Шо?ан У?лихановты? 180 жылды?ына арнал?ан о?ушылар?а арнал?ан тапсырмалар


Қазақстан тарихы пәнінен ерекше бақылау және тексеру тапсырмалары
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сынау, бақылау, тексеру
Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған
оқушыларға арналған тапсырмалар
Қазақстан тарихы 8 класс
Тапсырма орындау уақыты 1 сағат 15 минут
_____________ ________ __________ ___________
Фамилия Аты Әкесінің аты Сыныбы
Жауап кестесі
Тапсырмалар 1 2 3 4 5 Тапсырмалар 6 Тапсырмалар 7 Тапсырмалар 8 Тапсырмалар 9 Тапсырмалар 10 Тапсырмалар 11 1 2 3 4 5 Тапсырмалар 12 1 2 3 4 5 Тапсырмалар 13 1 2 3 4 5 Тапсырмалар 14 1 2 3 4 5 Тапсырмалар 15 1 2 3 4 5 Тапсырмалар 16 Тапсырмалар 17 Тапсырмалар 18 Тапсырмалар 19 Тапсырмалар 20 Тапсырмалар 21 Тапсырмалар 22 Тапсырмалар 23 Тапсырмалар 24 Тапсырмалар 25 Жұмысты орындау нұсқаулығы
Тапсырма орындауға 1 сағат, 15 минут беріледі. 4 бөлімде 25 тапсырма бар. 1 бөлім (1 – 5) бес тапсырмаларан тұрады, 1 балмен бағаланады. Бірнеше жауаптардың біреуі ғана дұрыс болуы керек.
2 бөлім (6 – 10) бес тапсырмалардан тұрады, 3 балмен бағаланады. Бірнеше жауаптардың үшеуі ғана дұрыс болуы керек.
3 бөлім (11 – 20) он тапсырмалардан тұрады, 5 балмен бағаланады. (11-15) тапсырмаларда ағандағы оқиғаларды сәйкестендіру керек. (16-20) тапсырмаларда хронологиялық ретпен орналастыр.
4 бөлім (20 – 25) бес тапсырмалардан тұрады, 6 балмен бағаланады.
Бірінші бөлім. Бұл 1-5 тапсырмаларда бес жауаптың тек бір ғана дұрыс жауабы бар.
Сұрақ №1 Шоқан Уәлихановтың арғы бабасы кім?
1) Төле би
2) Әмір Темір
3) Әбілқайыр хан
4) Абылай хан
5) Қасым хан
Сұрақ №2 Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүрді:
1) 1830-1860 жж.
2) 1538-1580 жж.
3) 1835-1865жж.
4) 1865-1825 жж.
5) 1945-1995 жж.
Сұрақ №3 Шоқан Омбы кадет корпусына қай жылы оқуға түсті:
1) 1847ж
2) 1846ж
3) 1845ж
4) 1844ж
5) 1843ж
Сұрақ №4 Төмендегі атаулардың қайсысы Шоқанға тән емес:
1) Қазақтың ең соңғы ханзадасы
2) Мұхаммед-Ханафия
3) Шоқан
4) Шота
5) Қанаш 
Сұрақ №5 "Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымына аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды" сөзінің авторы:
1) Фёдор Михайлович Достоевский
2) Григорий Николаевич Потанин
3) Владимир Афанасьевич Обручев
4) Михаил Антонович Усов
5) Александр Николаевич Веселовский
6) Николай Михайлович Пржевальский
Екінші бөлім. Тапсырма 3 балмен бағаланады. Берілген алты жауаптың үш дұрыс жауабын белгіле.
Сұрақ №6 Шоқанның орыс достары:
1) Фёдор Михайлович Достоевский
2) Григорий Николаевич Потанин
3) Владимир Афанасьевич Обручев
4) Михаил Антонович Усов
5) Александр Николаевич Веселовский
6) Николай Михайлович Пржевальский
Сұрақ №7 Шоқан Уәлиханов зерттеген үш аймақты белгіле:
1) Қытай
2) Алатау қырғыздары
3) Парсы елдері
4) Үндістан
5) Тарбағатай-Жетісу
6) Қашқария
Сұрақ №8 Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына кімдер ықпал етті?
1) Н. Ф. Костылецкий2) ІІ Александр
3) Шормановтар
4) әжесі Айғаным
5) декабристер
6) Мавзолей Алаша хана
Сұрақ №9 Шоқанның ауыл мектебінен меңгерген тілдері:
1) Араб
2) Орыс
3) Парсы
4) Француз
5) Шағатай
6) ұйғыр
Сұрақ №10 Шоқанға берілген атақтар:
1) 4-дәрежелі ізгі Владимир ордені
2) Хорунжий атағы
3) Қазақ халқының ағартушысы,ғалымы
4) Қасиетті Анна ордені
5) Күміс медальмен марапатталды
6) штабс ротмистр әскери атағы
Үшінші бөлім. Тапсырма 5 балмен бағаланады. 11-15 тапсырмаларда екі бағандағы жылдар мен оқиғаларды сәйкестендіріңдер.
Сұрақ №11 Жылдар мен оқиғаларды сәйкестендір:
1) 1856ж A) Генерал Черняевтің экспедициясына қатысады.
2) 1857ж B) Аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.П. Семенов-Тянь-Шанкиймен танысты
3) 1857ж C) Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорт экспедициясына қатысады
4) 1864ж. D) Алатау қырғыздарына сапар шекті
5) 1855ж E) Ш. Уәлиханов П.П. Семенов-Тянь-Шанкийдің көмегімен Орыс географиялық қоғамының мүшелігіне қабылданды.
Сұрақ №12 Ш. Уәлиханов салған сурет пен атауларды сәйкестендір:
1) A) Қозы Көрпеш –Баян сұлу моласындағы балбал тастар
2) B) Сырымбет
3) C) Аягөз өзені жағасындағы балбал тастар
4) D) Тезек Төре
5) E) Шоқан және өнер Шоқанның інілерінің суреттері
Сұрақ №13 Шоқан Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, құнды тарихи деректер қалдырған. сол тарихи ескерткіштер мен атауларды сәйкестендір:
1) A) Ер Едіге
2) B) Аяққамыр

3) C) Жұбан ана
4) D) Алаша хан мазары
5) E) Қойлыбай бақсы
Сұрақ №14 Автор мен оның айтқан пікірлерін сәйкестендір:
1) Қоңыр Мандоки) A) «Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде – ақ оның білімінің бізден артықтығы  танылып қалатын».
2) Григорий Потанин B) «Әлемдік ғылыми ортада бір ауыздан мойындалатын ғалымдар көп емес. Санаулы ғана, сол санаулылар ортасында бірегей тұлғаның бірі қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білемін».
3) Мұхтар Әуезов C)«Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып, ой кешіп отырғанда Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?»
4) Григорий Потанин D)«Қазақ жері талай ғұламаларды дүниеге әкелді.Өздерінің барлық ізгі тілектері жас жеткіншектердіңұлттық дүниетанымының қалыптасуына, дамуына арнаған ағартушыларымыз – Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Халықтың дүниетанымы өзен болса,ал үшеуі сол өзенге құйған үш саласындай».
5) Шыңғыс Айтматов E) Орта жүзден шыққан қазақ, қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Шыңғыс ханның ұрпағы атақты Абылай ханның шөбересі, керемет дарын иесі – Шоқан  Уәлиханов!
Сұрақ №15 Сәйкестендір :
1) Шыңғыс A) 1823 жылы І Александрдың атына хат жазып, 1824 жылы Сырымбеттен өзіне құны 5 мың рубльге тең қоныс салдыртады.
2) Айғаным B) Үш жүздің басын қосқан хан
3) Уәли C)  Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: 
4) Абылайхан D) нағашылары
5) Шорманов E) Жасынан билікке араласып, арғын тайпасының билеушісі болды, бірнеше рет әкесінің тапсырмасымен елшіліктерді басқарды.
Сұрақ №16 Төменде берілген мәтінді ретімен құрастырып жаз.
1) 1858ж маусым айында Семей бекінісінен жеті бай саудагер жақсы жабдықталып 101 түйе, 65 жылқы, 6 киіз үй, 41 қызметкер ертіп 20 мың сомға (күмыс ақшамен) бағаланатын затар тиеп Қашғарияға бет түзеді. 
2) Олар Жоңғар Алатауынан өтіп, Іле өзеніне келгенде өзеннен өтудің өзі 3 күн уақытты алады. Іледен өткеннен кейін керуен Сөгеті, Торайғыр, Үш Мерке асулары арқылы 17 күн жүріп Қырғыстан жеріне келеді. 
3) Шоқан Әлімбай деген саудагердің атын жамылып, саудагер кісінің кейпінде Қапал бекінісінің маңындағы Қарамола деген жерден саудагер тобынакеліп қосылды. Шоқанның Қашғарияға саяхаты осы жерден басталды. 
4) Қытайлар Қашғарияға Ыстыкөл маңынан келген саудагерлерді тек қана малмен өткізетін болғандықтан бұл өңірден айырбас сауда жасап мал жинайды. Керуен (тамыз айы) 1 айдан қырғыздан 3 мың қой, 6 жылқы және біраз аң терілерін жинап әрі қарй сапарын жалғастырды.
5) Қазан айының Зауқы аталатын шатқалға келіп кіреді. Зауқы шатқалы ең қиын өткел болды. Шатқал 1500 метрлік қия өрмен аяқталады. Жүк артқан ат –түйелер жылтыр тастан аяқтары тайып кейбіреулері құзға құлап та жатты. 
Сұрақ №17 Шоқанның ата-тегін хронология бойынша орналатыр:
1)
2)
3)

4) 5)

Сұрақ №18 Хронология бойынша есімдерді ретімен орналастыр:
1) Уәли
2) Шыңғыс
3) Көркем Уәли
4) Шоқан
5) Абылай
Сұрақ №19 Төмендегі оқиғаларды хронология бойынша орналастыр:
1) Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Кейін ол: «Тәңірі», «Қазақстандағы шамандықтың қалдығы» деген еңбек жазады.
2) Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады.
3) Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Ол сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайлы көп мәліметтер жинайды. Бұл мәліметтер Шоқанның дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болып есептеледі.
4) Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан коллекция жасаған
5) Шоқан М.М.Хоментовский басқарған экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елінің географиялық жағдайын зерттеп, Ыстық көл аймағын картаға түсіруге тиіс болды.
Сұрақ №20 Төмендегі оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыр:
1) Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан коллекция жасады.
2) Қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келді
3) Семенов Тянь-Шанскийдің ұсынуымен Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады
4) Көкшетау қаласында Ш.Уәлихановтың мүсіндік ескерткіші орнатылды
5) Шоқан Уәлиханов Омбы кадет корпусын бітіреді
Төртінші бөлім. Тапсырма 6 балмен есептеледі. Берілген 21-25 тапсырмалардың жауабын жаз.
Сұрақ №21 Шоқанның азан шақырылып қойылған аты – Мұхаммед-Ханафия. Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы хазірет Әлидің ең батыр ұлының құрметіне әрі «Болашақтың Мұхаммед-Ханафиясы болар ма екен?» деген тілекпен Қалқай ишан балаға осы атты қояды. Бірақ анасы Зейнептің оған тілі келмей, сәбиін ________ деп, ал былайғы жұрт «Шоқан» деп атап кетеді. («Қанаш»)
Сұрақ №22
"________ ноғайлының Талас пен Шу бойында көшіп-қонып жүрген бір руының биі Жақып байдың баласы. ________ жыл санап емес, күн санап өседі, он алты жасқа келгенде аты шулы батыр болады. Ақ жүзі ақша қардай хан қызы Қаныкейді алғанына місе тұтпайды. Қалмақ ханының шашы өкшесіне жететін сұлу қызы бар деген хабарды естіп, _______ өзінің қарт әкесін сол сұлуға айттырып келуге жұмсайды. Хан бұған намыстанып: «Менің қызыма ханның ұлы лайық, сенің ұлыңа бидің қызы лайық» - деп жауап қайтарады. Жақыптың ұлы жас _______ қалмақтың ханынан қорқып тайсалмайды, сөйтіп ол қолына қару алып, соғыс бастайды да, ұзын шашты сұлуды күшпен тартып алады". (Манас)
Сұрақ №23 Бұл картада қай қаланың аты көрсетілмеген. ҚАШҚАРИЯ

Сұрақ №24 Суретте көрсетілген жер атын жаз.

Сұрақ №25
Қашғария – Қытайдың солтүстікте Тянь-Шань, оңтүстікте Куньлунь, батыста Памир, шығыста Бэшань тауларымен тұйықталған батыс бөлігі. Қашқарияның көп жерін Такла-Макан шөлі алып жатыр. Қала халқы ірі-ірі алты қалада орналасқан. Сондықтан «______________» деп те атаған. Қашғария аталу себебі, хандықтың орталығы болған Қашғар қаласының атына байланысты.  Ежелден ұйғар халқы қоныстанған бұл өлкені XVIIIғ-ң ІІ жартысында (1759ж) Қытай империясы басып алды да ұйғырларға қысым жасай бастаған.
Шоқанға дейін Қашғария орта ғасырларда Винеция саяхатшысы Марко Поло XVII ғасырда барып, жартылай аңыз ертегіге айналған әңгімелермен ғана шектелді. VXII ғасырда 1603ж. Португал саяхатшысы Гоес жазбаларында Шығыс Түркістаның Қашғар, Яркент қаласының атауы ғана аталады. ХІХ ғ-ң ортасында Еуропа елдері үшін жұмбақ әлем болып қалған. Жұмбақ әлемнің сырын ашу қазақ ғалымы Ш. Уәлихановтың үлесіне тиді.  (Алты шаһар елі)