1кВ дейінгі коммутациялы? электр жабды?тары
Қазақстан Республикасының ғылым және Білім министрлігіҚарағанды политехникалық колледжіЭнергетикалық пәндер кафедрасы1 кВ – қа дейінгі коммутациялық аппараттардың құрылымдары, түрлері және техникалық белгілері
Төменгі кернеулі электр желілерінің қысқаша тұйықталу тоғы мен жоғары жүктемелерден сақтаудың әдіс-тәсілдерімен танысу.Сақтандырғыштар, автоматты сөндіргіштер, рубильниктер, контактор және қосқыштар туралы жалпы мағұлматтар беру,негізгі параметрлерін оқу. Сабақтың мақсаты:
1 кВ-қа дейінгі кернеулі желілердің сипатына жоғарғы кернеулі желілерге қарағанда қысқаша тұйықталу тоғынын мәндерінің тұрақсыз болуы, яғни күрт өсуі немесе төмендеуі тән. 1 кВ-қа дейінгі кернеулі желілер қысқаша тұйықталу тоғынан тез арада қалпына келтіргіш қорғанысы болуы тиіс. Соған орай ол бұл үдеріске барынша сезімтал, әрі зақымданған уақытта селективті түрде зақымданған құрылғының бөлігін уақытша жұмыстан шектеу керек. Селективті сөндіру келесі жағдайларда қажет етеді:- Авариялық жағдайға алып келсе;- Техникалық үдерістің ауыр жағдайы;- Халыққа қызмет етудегі үлкен шығындарға батуы.
1 кВ-қа дейінгі желілер біржақты қоректенетін радиалды, магистралды, аралас сұлбалар түрінде кездеседі. Мұндай сұлбалардың қорғанысы максималды тоқтық қорғанысы болып табылады. Бұл қорғанысты іске асыру үшін балқымалы сақтандырғыштар, тоқтық қорғаныспен қамсыздандырылған автоматты сөндіргіштер қолданылады. Егер автоматты қайталаушы қосқыштар мен резервті автоматты қосқыштарды қажет етпесе, онда балқымалы сақтандырғыштарды шамадан тыс жүктеме кезінде пайдаланса, экономикалық тұрғыдан тиімдірек болады.
Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған токөткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады. Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды. Кең тараған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады.
Сақтандырғыштың балқымалы ендірмесі қарапайым тоқтық қорғаныс болып табылады. Ол электр орнатулардың элементтерін қысқаша тұйықтау тоғынан ұзақ уақытқа дейін қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда сақтандырғыштың сенімді жұмысы сақтандырғыштың сөнуінің номиналды тоғы қорғаныстағы элемент арқылы өтетін қысқаша тұйықтау тоғы мәнін үлкен болса ғана қамтамасыз етеді. Ал сақтандырғыштың номиналды кернеуі желідегі тұрақтандырылған номиналды кернеу мәнімен сәйкес келуі тиіс. Сақтандырғыштың балқыма ендірмесі номиналды жұмыс режимінде, сонымен қатар қысқы уақыт кезіндегі шамадан тыс жүктеме режимінде жанып кетпеуі тиіс. Балқымалы сақтандырғыштар
Сақтандырғыштардың негізгі сипаттамасына:- балқымалы сақтандырғыштың ендірмесінің номиналды тоғы Iном..вст; - сақтандырғыштың номиналды тоғы Iном.пр ; - сақтандырғыштың номиналды кернеуі Uном.пр; - сақтандырғыштың сөнуінің номиналды тоғы Iном.отк.Балқымалы ендірменің номиналды тоғы деп қалыпты режимдегі ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тоқты айтамыз. Сақтандырғыштың номиналды тоғы деп ұзақ уақыт жұмыс кезінде сақтандырғыштың қызып кетуіне мүмкіндік бермейтін тоқ шамасын айтамыз. Электрсызбаларында осылай белгіленеді.
1 кВ-қа дейінгі кернеумен қоректенетін желілерде жұмыс істейтін сақтандырғыштардың ең көр тараған түрлеріне НПН (насыпной неразборный) және ПР2 (насыпной разборный) жатқызуға болады. Сонымен қатар сақтандырғыштардың келесі түрлерін ажыратады:Инерционды (ИП типті) – олар қысқа мерзімді шамадан тыс жүктмелі режимде жұмыс істей алады;Инерционды емес (НПН, ПН2 типті) - шамадан тыс жүктеме режимде шектелген уақытта ғана жұмыс істей алады. Сақтандырғыштарды келесі шарттар бойынша таңдау керек:Uном.пр Uс;Iоткл.ном Iк.max;Iном.пр Iр.max .Мұндағы: Uс – желінің номиналды кернеуі; Iк.max – желінің қысқаша тұйықталу максимал тоғы; Iр.max – желінің максимал жұмыс тогы;
Автоматты сөндіргіштерАвтоматты сөндіргіштер желіде зақымдану болса, бірден үш фазаны сөндіреді, ал ол кезегінде электрқозғалтқыштардың қорғанысына пайдалы. Ал желілерді сақтандырғыштармен сақтаған кезде, олардың біреуінің жанып кетуі қозғалтқыштың толық емес фазалық жұмыс істеу режимінде жұмыс істеуіне алып келеді. Автоматтар тұрақты ток тізбектері үшін 440 В дейінгі екіполюсті, сонымен қатар айнымалы тоқ тізбегі үшін бір-, екі-, үшполюті 660 В шамасында жұмыс істейтін болып шығарылады. Барлық автоматтардың әр бір фазасында немесе полюсінде релелік тоқты қорғаныс құрылғысы болады. Олар сөндіргіштің типіне байланысты екі сатылы немесе үш сатылы тоқтық қорғаныс қызметін атқарады. Ол үшін электромагниттік, жылулық, жартылай өткізгіш релелер қолданылады. Автоматты сөндіргіштердің қоғаныс құрылғысы расцепительдер деп аталады.
Автоматты сөндіргіштердің негізгі сипаттамасына: - номиналды тоқ Iа.ном;- номиналды кернеу Uа.ном;- номиналды сөндіру тоқын Iа.откл жатқызуға болады. Автоматты сөндіргіштердің номиналды тоғы деп шектеусіз ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік беретін үлкен тоқ шамасын айтамыз.Сөндіргіштің номиналды кернеу өзі тағайындалған желі арқылы келетін кернеуге тең. Номиналды сөндіру тоғы деп сөндіргіш сөндіру қабілетіне ие бола алатын ең үлкен тоқ. Автоматты сөндіргіштер
Расцепитель номиналды тоқ, жұмыс тоғы, шыдамдылық уақыт тұрақтысымен сипатталады. Расцепительдің номиналды тоғы деп расцепитель үдерісін туғызбайтын ең үлкен тоқ.Автоматтарды таңдағанда келесі шарттарды білу қажет: 1. Автомат расцепителінің номиналды тоғы Iрц.ном есептелінген тоқтан үлкен болуы тиіс. Iрц.ном Iр2. Қысқаша тұйықтау режиміндегі автоматтың жұмыс тоғы қысқа мерзімді шамадан тыс жүктеме режиміндегі тоқтан үлкен болуы тиіс Iп . Iср.к.з = (1,25 – 1,35) Iп.3. Iср.п Iрц.ном. Автоматты сөндіргіштер
Рубильник Рубильник - 1 кВ жоғары кернеудегі айнымалы және тұрақты тоқ желілерін қосу және өшіру үшін қолданылады. Құрылысы бойынша:Бір полюстіЕкі полюстіҮш полюсті
Рубильникті таңдау кезінде келесі шарттарды білу қажет: Кернеу бойынша:Uном. Uуст;Жүктеме тоғы:Iном IнормIном Iмах