.Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру.
Жалпылама сұрақтар:
Автомат ажыратқыштардың түрлерін атаңдар.
Қандай ағытқыштарда автомат ажыратқыштар бар?
Дыбыстық және механикалық қозғалыс электр энергиясының рөлі қандай?
Жылулық ағытқыштың жұмысы туралы айтыңдарРозеткалық топқа жүргізілетін сымның қимасы қандай болуы керек.
Ток өткізбейтін материалдар туралы айтыңдар.
V.Қортындылау
Сабақты қортындылай келе кеткен кемшіліктердің орнын толтыру.
Топ жетекшілерінің пікірін тыңдау.
VI.Оқушы білімін бағалау (Күнделікке баға қою)
VII.Үйге тапсырма беру. Сұраққа жауап:
Өз үйлеріңдегі электр торабы мен электр жабдықтарында қандай ақаулықтар болып тұрады?