«?аза?станны? к?рнекті суретшілері.?аза?станны? е? ?здік к?ркемсурет м?ражайлары»
Пәні: Бейнелеу өнері Реті: 8-сабақ Сынып: 6 сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның көрнекті суретшілері.
Қазақстанның ең үздік көркемсурет мұражайлары»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі; Қазақстанның көрнекті суретшілері.
Қазақстанның ең үздік көркемсурет мұражайларымен таныстыру.
ә) дамытушылығы; Қазақстанның көрнекті суретшілері мен Қазақстанның ең үздік
көркемсурет мұражайларымен таныстыра отырып оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі; Эстетикалық, патриоттық және талғампаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ- жауап, жаңа білімді меңгеру, сарамандық жұмыс.
Көрнекілік: Слайд, иллюстрация
Сабақтың түрі: Өнерді қабылдау
Сабақтың барысы; І Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу және сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй жұмысын сұрау
1. Суретші өз картинасында қандай түстерді көбірек қолданған?
2. Өзің таңдаған картинаны әңгімелеп бер?
3. Айвазовскийдің «Тоғызыншы толқын» картинасында бейнеленген оқиға туралы
айтып бер.
4. Қазақстан суретшілерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақстанның көрнекті суретшілері.
Ш.Уәлиханов салған суреттер; туған елінің табиғаты, көне ескерткіштер, тұрмыстық заттар, костюм, портрет , т.б.
Шоқан салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болғандықтан, оларды түгелдей кәсіптік өнерге жатқызбайды. Шоқан салған сурет.
Ш.Уәлиханов.
Қазақстанның реалисттік бейнелеу өнері
Н.Г.Хлудовтың (1850-1935) есімімен байланысты.
Қазақстанға 1877 жылы келген ол географиялық экспедицияға қатысып, бірнеше акварель және кескіндеме полотноларын жасады. Ұлттық колориты мен этнографиялық жағынан үстірттігіне қарамастан Хлудов шығармалары көркемдік құндылыққа ие болды.
А.Бортников. «Жайлаудағы Хлудов»
Н.Г.Хлудовтың бейнелеген суреттері;
Қазақстанның таулы табиғатын,
қазақтардың тұрмыс-тіршілігі
1929 жылы Түрксіб құрылысынан Алматыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы Ә. Қастеев оқуға келді. Оның әкелген суреттерінен темірқанат талаптың болашағы зор екендігі көрінді.
«Соңғы хабар» Абай портреті «Томар» колхозы
Кескіндемелік жұмыстары қазақтың кең даласында болып жатқан өзгерістерді шынайы бейнелеген суретшілер;
- Ә. Қастеев,
- Н.Крутилников,
- Е.Сидоркин,
- Ш.Кенжебаев,
- С.Мәмбиев,
- Қ.Телжанов,
- М. Кенбаев,
- М. Лизогуб және басқа суретшілер
Суретшілер қоршаған ортада және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаларды бақылап әрі талдай отырып, сезім, тебіреніс әсерлерін өз туындылары арқылы көрсетуге тырысады.
Қазақстанның ең үздік көркемсурет мұражайлары.
Қазақстанның Мемлекеттік өнер мұражайы – ТМД аумағындағы ең ірі мұражайлардың бірі. Мұнда баға жетпес рухани қазыналар сақталған.
Қазақ даласында мұражайдың ашылуы.
1934 жылы шығыс өңірінің Мәскеу залында қазақстандық суретшілердің мерейтойлық көрмесі өтеді. Көрме мәскеулік суретшілер мен Қазақстанның талантты бір топ жас суретшілерінің арасында шығармашылық байланыс орнауына түрткі болады.
Көрме негізінде 1935 жылы Т.Шевченко атындағы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы құрылды. Галереяда небары 43 картина болды.
1936 жылы Мәскеу мен Ленинград мұражайларынан 200-ге жуық картина әкелінді. 1937 жылы галерея есігі ашылды.
Тарас Григорьевич Шевченко – академик, украин және орыс халықтарының ақыны, прозашы, суретші, этнограф .Галерея (франц.galerie,итал. galleria), бір жақ қабырғасы түгелдей бағаналардан тұратын төбесі жабық ғимарат
1950 жылдары Қазақстан суретшілері, мүсіншілері, графиктері мен кескіндемешілерінің ең таңдаулы шығармалары жинақталды.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ашылуы.
1976 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайы деген атқа ие болады. Көп кешікпе мұражайға Ә.Қастеев есімі беріледі.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының сыртқы көрінісі
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының залы
Өнер мұражайында 14 зал бар:
11-інде Қазақстанның қазіргі заманғы мүсін өнері,
Ә.Қастеев мемориалдық залы,
Қазақ халқының қолданбалы өнері,
Орыс халқының өнері,
Батыс еуропалық өнер,
Кеңес кезіндегі өнер,
Шығыс халықтарының өнері,
Үш зал уақытша көрмелер үшін пайдаланылады
Қазақстанның ежелгі өнері залында;
Жартасқа салынған петроглиф-өрнектер,
Қолданбалы өнер,
Ірі және ұсақ пластиктер-тас,
Қола және ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер,
Ұлттық сәулет өнерінің озық үлгілері.
18218155461000
Мұражай экспозициясынан барлығы 20 мыңнан астам қазіргі заманғы және ежелгі қолданбалы өнердің түпнұсқаларын, қазақстандық және шетелдік суретшілердің кескіндеме өнеріндегі бірталай жинағын кездестіре аласыз.
Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы :
Мұражай қорында ХХ ғасырдың 20-80-жылдарындағы Кеңес заманындағы барлық өңірлердің өнерін көрсететін алуан түрлі коллекциялары бар.
«Қазақстан өнерінің тарихы» бөлімі
ХХ ғасырдың басынан танымал қазақстандық кескіндемеші Н.Хлудов бастаған ерте кездегі шығармалар, сондай-ақ оның шәкірттері Ә.Қастеев, Н.Соловьевтің шығармаларынан бергі еліміздің кәсіби бейнелеу өнерінің дамуы мен қалыптасуы туралы бар
Қазақ халық сәндік- қолданбалы өнері бөлімі
Ұлттық кілемдер (текемет, алаша, сырмақ және т.б.)
Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары (күміс,седептен)
Ағаш,
Былғарыдан жасалған бұйымдар.
Мұражай қорында;
Ресей,
Украина
Орта Азия
Кавказ
Балтық теңізі бойындағы мемлекеттерден әкелінген
кескіндеме және графика туындыларының баға жетпес коллекциялары
орналасқан.
Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайы
1985 жылы Семей қаласында құрылған.
Мұражай қорында;
Революцияға дейінгі Ресей,
Батыс еуропалық кескіндеме мен гравюра,
Қазақстан және ХХ ғасырдағы ТМД елдерінің өнерін
көрсететін 3500-ден астам экспонат бар.
Мұражайдың қалыптасуына 1988 жылы Мәскеулік коллекция жинаушы
Юлия Невзорованың отбасы ХҮІІІ ғ. соңы мен – ХХ ғасырдың басындағы
А. Лосенко, М. Иванов, В. Лебедев, К. Брюллов, С. Щедрин, В. Тропинин,
А. Венецианов, В. Перов, И.Шишкин, В. Верещагин, Ф. Васильев, В.Маковский, В.Серов, К. Коровин және т.б. кескіндеме және графика картиналарын мұражайға сый ретінде ұсынды.
Коллекция- біртектес заттардың жүйеге келтірілген жиынтығы.
Осындай заттарды жинаумен айналысатын адамды «коллекция жинаушы» деп атаймыз.
Қазақстанның мұражай тарихында болып көрмеген Невзоровтар отбасының игілікті ісінің арқасында барлығы 500-ге жуық шығарма Семей қаласының мақтанышына айналды.
Ү. Сабақты бекіту
1. Ш.Уалихановты кім деп танимыз?
2. Ш. Уалиханов салған суреттерін неге кәсіптік өнерге жатқызбайды?
3. Қазақстанда реалисттік бейнелеу өнерінің оянуы кімнің есімімен байланысты болды?
4. Н.Г. Хлудов қазақтың жас суретшілері үшін не істеді және оған кімдер келді?
5. Әр түрлі суретшілер шығармаларын салыстыра отырып, ерекшеліктерін ашуға тырыс.
6. Қазақстанның ең үздік көркемсурет мұражайларын ата?
7. Мұражайдың ұйымдастырылуына не түрткі болды?
8. Ең алғашқы сурет көрмесі кімнің атымен аталды және онда қанша картина бар еді?
9. Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайы қай жылы Ә.Қастеев атындағы мұражай деп
танылды ?
10. Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында Халықтың қандай рухани құнды қазыналары
бар?
11. Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайының Невзоровтар атындағы мұражайы деп аталу
себебін айт?
ҮІ. Үйге тапсырма. 26-30 беттерді оқу. Қазақстан суретшілерінің шығармаларын білу.
ҮІІ. Бағалау. Жұмыс орнын тазалап кету.
Пән мұғалімі: Белгибаева Ж.Д.