Баяндама: «ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ АР?ЫЛЫ О?УШЫ ТІЛІН ДАМЫТУ»


ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТІЛІН ДАМЫТУ Мақсаты:
Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. «Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді. Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: • барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; • ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту. «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін , мұғалімге оның ториясын терең білу міндеті жүктеледі. Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады. Транцформация әрекетін жетілдіру: •Заттарды бөліктер арқылы құрастыру; •Объектілер арасындағы қатынастарды анықтай білу. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру: • Салыстыру; • Талдау; • Жинақтау; • Қорытындылау; • Жүйелеу. Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту: • әр түрлі болжам, пікір айта білу; •мәселені шешудің бірнеше тәсілін ұсынады. Тіл дамыту жұмыстары Ойындық әрекеттер: •Ролге бөліп талдау; • Көріністер; •Сөзжұмбақтар, ребустар. Оқушыны қандай да бір әрекеттің авторы ретінде өзіне-өзін таныту: •Конференция, олимпиада; •Газет-журналдарына басылым. Ауыз әдебиеті үлгі -лерімен, ұлы ойшылдар шығармаларымен таныстыру : • Ертегі, аңыз- әңгіме, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар; • Нақыл сөздер; •Өмірбаяны, шығармашылығы. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылады. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. «Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бастауыш сыныптарда тіл өнерін меңгертудің алғашқы баспалдағы ретінде оқушының сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді. Мысалы сауат ашу кезеңінде әріп үйретумен қатар әр әріпке байланысты ертегілер оқып, түрлі тақпақтар жаттатып сол әріптен басталатын көптеген заттардың суреттерін көрсету арқылы сөйлемдер құратуға болады. Осылайша әр әріппен танысқан кезде балалар әр түрлі ертегілер тыңдап, олардың мазмұнына тоқталып, әртүрлі тақпақтар жаттап, көптеген заттардың атауын біліп оларға сөз тіркестерін,сөйлем құрау арқылы балалардың сөздік қорын көбейтіп, тілін дамытуға болады. Баланың тілін дамытуға арналған логикалық тапсырмалардың түрлері: Анаграмма «К» әрпіне К К 1. Кісінің аты 2. Ұя салмайтын құс 3. Жанғыш пайдалы қазба 4. Тағам түрі 5. ... білім бұлағы 6. Жер қазатын құрал 7.Қыста ұйықтайтын жануар 8. Спорт түрі 9. Жәрдем жасау 10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой. …ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар. 2. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз. Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны.... Ұ, ү дыбыстарына мысал келтір. Мысалы: Ұ дыбысы:Ұядан, ұмытшақ, ұлу, ұшқыш,ұзартқыш, ... Ү дыбысы: Үйге, үйірсек, үкі, үстел, үнжария, . Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз. А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен. Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш А) __________________________________________ Ә) __________________________________________ Б__________________________________________ Сөйлем Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Айтылу сазына қарай үш түрі болады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады. Берілген сызба бойынша сөйлем құра. ________ __________ __________ . __________ __________ __________ ? __________ __________ __________! Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр. 1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды. 3. М.Әуезов 1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын. 5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды. _____________________________________________ _____________________________________________ _____________________________________________ _____________________________________________ Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз. 1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны. Зат есім тақырыбына мынадай логикалық тапырмалар орындатуға болады: 1.«Сөзжұмбақты шешіп көр». Бұл сөздер тобын не деп атайды? ( Ережесіне тоқталу) 2. «Кімге не керек?» екенін табыңдар. Сәйкестендіру тесті 1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар 2. Кімдер? 2. домбыра, гүл 3. Не? 3. оқушы , ана 4. Нелер? 4. әндер, құстар 5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар 6.Жалпы есім түрі: 6. қобыз, ән, құс Сәйкестендіру тесті 1. Қандай? 1. таза 2. Қай? 2. ақылды 3. Негізгі сын есім: 3. қара 4. Туынды сын есім: 4. ойлы Сәйкестендіру тесті 1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз 2. Нешінші? 2. екеу, жетеу. 3. Нешеу ? 3. жеті, он бір. 4. Дара сан есім: 4. он, алты. 5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы. 6. Есептік: 6. бірінші, оныншы 7. Реттік: 7. бір, екі, үш Сәйкестендіру тесті 1. Не істеді? 1. ұшты 2. Қайтті? 2. кісінеді 3. Неғылды? 3. оқыды 4. Негізгі етістік 4. барма, жүрме. 5. Туынды етістік 5. оқы, кел. Ана тілінен белгілі –бір тақырыпты өткен кезде «Суреттер мен сөздерді жұптастыру» ойынын өткізсе болады. Мұғалім алдын ала дайындаған суреттер мен олардың аттарын араластырып тақтаға орналастыру керек. Оқушыларға әр суреттің тұсына осы суретке қатысты сөзді орналастыру айтылады. Ойынды оқушыларды топқа бөліп ойнатса болады. Мысалы « Төрт түлік» тақырыбын өткен кезде: Түйе суреті құлын Жылқы суреті бұзау Сиыр суреті қозы Қой суреті лақ Ешкі суреті бота Балалардың ой-өрісін дамытуға, тілін жаттықтыруға, тіл байлығын арттыруға арналған ойын-өлеңдер, мазақтамалар, буын ұйқастарды балалар санасы тез қабылдайды. Ұят –ай! Бетін жумай Жұматай, Нан жеп отыр, ұят-ай!(Е. Ерботин) Еріншек. Ертең, ертең, ертең деп, Жүрер дәйім селтеңдеп, Ертеңіне кездессең Төмен қарар мөлтеңдеп.(Қ. Ыдырысов) Бұл өлеңдер, бір жағынан ұнамсыз қылықтарды, қасиеттерді түзетуге, жағымсыз мінездерді мінеп арылуға көмектессе, екінші жағынан осыған ұқсас-өлеңдер ойлауға, құрастыруға итермелейді. Бала тәрбиесінде жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдер олардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол. Мақал –мәтелдер- ой дәні, сөз мәйегі. Балалардың ақыл-есін молайтып, ой-өрісін кеңейтеді, адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке, еңбекке, өнер-білімге тәрбиелейді.Жаңылтпаш баланың тілін ұштап, асықпай еркін сөйлеуіне көмектессе, жұмбақ –тез ойлауға , шапшаң жауап беруге үйретеді.Сондықтан мен сабақтарымда балалардың тілін дамыту үшін, осы жаңылтпаш , мақал-мәтелдер, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамын. Мысалы: Жұмбақтар 1. Өзінше ноян, Қорқақ кім... (қоян) 2. Алмастан тыным, Шабады ... (құлын) 3. Бата алмас түлкі, Үсті тікен ... (кірпі) 4. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы ... (арыстан) *Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер. Жұмбақты оқып, қай әріп екенін тап. Қорада емес сарайда, Аспанда емес тоғайда. Отында жоқ күйеде, Жылқыда жоқ, түйеде. Қырда емес, сайда бар, Құнанда жоқ, тайда бар. Бұл жұмбақты шешетін Тапқыр бала қайда бар? Қай әріп? ........ Дыбысы жоқ болса да, Алфавитте орны бар. Оқылмайтын жазса да, Қай белгі ол табыңдар. ( ------------------ ) Қоянда бар, Шортанда жоқ, Шаянда бар. ( ------------------- ) Жұмбақтардың шешуі не туралы? Олар туралы баяндап бере аласың ба? Сидам аяқ, ұзын мойын: Таң қаласың көрсең бойын. Тілі - ұзын, жемі - тікен, Мейірбан жуас айуан екен. (Керік) Мүйізі бар тұмсықта, Өте қатал мінезі. Аяқтары қып-қысқа, Сом денелі аң өзі. (Мүйізтұмсық) Алшаң-алшаң басады, Құйрығында шашағы, Аң біткен одан қашады. (Арыстан) Жаңылтпаштарды тез қайтала және жаттап ал. Қай дыбыстың көп қайталанғанына назар аудар. *Өзің де дауыссыз дыбыстарға жаңылтпаш құра. Дәмді шөпті таңдаған, Дәмді шөпті толғаған. Дағдысынша Дуадақ, Даланы еркін шарлдаған. Шырмалған шырмауық, Шүпірлеп шығыпты. Шілдеде су ішпей бір ауық, Шытынап бұтағы сыныпты Өкпелеп қуып, Көшкен ауылды. Өкпем өшті, Өкшем ауырды. Лексикалық ойын. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады. Білімді............... жығады, білекті............... жығады. ............ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мақал-мәтел жаттайық. Мағынасын түсіндір. Әдептілік, ар -ұят - адамдықтың белгісі. Мақал- мәтелдің соңын тап. 1. Қыз өссе елдің көркі , ……………................................ 2.Досы жоқпен сырлас, досы көппен ……………………...... 3. Туған жердей жер болмас, ....................................................... 4. Әдепті бала арлы бала ....................................................... Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді? 1. Әкесінің баласы адамның дұшпаны емес, Адамның баласы бауырың емес. 2. Егер ісім өнсін десең, ретін тап па. 3. Мимен асқан қардан, бақпен асқан патша артық. 2 Қайғысызға жақ бол, қайғылыға сақ бол. 5. Адам баласына адам баласының бәрі- қас. Өтілетін тақырыпқа сәйкес орнымен қолданылған анаграммалар, өтірік өлеңдер, оқушылардың ойын тереңдетеді, тілін дамытады. Ана тілі сабағында берілген қасиеттерге сай заттарды тану үшін, жұмбақтар шешу, ертегілерден кейіпкерлердің түлкі-қу, қоян-қорқақ, қасқыр-жыртқыш екенін ұғындыру арқылы оқушылардың ойлау белсенділігін өз беттілігін дамытуға болады. Ойдан ертегі , әңгіме құрастыру. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құраудан басталып , бірте –бірте күрделене түседі. Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра. Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты? -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Осындай жұмыстар түрлерін топтастырып жүйелейтін болсақ мынадай сызба шығады. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру: Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту: Транцформация әрекетін жетілдіру: -жұмбақ, жаңылтпаштар, -мақал негізінде әңгіме құрау -жан-жануарларды сипаттау -шығарма,мазмұндама,эссе жазу -ертегіні тыңдау,сурет арқылы мазмұнын бекіту -бақылау, байқау -мысал ертегілерді сахналау(рөлге бөлу, ойнау) -ребус құрау -буын ұйқастары арқылы өлең шығару -табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар ойлау -әңгіме, -ертегінің сюжетін бастап беру, оқушыға аяқтауды тапсыру, -белгілі тақырыпта әңгіме оқып, басқаша аяқтау Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады Оқушылардың тілін дамыту үшін: • Балалардың ой-өрісін дамытуға, тілін жаттықтыруға, тіл байлығын арттыруға арналған ойын-өлеңдер, мазақтамалар, буын ұйқастарды жаттату, • Балалардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып, ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдерді сабақта көптеп пайдалану; • • Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру; • Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 1. “Қазақ тілі дидактикалық материалдар”. Алматы. Атамұра.1999 жыл 1. Б.Сайлаубаева. Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал. 2. «Ана тілім–азығым, адастырмас қазығым». М. Шәбжантайқызы. Көкшетау. 3. 2002 жыл. 4. «Айгөлек» журналы №3. 2009 жыл 5. «Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл 6. Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал» 2007 жыл 7. Ж. Кәрімқызы «Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар» Алматы. «Өлке» 2001 жыл. 8. «Бастауыш сыныпта оқыту» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. 2.2008 жыл

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ
Баяндама:
«ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТІЛІН ДАМЫТУ»
Дайындаған: Қолмырзинова Б.Т.
Қостанай қаласы