Мектеп о?ушыларына арнал?ан Поэзия ?лемі


Жалған үміт...
Бүгін тағы тұрмын мен сені күтіп,
Тағат таппай.Ынтығып.Төзім жұтып.
Келмедің сен бірақта кездесуге,
Мені тағы алдады ЖАЛҒАН ҮМІТ.
Ұялады жүрекке сансыз күдік,
Жібек сезім болғандай бүгін-түбіт.
Алдаудан мені білсең зарықтырды –
ЖАЛҒАН ҮМІТ.
Маздаған отым өшіп, қалдым тынып,
Кеттің бе?
Шыныменен жарға жығып.
Сені ойласам, ойыма оралады,
Сол баяғы - ЖАЛҒАН ҮМІТ.
Самал жел еспей бүгін болды тымық,
Алғандай бар мендегі сырымды ұғып.
Жел соқпады, ал соған қарағанда –
Оны да шаршатқан ғой - ЖАЛҒАН ҮМІТ.
Кешегі артта қалған күндерді ұмыт,
Барамын... Өз-өзіммен... әлім құрып.
Жарықты қараңғы ғып көрсетеді –
Сендегі сол баяғы - ЖАЛҒАН ҮМІТ.
12.04.13.
Саған арнадым
Жүрегім жалғыздықтан жабыққанда,
Өр демім тыншым таппай қамыққанда.
Өзіммен өзім қалып сырласамын,
Зеңгірді мұң торлаған тамұқ таңда.
Білмеймін, жырсыз жерге сиямын ба?
Тұрғандаймын, өзіммен қия шыңда.
Көргеннен мен өзіңе ғашық болып,
Сұлу әлем туылды қиялымда.
Мен сені ұнатамын, ұнатамын,
Сен білсең, мына менің шыңда тағым.
Өзіңе ынтық болған жүрегімді –
Жыр жазып, міне осылай жұбатамын.
Сен менің ұғынсаң ғой сезімімді,
Демегің мұным саған сезілмеді.
Өзіңе ақын болып ән арнасам,
Ол менің – шын ғашықтық кезім еді.
Сенде-ақын, менде-ақын, ақындармыз,
Өлеңге өңі бөлек, жақын жанбыз.
Сен мені ұға алмадың, өкінішті –
Өкінем, болғанына –таңым дарсыз.
Сен мені – түсінерсің, түсінбессің,
Мұның бәрін – түн көрген түсім дерсің.
Егер де өлеңімді шын аңғарсаң –
Бірде –ашулы, ал бірде –күлімдерсің.
Мен-дағы өжет едім, жансақ едім,
Бұл күнде болды менің аңсау дертім.
Қараңғыда жарыққа зарлы болсаң –
Мен өзіңді дәл солай аңсап едім.
Сырымды ұқ. Жырымды оқы. Аңса дәйім,
Есіме сен, түсесің сағат сайын.
Іштегі бар сырымды ақтардым мен –
Қалғанын өз еншіңе қалдырайын...