Сыныптан тыс шара То?ыз тос?ауыл


Тақырыбы: «Тоғыз тосқауыл!»Мақсаты:  «Балаларды қиын сәттерден жол тауып шыға алуға, мейірімділікке үйрету. Қызбала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Көрнекілігі: сынып мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.Сабақтың барысы:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы ұстаздар, ардақты аналар, сүйкімді оқушылар! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Бүгінгі алда тосқан тоғыз тосқауылдан сүрінбей өтуге бел буған аруларымыздай осындай жақсы қасиеттерге бай. Ендеше ару қыздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
- Қоржыннан асық ала отырып, өздеріңіздің реттік нөмерлеріңізді таңдаңыздар.
Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейікСайыс 9 кезеңнен тұрады. І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»ІІ кезең: Өз өнерлерін көрсету
ІІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы».ІV кезең: «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап.V кезең: «Қыз қылығымен тәтті». VІ кезең: «Қызықты жемістер»«Ас қадірін білмеген аштан өлер,Ат қадірін білмеген жаяу қалар»VІІ кезең. Ойлан тап! Ойыншықтар орны ауыстырылып қойылады, әр ойыншықтың орнын дұрыс табу керек.
VІІІ кезең: «Бүрмелі көйлек» - сән үлгісі.
ІХ кезең: «Әділқазылардың әділ бағасы»
Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалыкпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. – ӘділқазыларӨнер қуып арулар өтер деймін,
Алдағы мұратына жетер деймін.
Бұл сайыста арулар  кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін. – таныстыру.
ІІ кезең: Өз өнерлерін көрсету .
ІІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы». Қағаз, желім, қайшы беріледі.Қыздар соларды пайдалан отырып жазғы демалыстан алған әсерлерін бейнелейтін бір затты жасайды.
ІV кезең: «Білімді мыңды жығар».
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында. Мақалдарды жалғастырыңдар.
Ауылдан асқан байлық,
________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
Талапсыз жас,
Қанатсыз_________. /құс/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/
2. _______ көңілі балада. /ананың/
3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
4. Жеті қат көкке жататындар (ай, меркурий, шолпан, кұн, марс, юпитер, сатурн).
5 Жеті ғалам. (күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан жоғары ғалам, жер орта ғалам, жер асты төменгі ғалам).
6. Жеті мүше (бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш)
7. жеті жұт (зілзала, соғыс, өрт, сел, қуаншылық, індет, ақ қар – көк мұз)
8. Жеті қазына (жүйрік ат, құмай тазы, қыран, мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ)
9. жеті жоқ (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, аста тамыр жоқ, аллада бауыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
V кезең: «Қыз қылығымен тәтті». VІ кезең: «Қызықты жемістер»
VІІ кезең. Ойлан, тап! Ойыншықтар орны ауыстырылып қойылады, әр ойыншықтың орнын табу керек:
VІІІ кезең: «Бүрмелі көйлек» - сән үлгісі.
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде! Рахмет!!