Коучинг та?ырыбы: Жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалар ??растыру, жоспарлау.
Коучинг жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалар құрастыру, жоспарлау.
Өткізілетін уақыты: 23.10.2015 ж. 45 минут.
Сабақтың мақсаты: Жас ерекшеліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар құрастыру.
Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:
Жас ерекшеліктеріне қарай пәндік тапсырмаларды жүйелендіру.
Деңгейлік тапсырмаларды құруға үйрену, дағдыландыру.
Әріптестер тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Сабақтың нәтижесі: Жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмаларды ажыратады.
Коучинг өткізу әдісі: Топтарға бөлу
Тақырыпты тапсырмаларды топтық жұмыс арқылы игерту.
Ұсынылған ресурстар: постерлер, түрлі түсті маркерлер, А4 ақ қағаз
Коучинг барысы:
Уақыты Коучтің іс-әректі Мұғалімнің іс-әрекеті Қолданылған құралдар:
3 мин Сәлеметсіздер ме құрметті мұғалімдер. Көңіл-күйлеріңіз жақсы деп ойлаймын.
І. Топ ережесін құру. Бүгінгі сабағымызға бізде оқушылар секілді ереже құрып алсақ. Мұғалімдер өздері плакатқа ереже жазады. Аудио таспа, интерактивті тақта,постерлер, түрлі түсті маркерлер, А4 ақ қағаз
7 мин ІІ.Ой қозғау. (әр түрлі жастағы балалардың суреті көрсетіледі.)
1.Суретке қарап сұрақ қою, бұл тапсырмалар сіздерге қандай ой тудырды?
Тақырып мазмұнын өздеріңіз ашып көрсеттіңіздер. Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы «Жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалар құрастыру» Ойландырады, мысалдар келтіреді, түсінеді, қысқаша айтады.
Тұлғаның жас ерекшелігіне қарай іс-әрекеттерін анықтады. Видео слайд
10 мин ІІІ. Стикерге салынған геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу.
(төртбұрыш, ромбик, ұшбұрыш)
Осы фигуралар арқылы өз жұптарын табу.
Әр топ өздері сабақ беретін сыныптарға бір тақырыпты алып, сол тақырып бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес төменгі сыныптан жоғары сыныпқа қарай деңгейлік тапсырмаларды құрастырыңыз.
Нұсқау: Мысалы, бесінші сыныптан оныншы сыныпқа дейінгі алған тақырыбыңыз бойынша.
Топ аралық жұмыстарды қарау.
Әр топ өз жұмысын қорғайды.
Сұрақ: Сіздер осы сабақты басқаша қалай жоспарлар едіңіз?
Фигураларға қарай әр қайсысы өз жұптарын табады.
Ой жүгіртеді, топта талқылайды, плакатқа жазады.
Сұрақтарға жауап айтады. Потерлер, түрлі-түсті маркерлер
2 мин Сергіту сәті. «менің айтқанымды істеме, қимылымды істе» Мұғалімдер әртүрлі қимылдар жасайды Аудио таспа
13 мин
5 мин 2-тапсырма: Бұл тапсырма бойынша көмір, мұнай, ағаш жанған кезде түтіннің ғаламшарға әсерін түсінуін жас ерекшеліктеріне қарай анықтау.
Нұсқау:
5-6 жастағы балалар қалай жауап береді? 8-9 жастағы балалар қалай жауап береді?
Сұрақ: Осы тапсырмаға байланысты және қандай мысалдар таба аласыздар?
«Дейін-кейін» стратегиясы кестесін жазып толтырады
Мұғалімдер бір-бірімен ой боліседі. Тапсырманы орындайды.
Берілген сұрақтарға жауап айтады
Сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі ойларын жазады А4 ақ парағы
5 мин Кері байланыс сұрақтары
Бұл сабаққа сіздердің ойларыңыз және не үйрендіңіздер?
Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
Келешекте өзіңіздің сабағыңызға қандай өзгерістер енгізесіздер? Ой бөліседі, талқылайды, өз ойларын ақ қағазға жазады, қорытынды жасайды . А4 ақ парағы
Кері байланыс сұрақтары
Бұл сабаққа сіздердің ойларыңыз және не үйрендіңіздер?
Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
Келешекте өзіңіздің сабағыңызға қандай өзгерістер енгізесіздер?