Дарынды ?стаздан дарынды ш?кірт шы?адыма?ала


Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады
Атамекен мектебінде «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» тақырыбында семинар болып өтті.Семинар дарынды оқушыларды анықтау, жоспар құрудағы тың өзгерістер, тәлім-тәрбие ісінде кәсіби шеберлікке ұмтылу, шәкірттің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды мектептің ғылыми істер бойынша директор орынбасары М.Болысов, директордың тәрбие істері бойынша директор орынбасары Н.Сартаева ашып берді. Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Аманғалиева Дәмелі «Дарынды баламен жұмыс жасау жоспары» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында дарынды оқушыларды анықтауда әр бір мұғалім белсенділік танытуы қажеттігін атап, осы бағытта жұмыстануға болатын жоспар құрылымын көрсетті. Бұдан кейінгі баяндаманы тәжірибелі ұстаздардың бірі, физика пән мұғалімі Утесинова Дина «Дарынды оқушыны ғылыми жобамен айналысуға баулудағы ерекшеліктер» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама мазмұны бойынша ол оқушыларды ғылыми жұмыспен айналысуға баулудың қыр-сыры, бағыты жөнінде біраз мағлұматтар берді. Мектеп психологы Абитова Камшат «Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі» тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. Тренинг кезінде мұғалімдерді екі топқа бөліп, тапсырмалар берді. Берілген мақалдардың мазмұнын оқушыларға түсіндіруде қандай суреттерден пайдаланар едің деген тапсырмаға сәйкес постер құраған мұғалімдерден тамаша ой пікірлер байқалды. Тренинг соңында дарындылар және көшбасшылар атына ие топтар анықталды. Семинар мұғалімдерге үлкен ой салды деуге болады. Олар дарынды оқушылармен жұмыс жасау жоспарларына енгізуге болатын өзгерістер және ой-пікірлерімен бөлісті. Мазмұны бай, айтары көп осындай семинарлар әлі де көп ұйымдастырылатынына сенімдіміз.
Атамекен орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бақытжанова Құндыз