Проблемалы? – модульдік о?ыту технологиясы
Проблемалық – модульдік оқыту технологиясы
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы.
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы.
Изомерлену.
Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Көмірсутектер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға органикалық қосылыстардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
ОЭ.1. Кіріспе бақылау блогы.
Мақсаты: Органикалық қосылыстар тақырыбы бойынша қалыптасқан білім деңгейін анықтау.
Тест тапсырмалары
Тапсырмалар Баға
Матанды қанша градус температурада айырып алады?
а) 1500 ә ) 1300 б)1700 1 ұпай
Метанның ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы нышыгы тең?
а) 0,95 ә ) 0,77 б) 0,53 2 ұпай
Отынның қанша түрі бар?
а) 7 ә ) 3 б) 8 3 ұпай
Сабынның құрамында қанша көміртек атомдары бар?
а) 16-18 ә ) 7-8 б) 21-22 4 ұпай
Дұрыс жауаптары (ОЭ.1): 1-А; 2-Б; 3-Ә; 4-А;
Өз жауаптарыңызды тексеріңіздер.
ОЭ.2. Мақсаты: Органикалық қосылыстардың қасиетін ұғынудағы білімді өзектендіру.
Тапсырма: Мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтаңыздар.
1) CH4 + Cl → ... ;
2) CH3 + Cl2 → ... ;
3) CH 2 Cl 2 + Cl2 → ... ;
4)CHCl 3 + Cl2 → ... ;
ОЭ.3. Мақсаты: Пооблемалық жағдаят туғызу.
Тапсырма: Тәжірибелік жұмыстарды орындаңыздар.Сынауыққа сірке қышқылының ерітіндісіне мырыш ұнтағын не түйірін немесе магнийдің түйірін салыңдар. Реакция баяу жүрген жағдайда аздап қыздырыңдыр. Не байқалады? Байқаған өзгерісті дәптерлеріңізге жазыңыздар. Бұл сіздерді қызықтырадыма? Реакция теңдеуін құрастырыңыздар. Сірке қышқылы қандай қасиет көрсетеді?
ОЭ. 4. Мақсаты: Сірке қышқылының қасиетін ұғыну.
Тапсырма: Тәжірибелік жұмыстарды орындаңыздар.Сынауыққа сірке қышқылының ерітіндісіне аздаған натрий кобанатының ұнтағын немесе бордың кішкене түйіршігін салыңдыр. Не байқалды?
ОЭ.5. Мақсаты: Тәжірибе нәтижелерін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: ОЭ.4–те сірке қышқылы натрий корбанатымен және бормен реакцияға түседіма?
Үйге тапсырма: Мына сұрақтардың жауабынжазбаша түрде жазыңыздар: Органикалық қосылыстарда көміртек, сутек, оттек атомдары ұандай валенттілік көрсетеді? Бірнеше заттың формуласын жазып, мысалдар келтіріңдер. Органикалық заттарға қандай қосылыстарды жатқызады? Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан қандай айырмашылығы бар?