Білім мазм?нын жа??ыртуда о?ушыларды? жеке бас ?абілеттерін ескере отырып о?ыту.
Жалпы біз педагогикалық технологиялардың педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық әдістемелік құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесі деп қарастырсақ, оның тиімділігін былай көрсете аламыз:
- Білім алушының өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
- Білім алушының жеке қабілеті анықталады;
- Білімге деген тырысы жоғарлайды;
- Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес білім алушының ойлау, орындау қабілеті артады.
- Өзін - өзі тексеру мен бағалауға дағдыланады.
- Мұғалім жекелеген білім алушыға көмектесуге мүмкіндік алады.
- Жеке жұмыс пен орындаған тапсырмаына қарай бағаланады.
Жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізу үшін білім берушінің жоғарғы деңгейі мен шеберлігі қажет. – педагог мұғалім. Мұғалім білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамытуы
Деңгейлеп оқытуға қойылатын шектеулер:
Мектептің деңгейлеп оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндігі.
Әрбір топтар үшін талаптардың нақты болуы.
Мұғалімнің бір деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізуі барысында топтың даму динамикасын меңгеру
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір ұстаз - өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.
А.Байтұсыновтың пікірі бойынша; «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.Мұғалімнің қызметі оның білімінің.шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін. Ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімді кешіктірмей,кезінде беріп отыру үшін,балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.»-деген.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабағында түрлендіре іске асыруға болады.
Кез келген өзіндік жұмысты орындаудың негізгі алғышарттары мынандай:
1.мұғалім тарапынан тапсырманың мәні, мақсат-міндеті түсіндіріледі;
2.оқушыға қалай орындауы керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі;
3.нақты нұсқаулар беріледі;
4.күрделі мәселелер туралы қосымша ақпарат беріледі;
5.қажет болғанда, дайын үлгілермен таныстырады;
6.талапқа сай орындалған жұмыстар үшін ынталандыру шаралары ұйымдастырылады
Өзіндік жұмысы оқушының өз бетімен жұмыс істей алу мүмкіндігін байқатады. Әдебиеттік оқыту мен қазақ тілі сабағында берілетін өздік жұмыстың түпкі нәтижесі оның мұғалім тарапынан өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Өзіндік жұмыстарды бетінше орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес, оқушыда қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс.
Негізінен өзіндік жұмыстардың ерекшелігі: оқушының міндетті түрде өз күшімен азды-көпті жаңа нәтижеге жетуінде. Бірақ барлық жұмыс бір-бірін толықтырып отырады. Оқушының өз бетімен орындауына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей түсінікті, мазмұны қызығарлықтай әр түрлі болғаны жөн. Күрделілігі, оған кететін уақыты ескеріле отыруы керек. Әрбір жұмысты мұғалім тексеріп отыруы керек, әйтпесе оқушылар білім мен іскерлікке деген жауапсыздыққа, ұқыпсыздыққа үйренеді.
Өзіндік жұмыстар, негізінен оқушыларға берілетін сабақты түсіндіру, қайталау кезеңдерінен гөрі жаңа сабақты пысықтау барысында және қорытып қайталау сабақтарында атқарылғаны дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолдарын атауға болады:
· негізгі білімді игеруде
· өткен материалды бекітуде
· техникалық құралдармен жұмыстарды ұйымдастыруда
· ақпараттық технологияны қолдану барысында
· интерактивтік тақтамен жұмыс жасатуда
· картамен жұмыс жасатуда;
Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін алып білсе, көзімен көріп, қолымен ұстап деген сияқты, есте сақтау қабілетін де жақсартады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, презентация, талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Мысалы, реферат жазу оқушыға үлкен жауапкершілік жүктеп қоймай, сонымен қатар ғылыми кітаптармен , арнаулы құжаттармен, ғалым зерттеушілердің еңбектерімен танысуға, оқуға деген , ізденіске деген қажеттілік құштарлығын туғызады. Оқушыны жұрт алдында сөйлеуге дағдыландырады. Реферат жазу жұмысы , ең алдымен ,таңдаған тақырыпқа байланысты кітаптарды оқып қараудан басталады. Өзіндік жұмыстың бір түріне конспект те жатады. Қазақ әдебиетінде жекелеген пікірлер мен үзінділердің айырмашылығын, ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығын конспектілеу . Кейбір мәтіннің мазмұнын , тарауларын қысқаша өз беттерімен конспектілейді.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ АЛАТЫН ОРН