Жеке т?л?аны ?алыптастыруда?ы о?ушыны? ?ызы?ушылы?ын арттыру
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебініңбірінші санатты бірінші деңгейлі тарих,құқық пәні мұғаліміКалиева Ақжарқын БердишовнаЖеке тұлғаны қалыптастырудағы оқушының қызығушылығын арттыруXXI-ғасырда қоғам оқушының жан-жақты, білімді, дамыған техниканы игерген жеке тұлға ретінде қалыптасқанын қалайды. Оқушы жақсы оқып, тәрбиелі дұрыс сөйлей білуі қажет.Бала жан-жақты, алған білімін өмірінде пайдаланып жақсы маман болуын қадағалайды.XXI-ғасырдың оқу үдіресін ұйымдастыруға қатысты менде сыныпты топтарға бөліп оқыту идеясы пайда болды. Себебі оқушы сөйлеу қабілетін дамытып пікірлерін бір-біріне айта біледі. Селқос оқушылар жолдастарының ықпалы мен алға ұмытылып өз пікірлерін айта алады.Қазіргі XXI-ғасыр мұғалімі білімді. Жаңа идеяларды қолдаушы. Жаңа технологияларды игерген мұғалім болу керек.Оқушылардың жоғары күтілген нәтижеге жетуін кутеміз.Кез-келген біртұтас жүйенің өз дамуы барысында, дамудың тиімді жолдарын іздеп, түрлі өзгерістер, реформалар жасап отыратыны тәрізді білім беру жүйесі де өз даму тарихында ұдайы реформалар жасаумен келе жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі реформа-білім жүйесінің тек қондырмалық элементтерін ғана емес, оның базистік негізін, яғни методологияны,парадигманы қозғайтын , оның барлық аспектілерін (нормативті-құқықтық, мазмұнды-әдістемелік, басқару-қаражаттық, т.б.) тұтас алып, жүйелі өзгертуді талап ететін реформа. Әрине қай реформаның да түп мақсаты-жоғарыда айтылғандай, жүйенің тиімділігін арттыру. Ал білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіш - білім сапасы. Енді мектептегі білім сапасының төмендеуінің себептеріне келсек, оның көп жақты және кешенді түрде шешуді қажет ететін проблема екенін көреміз. Біздің пайымдауымызша мұның бастылары болып, мыналар табылады: 1) оқу материалын толық игеруге қол жеткізетін әдістемелер мен оқыту технологияларының пайдаланылмауы; 2) оқу жоспары жүктемесінің қалыпты нормадан асып кетуі; 3) оқушы ынтасын жоятын бағалаудың дәстүрлі формасыныңпайдаланылуы; 4) мұғалімнің шеберлігіің төмендігі; 5) оқулық пен әдістемелік құралдардың сапасының төмендігі т.б. Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдері бар ма, деген сұраққа жауап іздесек , біздіңше-бар. Жоғарыда аталған мәселелерді жүйелі тиімді түрде шешетін бір жол бар, ол - оқыту процесіне педагогикалық технологияларды кеңінен енгізу. Педагогикалық әдебиеттерде айтылып жүргендей. Оқытудың педагогикалық техналогиясы дегеніміз:- педагогикалық жүйенің практикада іске асырылатын жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың методикалық жүйесі(оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары) мен оған сәйкесті дидактикалық процестердің жиынтығы. Дәстүрлі оқытуда да мұғалім сабақ жоспарын құрып, методикалық жүйенің жобасын жасайды, алайда технологиялық негіздегі жобалауға қойылатын талаптар мүлдем басқаша. Ол біріншіден (2,3) , оқу процесіндегі кездейсоқтықты жойып, барлық оқушылардың оқу материалын қажет деңгейде меңгеруіне кепілдік беруі тиісті, Екіншіден, оқытудың мақсатын нәтиже беретіндей етіп дәл анықтап, оқушылардың білімін объективті түрде бағалауды жүзеге асыру қажет. Үшіншіден, дидактикалық процестің толықтығының сақталуы, яғни оның ынта, танымдық қызмет және басқару аспектілерінің біртұтас, жүйелі қарастырылуы қамтамасыз етілуі қажет. Төртіншіден, оқытудың методикалық жүйесі оқушылардың өз бетімен танымдық қызмет жасауына бағытталып құрылуы тиісті. Бесіншіден, оқу процесінің оқушылардың денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылуы қамтамасыз етілуі қажет. Оқу процесі оқушылардың денсаулығына зиян келтірмеуі үшін Ресей ғалымдары М.М Поташник, А.М.Моисеев, т.б. оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технологияларын енгізуді ұсынады. Мұндай технологиялар төмендегідей 4 шартты қанағатт андыру тиісті: 1. Оқушының жеке бас ерекшеліктері ( интеллектік, мотивациялық, эмоциялық, т.б.) ескерілуі, оқу материалын қабылдау сипатының , темпераменттік еске сақтау қабілетінің ескерілуі. 2. Оқу материалын меңгеру кезінде жүйкеге күш түсіретін интеллектуалдық , эмоциялық әсерлерден аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап , тиімді нәтижелер алуына жағдай жасау. 3. Сабақты сынып ұжымына жайлы моральдық-психологиялық климат жағдайында өтуін қамтамасыз етіп, дөрекі қатынастарға жол бермеу. 4. Оқу процесінде оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдерді қолданумен қатар, оларды стрестерден өзін-өзі қорғауға үйрету. Оқытудың деңгейлік саралау технологиясы жағдайында меңгерудің көп деңгейлігі білім сапасын жоғарыда көрсетілген компоненттері арқылы дәл сипаттауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жағдай бес балдық бағалау жүйесін кеңейтуге , көп балдық жүйеге көшуді қажет етеді. Шет елдің озық тәжірибелерін былай қойғанда бұрынғы кеңестік республикалардың кейбіреулерінің ( Белоруссия, Украина, т.б. ) көп балдық бағалау жүйесіне көшуі осындай қажеттіліктен болуы керек. Әрине бағалаудың мұндай жүйесін енгізу, жаңа тәсілін енгізу - жаңа нормативтік негіздегі мектеп құжаттамасын жасауды талап етеді. Мұндай бағалау объективті болумен қатар , әр оқушының даму мониторингін құруға мүмкіндік береді. Тек осындай жағдайға ғана біздіңше оқушыларды мектеп бітіргендегі бағалары бойынша бірден жоғары оқу орындарына қабылдауға болады. Енді біз ұсынып отырған оқыту технологиясының қалайша оқушылардың оқу материалын қажетті минимум деңгейінде толық меңгеруіне кепілдеме беретіндігі, білім сапасын көтеруге жағдай жасайтынын қысқаша сипаттайық . Біріншіден, бұл оқыту технологиясының дидактикалық , психологиялық негіздемесі дамыта оқытушылық , жеке тұлғаны тәрбиелеу , қызметтік (деятельностная) педагогика (С. Рубинштейн, Л.С.Выготский , В.В.Давыдов, Л.В.Занков , Ю.К. Бабанский , т.б. теорияларына сүйеніп құрылған). Екіншіден, біз дәстүрлі оқытудың мазмұнға ғана құрылып, ал нәтижеге жету мақсатын нақты қоя алмайтын кемшілігін жоюға бағыттап , шетелдің озық тәжірибесін пайдаландық. Бұл ретте біз американдық ғалым Б. Блумның толық меңгеру теориясын негізге алдық. Ол бізге нәтижені қамтамасыз ететіндей етіп оқу мақсатын диагностикалық түрде дәл анықтауға жәрдемдесті. Жалпы білім сапасы дегеніміздің өзі қойылған мақсаттың алынған нәтижеге сәйкес келуі.Дәлірек айтқанда мәселе оқытудың сапасы туралы, бірақ күнделікті тәжірибеде ол білім сапасы деп қолданып жүргендіктен біз де осы атауды пайдаланып отырмыз. Нәтиже беретін оқыту процесін ұйымдастыру үшін Б.Блум оқытудың мақсатының мынадай иерархиялық жүйесін құруды ұсынады:1) Танып-білу; 2)Түсіну; 3)Қолдану;4) Анализ; 5) Синтез ;6)Бағалау. Мысалы, танып-білу мақсаты қойылғанда оқушылар сол материалдағы ұғымдарды, фактілерді, заңдарды т.б. білімнің жетекші элементтерін еске сақтап, қайта айтып беруге тиісті. Ал түсіну деңгейінде оқушылар білім элементтерін еске сақтаумен қатар, түсіндіре алуы, алған білімді стандартты жағдайда қайталап орындай алуы,түрлендіре білуі қажет. Танып-білу мақсатына сәйкес нәтижеге болып шәкірттердің білімді оқушылық деңгейде меңгеруі саналады да, бұл жағдайдағы білім сапасының көрсеткіші оның дұрыстылығымен сипатталады. Ал түсіну мақсатына сәйкес нәтижеге -оқу материалын алгоритмдік деңгейде меңгеру болып табылады, т.с.с. Сөйтіп біздің технологиямыз жағдайында оқыту мақсаты иерархиялық түрде қойылып, ал алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай: а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі; ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы; б) оқу прцесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы; в ) бағалаудың жетелеушілік қасиеті; г)дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды.Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу- білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.Біз жоғарыда білім сапасын мұғалімнің шеберлігіне де байланысты екенін айттық. Біздің тәжірибеміз оқыту технологиясының мұғалім қолындағы нәтижеге жеткізетін құрал екенін, оны әр мұғалім өз қабілетіне сәйкес мазмұнмен толықтырып, шығармашылық жұмыс жасайтынын, сөйтіп өзінің әдістемелік жүйесін жасап шығаратынын дәлелдеді. Оқыту технологиясын пайдалану процесінің «субьект-субьект» қатынас жағдайына өтуіне ықпал етеді. Оқушы да,оқытушы да, белсенді шығармашылықпен жасайды. Технологияны пайдалану мұғалім шығармашылығынан туған әдістемелік құрал-болашақ жаңа тұрпаттағы оқулықтардың негізі. 1.Теориялық алғышарттар туралы түсінік.Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке барар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.Елбасымыз Назарбаевтың Болашақта Қазақстан мектептерінің педагогикалық ұжымдарының алдында маңызды міндет тұр. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін, ең алдымен бізде жақсы білім беру бағдарламасы, жоғары білікті ұстаздар болуы керек, өйткені ең алдымен балалардың білім сапасы ұстаздардың дайындық деңгейіне байланысты болады дегендей Біз жасұрпаққа сапалы білім беру үшін осы әдіс тәсілдердің модулдерін Қазіргі таңда білім берудің өзіндік идеологиясы қалыптасуда.Бұл білім парадигмасы ның өзгерумен қаттар жүруде.Білім берудің ескісінің үстіне жаңасы келуде.Я.А.Коменскийдің ,И.Герберттің дәстүрлі обьект-субьектілі педогогикасының орнына басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін –өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытайды.Жаңа білім парадигмасында баланың білімін оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойыа отыр.Бұл технологиялардың бір ерекшелігі –оның білімді меңгертуі. Тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді :яғни жадының алуан түрлерін (есту ,көру,қимыл, және т.б)ойлауды,ынтаны,қабылдау қабілеттін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту. Сондай ақ тұлғаның қауіпсіздігінжөзін-өзі өзектелендіруін ,өзін-өзі бекітуін,қарым –қатынас.ойын,танымдық шығармашылық қажетіліктерін қанағатандыруға ,белсенді сөздік қорын(ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағыталған.Егер мен сабақ жоспарымды мұқият құра білсем оқушылардың білім сапасын арттыруға оқу материалын жоғары пайызға меңгеруіне өз үлесімді қосамын.Бұл технологиялардың тағы ерекшелігі дарында балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Псиологтардың пайымдауынша әрбір тақырып оқып үйрену негізігі кезеңнен тұрады.Қызықтырушылық,танымдық,рефлексиялық бағалау.(Л.М.Фридмон) айтқандай осы факторларды сабғымызда қолдануымыз қажет.Оқушылар тақырыпты өздері ашып,неге,және не үшін оқып үйренулері керек ,өздері нақты нені меңгеріп үйренулері тиіс екендігін біз тек бағыт бағдар береміз.Оқушылардың топтық жұмыстарда бір бірімен пікір алмасуы ол Таным процесінде өзара сөйлесу арқылы ұйымдастырушы оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне ,ойына,көңіл-күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді(Бодалаев) Шет елдік білім беру жүйесіне тоқталар болсақ, әр елдің білім беру жүйесінде ерекшеліктер бар.ГФР және ГДР бірігуімен білім жүйесінде жоғары деңгейде жұмыстар жүргізілді. ГДР-ның бұрыңғы білім беру жүйесі КСРО-ның білім беру жүйесіне ұқсас болды. Білім сапасы жоспардың орындалуымен, шамадан тыс идиологиялық білім беру басым болды. Сондықтан ГДР білім беру жүйесі ГФР білім жүйесінің қағидаттарын қабылдады. Себебі ГФР білім жүйесінде ұлттық құндылықтар сақталған. Бірақ білім беру жүйесінде заңға қайшы келетін жерлер болған. Мысалы: балабақшалар аз болған. Жекеменшік балабақшалар 3-5жас аралығын қамтыған. Мектептегі оқыту 6 жастан басталған. Бастауыш мектеп 9-10 жасқа дейін. Мектеп жүйесінде бастауыш сынып 1-4 сынып, кейбір жергілікті жерлерде 1-6 сынып аралығын қамтыған.Бастауыш мектепте алғашқы 2 жылында жиынтық оқу бағдарламасы қолданылған. Неміс тілі, арифметика, өлкетану, музыка, дене тәрбиесі сабақтары өткізіледі. 3-4 сыныптарда сабақтар бөлек-бөлек оқытылғанмен, тіл, өлкетану, музыка сабақтары жиынтық түрінде оқытылады. Алғашқы 6 жылда барлық оқушылар бірге оқиды. Оқушының оқуды әрі қарай қайда, қалай оқитындығы шешіледі. Олардың оқуды таңдауы ұлттық, негізгі және гимназия болып анықталады. Бұл оқу таңдауы ата-аналардың материалдық жағдайына, оқушының бейімділігі мен тілегіне байланысты болады. Толық ұлттық мектепте білім алу 9-10- сыныпқа созылады. Осындай оқу орындарында кәсіптік білім сабақтары беріледі. Кәсіптік білім сабақтары басқа сабақтарңа қарағанда оқушы қызығушылықтарымен оқытылады. Мектептерде 67% кәсіптік білім сабақтары, 33% басқа сабақтар оқытылады. Жыл өткен сайын кәсіптік білімге деген қызығушылық артуда. Кәсіптік білім оқушыларға алға қойған мақсаттарына жету үшін перспективалық даму карьерасын үйренуде қолдау болады. ГФР білім беру жүйесі ешуақытта шектеулі емес, оқушының келешекте кәсіби дамуына жол ашады. Мектепті бітіргенде, ауызша және жазбаша емтихан тапсырады. Кейін бейімділігіне байланысты 1) жаратылыстану, 2) гуманитарлық, 3) экономикалық бағыттарға оқуын жалғастырады. Бұл сыныптар 11-13 гимназия сыныптар деп аталады. Бірақ гимназия сыныптардағы оқушылардың жартысы ғана аяқтайды.Германияның Конституциясында жекеменшік мектептерге рұқсат берілген. Онда 8% оқушы оқиды. Жекеменшік мектепте бағдарлама таңдауда еркіндік бар.Енді Италияның білім беру жүйесіндегі өзгерістер менен танысайық.Италияның мемлекеттерінде білім жүйесіне енген реформаларға 13жыл болған.Италияндықтар 3жасқа келгенде балаларын балабақшаға береді.Мари Монтессори методикасымен мектепке дайындайды.Балабақшада әр топта 15-30дейін балалардың саны.Кейбір жерлерде католиктік балабақшалар бар,оларда салт-дәстүр үйретіледі.6жаста балалар мектепке қабылданады.1-2ступенде бастауыш білім ақысыз оқытылады.Бастауыш білімде оқу,жазу,сурет,арифметика,музыка осылардан басқа олардың тілектеріне байланысты дін тану оқытылады.1шет елдің тілі үйретіледі.Оқушылар аптасына 5күн оқиды.Әр ступенде тест тапсырып келесіге өтеді.2ступенде баспалдақ 5жыл оқиды.Одан кейін орта мектеп білімін оқиды.Оны 14жасқа дейін оқиды.Оқушылар сөз бен жазылатын жақсы,өте жақсы,қанағат деп бағаланады.Бұл этапта италиян тілін тарих,география,математика,жаратылыстану,шет тілі,сурет,музыка.Жолдың соңында емтихан тапсырды немесе тапсырған жоқ деген сөздермен бағаланады.Егер баға алмаса сыныпта қалдырылады.Егер өтсе оқушы бітіру емтихандарын тапсырады.Италиян тілінен,математикадан,шет тілден,жазбаша,басқа сабақтардан ауызша тапсырады.Осы мен Қазақстан Республикасы менен Италияның білім беру жүйесінің айырмашылықтарын білдік,Жақсы жақтарын Қазақстанның мектептерінде де пайдалансақ нұр үстіне нұр болар еді. Германияның білім беру жүйесіндегі бейімділік оқыту,кәсптік білім беру және 9-10сыныптарда толықтай теориялық білім бере отырып,тәжірибе менен ұштастырып беретін білім беруді өзгерістер ретіндке Қазақстанның білім беру жүйесіне енгізілсе қолдар едім.Италияның білім беру жүйесіндегі және Германиядағы білім жүйесіндегі жақсы өзгерістерді Қазақстан мектептеріне енгізу неге болмасқа.Мысалы:Италияның мектептерінде бірінші сыныптан бастап өздерінің және ата-аналардың қолдауы бойынша салт-дәстүр үйрететін,имандылыққа баулыйтын сабақтар жоспарланған.Германия Демократиялық Республикасында білімді теориялық және 9-10сыныпта тәжірибие жүзінде кәсіби білім беру жолға қойылған.Оқушы 9-10негізгі мектепті бітіргенде өз бейіміне байланысты гимназияда оқуын жалғастырады.Болашақта оқушы өмірге толық дайын болуы үшін осындай бейімділік жоспар қажет.Баланы алда үлкен өмір жолы күтеді сондықтан мектепте оны өмірге дайындап жіберген жақсы.Бүгінгі өмір сынағына халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ерекше қадір-қасиеттері ғана төтеп бере алады.Сол қасиеттерді,яғни рухани байлығымызды сақтап,болашаққа жеткізетін мұғалімдер қауымы екендігі даусыз.Кез келген білім беру реформасының жетістігін мұғалім айқындайды.Оның кәсіби шеберлігі білім беруді жаңа сапаға көтере алады,білімсіздік нағыз мықты реформаларды құрдымға келтіреді.Халық даналығы:Айтқан ұмытылады,көрсеткен есте сақталады,ал өзім жасап қарасам,жадымда қалады деген екен.Мұғалім үстелінде отырған адам бүкіл қоғам алдында жауапты:Ол бәрін біліп қана қоймай,білгенін іс жүзіне асырада алады.Мұғалімдік-бұл өнер.Оның еңбегі шығармашылық пен айналысатын өнер адамдарының,жазушылардың еңбегінен кем емес.Мұғалім адам баласының жан дүниесіне музыка,сөз,бояу,арқылы емес тікелей өзі енеді.Ол жас ұрпақты өзінің жеке тұлғасы арқылы бәлімімен,шексіз сүйіспеншілігімен,дүниеге деген көзқарасымен тәрбиелейді. Мемлекет алдындағы басты міндет-білім беру жүйесін жаңарту болып отыр Жаңарту жаңа технологияларды ендірумен бірғе жұргізіледі. Білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын Меңгермейінше білімді ұрпақ тәрбиелеу мұмкін емес.Сонымен Қазақстанға Білім беруде реформа жұрғізу және оны толық мағынамен толықтыру қажет. Менің мектебімде педагогиқалық іс-тәжрибенің өзгеруі оқушыларымыздың дағдылары мен өз-өзіне сенімділігін қамтамасыз ететінӨзгерістерді ,олардың дұне жұзілік сахнада өзінің қызметін жұзеге асыра алатынына сенімді болу керек.Менің осы курстан алган білімім және ұйренген жаңа технологияларды өз өтететін әр бір сабақтарымда пайдаланамын. Менің осы курста алған білім өзгеріске апарар ұлкен қадам.Өзгеріс мемлекет үшін және әр бір адам үшін өте қажетПайдаланған әдебиеттер: 1. Поташник М.М., Ямбург Е.А., и др. Управление качеством образования,- М., Педагогическое общество России, 2000г,-448с.2. Беспалько В.П., Слагаемые педагогической технологии,-М.,1989г.3. Караев Ж.А., Жадрина М.Ж.,и др., Теоретические основы развития школьного образования в Кзакстане,- Алматы, РИК, 1999г, стр.91-127.4. Ғаламтор жұйесінен алынган мәліметтер.Әлем елдеріндегі білім жүйесіндегі реформалар.thenews.kz