А?асы барды? жа?асы бар, інісі барды? тынысы бар


Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Н.Ә.Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев,Қазақстан президенті Дәстүрлі қазақ қоғамында елеулі орын алатын аға мен іні сыйластығы – этностың қорғаныс механизмінің қалыпты, әрі ырғақты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін әдеп нормалары және моральдық құндылықтар қатарында ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі. Қазақ тәрбиесінде інінің қашан да өзінен жасы үлкен ағасын сыйлап, ақылын тыңдап, әдепті ілтипатты, ізетті болуы талап етіледі, ағасы болса інісіне көмектесіп, қамқорлық көрсетіп жүреді. Ағалы-інілі адамдардың арасындағы қатынастың мұндай әлеуметтік ерекше мәні «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар»; «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, аға тұрып, іні сөйлегеннен без»; «Ағаға қарап іні өсер, апаға қарап сіңілі өсер»; «Ағаның үйі ақжайлау»; «Жеңім жаман болса да, жағам жақсы, өзім жаман болсам да, ағам жақсы»; «Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол»; «Өз ағасын ағалай алмаған кісі ағасын жағалай алмайды» деген мақал-мәтелдерден де аңғарылады. Бұл мақалдар туысқандар арасындағы өнегелі қарым- қатынасты, үлкенді-кішілі адамдардың өзара сыйластығы, қайырымдылық пен адалдығының нормалары тәрізді . Оқулықпен жұмыс Менің ағам, інім бар. Ағамның сүйікті ісі – атқа міну, дойбы ойнау. Ал, інімнің сүйікті ісі – сурет салу. Ол көп сурет салды. Менің ағам – дойбыдан жарыста бірінші орын алды. Ал інім мектепте сурет жарысынан екінші орын алды. Менің ағам да, інім де еңбекқор. Мен оларды мақтан тұтамын.  Аға :   Сәлем, інім! Қалын қалай?Іні :  Сәлем, аға менің қалым жақсы.Аға : Жақсы, сен сабаққа сурет салып барасың ба?Іні : Иә, менің сүйікті ісім – сурет салу ғой. Аға : Ал мен бүгін дойбы ойнаймын.Іні : Сау бол, аға.Аға : Рақмет, сау бол,іні. Отбасы мүшелері Әже Ата Әке аға бала Ана Әпке іні қарындас Сіңлі «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.Атаның баласы болма,.............................  ( халықтың баласы бол)Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),  Атаң болса анаңмен – Алтыннан соққан қорғаның.Ағаң болса ақылды –Ешкімнен кем болмадың.Інің болса жан ашыр –Семсер қылыш білегің.Ақылды қыз, ақылды ұл –Өкпе, бауыр жүрегің Отан басталады Ел іші – алтын Туған жердің де ыстық, де ыстық Туған жерге тік. Үйге тапсырма : Негізгі оқулықтағы 19 бет, 3 - тапсырма. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазу, тұрлаулы мүшелерді табу , мәтінді түсініп оқып , “Көке” сөзінің мағынасын анықтау.