КОМПЬЮТЕРДІ? ??РЫЛЫСЫ КОМПЬЮТЕРДІ? ??РЫЛ?ЫЛАРЫ


«Бірлесу - Еңбек» орта мектебі
Ашық сабақ
1116965676275
22879055683250
Пәні: Информатика
Сыныбы: 5
Пән мұғалімі: Крикбаева Ильмира
2014 - 2015 оқу жылы
Күні: 07.10.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу.
Компьютердің құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу.
Дамытушылығы: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, қоғам мүлкіне
жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:Кестелер, компьютер құрылымдары.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру
Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Сабақты қорытындылау
Өткен материалдар бойынша қайталау сұрақтары:
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпаратты қандай дене мүшелеріміз арқылы қабылдаймыз?
Ақпаратты қайда сақтаймыз.
Ақпараттық процесстер дегеніміз не?
Жаңа сабақ:
Тақырып арнайы электрондық оқу құралын көрсету арқылы арқылы түсіндірледі.
Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырамыз.
ДК-дің құрылғыларының ішіндегі маңыздылары мыналар: жүйелік блок, монитор, пернтақта. Себебі бұларсыз компьютер жұмыс жасамайды. Басқа құрылғылар да пайдалы, бірақ оларсыз компьютер жұмыс жасай алады.
Компьютердің барлық құрылғылары бір-біріммен шнурлар арқылы жалғастырылады.
ДК-дің процессоры мен жедел жады ішкі құрылғысы болып табылады.
Басқалары: монитор, пернетақта, маус, модем, т.б. сыртқы құрылғылар болып табылады.
Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.
Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
ПРоцессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна немесе шина деп атайды.

Ал енді компьютердің ішкі құрылғыларымен жақын танысайық.
Жүйелік блок.

Жүйелік блок ішінде ең маңызды құраушылар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар қоректендіру блоктарымен (блок питания) бірге қоыйлады.
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп атайды.
Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (перифериялық) деп атайды.
Компьютердің ішкі құрылғылары:
Процессор.
Процессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.
Ең көп тараған процессордың түрі: Пентиум. Мұндай процессорлар орнатылған компьютерлерді Пентиум деп атайды.
Процессор – компьютердің басты бөлігі.
Процессор – компьютердің миы. Ол компьютерді басқарады және прогаммадағы барлық командалырды орындайды. Компьютердің кез келген жұмысы процессордың қатынасынсыз орындалмайды.
Компьютердің атқарасын жұмысының бәрін , шын мағынасында, оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады.
Компьютердің екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау және жедел есте сақтау.
Аналық тақша (материнская плата) – ДК-нің негізгі тақшасы.

Оған мыналар енгізілген:
Жедел жад (ЖЖҚ-жедел жадтайтын құрылғы) – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
Жедел жад.
Жедел жад бұл деректерді уақытша сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілемі. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір ұяшықта 1 байт ақпарат сақталады.
Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақшадағы сәйкес ажыратпаларда қондырады.
Жедел жадтың сипаттамасы – оның сыйымдылығы. Қазіргі уақытта жедел жадтың көлемі 128 МБ, 256 МБ, 512 МБ, 1ГБ болып келеді.
Жедел жад. Бір адрестелетін ұяшықтың 8 екілік ұяшығы бар, онда 8 бит деректер сақтауға болады. Жедел жадтың негізгі мінездемесі – оның сыйымдылығы және жылдамдығы. Процессор мен ЖЕС ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы болып табылады. Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақтадағы сәйкес ажыратпаларға қондырады. Жедел жадың негізгі сипаттамалары жад көлемі (4,8,16,32Мбайт) және қатынау уақыты.
Компьютерді қосқан кезеңде оның жедел жадында ештеңе – деректер де , бағдарламалар да болмайды, бірақ процессорге әуелі алғашқы қосу кезеңнен кейін командалар керек.

Процессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхе
ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.
Тұрақты есте сақтау- ол компьютер құрастырушы фирма қондырған схема түрінде жасалған жад. Компьютерді алғаш рет қосқанда ақпарат ТЕС-дан алынады да, содан соң компьютерге орналастырылған операциондық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде тұрақты есте сақтауда сақталынған ақпарат өшірілмейді.
ТЕС: информацияларды тұрақты есте сақтау жады. Компьютерді өшіргенде ТЕС-дағы информация бұзылмайды. Бұнда жазылған командаларды оқуға болады. ЖЕС: информацияны уақытша сақтау жады. Компьютерді өшіргенде информация өшеді.
ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі.
Компьютерді қосқан кезде оның жедел жадында ештеңе – деректер де, бағдарламалар да болмайды. Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Ал жедел жады әзірге бос болғандықтан одан басқару жүрмейді, процессор ТЖҚ-ға қатынасады. ТЖҚ компьютер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт сақтай алады. ТЖҚ-дағы бағдарламалар компьютерді дайындау кезінде жазылады.
ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплекті енгізу шығару базалық жүйесін (BIOS – Basic input output system) құрады.
Бұл пакеттік бағдарламалардың міндеті – компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілетілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.

Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.
Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар)
Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны

Сабақ түсіндіріліп біткеннен кейін оқушыларға тапсырма беріледі
Сабақты бекіту:
Тапсырма: Кестені толтыру.
Құрылғылар Орналасуы
Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде Жүйелік блоктың ішінде Жүйелік блоктың артқы панелінде
Монитор портыҚатқыл диск Компьютердің қосу/өшіру батырмасыАналық тақша Микрофон мен колонкаларға арналған кірістерБейнетақша ДискіжетекПроцессор Электрмен қоректендіргіш бауыCD-ROM Модем мен сканерге арналған порттарҚоректендіру блогыДыбыс тақшасы Компьютерді қайта жүктеу батырмасыПринтер порты Маус пен пернетақта порттарыЖедел жадыЖелілік тақша порттары. Сабақты қорытындылау сұрақтары:
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
Сыртқы және ішкі құрылғылардың айырмашылығы қандай?
Шина дегеніміз не?
Контроллер немесе адаптердің атқаратын қызметі не?
Компьютердің ең негізгі тақшасы?
Процессордың атқаратын қызметі қандай?
Жедел жад пен тұрақты жадтың айырмашылығы қандай?
Оқушыларды бағалау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене
қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
Үйге тарсырма: Компьютердің құрылымы