Минералды? ты?айт?ыш шашатын РТТ-4.2А машинасы


Минералдық тыңайтқыш шашатын РТТ-4.2А машинасы.
Сабақтың мақсаты:
а) оқыту:Минералдық тыңайтқыштар туралы мағұлмат беріп, қандай мақсаттарға пайдалану керектігін, түрлерін біліп, минералды тыңайтқыш шашатын машиналардың құрылысы, атқаратын қызметі, жұмыс жасау принципімен оқып танысу.
б) тәрбиелік:Ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
в) дамытушылық: оқуды еңбекке ұштастырып, ғылым мен білімге жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: Химия, тракторлар мен автомобильдер, геометрия, материалтану, биология.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, видеоролик, сызбалар.(РТТ-4.2А минералдық тыңайтқыш шашатын машинасының фотосын, тракторлар фотосын слайд арқылы көрсету).
Сабақтың барысы:
а)Оқушыларды түгелдеу.
б)Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар біз жалпы таным-түсінігімізді тағы да бір рет қалыптастырып алу үшін мына бір сұраққа жауап беріп көріңіздерші: Жер бетіндегі қандай тірі ағзаларды білесіңдер?Мысалы:
Ауа, су, азық-түлік.
Ауа, су, қоректік заттар (тыңайтқыштар)

Адамдар:
Ауа, су, жем-шөп.

Тірі ағзалар
Жануарлар Өсімдіктер

Ауа,су, балдырлар.
Ауа, су, құрт-құмырсқа.
Құстар Балықтар

Жәндіктер
Ауа, су, құрт-құмырсқа, өсімдіктер
Егістік жерге тыңайтқыш енгізудің әдістері

Негізгі әдіс- Себу кезінде енгізу-
себу алдында топыраққа тұқыммен бірге енгізеді.
топырақ өңдеген
кезде.

Үстеп қоректендіру-
өсімдіктердің өсіп-дамуы кезіндегі мұқтаж элементтерін толықтыру үшін қолданады.
Ізбесті тыңайтқыш себетін себелеуіштер, тракторға тіркемелі және аспалы минералды тыңайтқыш шашқыштарминералды тыңайтқыш шашқыштар қолданылады.
Минералдыты тыңайтқыштар
Тыңайтқыштың түрлері және себу машиналары
Суперфосфат, фосфорит ұны, аммиак селитрасы, калий тұзы

Органикалық тыңайтқыштар

Көң, шымтезек, әр түрлі қордалар
Тіркеме себелеуіштер
Көң садырасы, фекалия ерітіндісі
Сұйық органикалық тыңайтқыштар

Тракторлар мен автомобильдерге тіркелген садырасебелеуіштер

Жаңа сабақты түсіндіру.
Минералды тыңайтқыш яғни түк себетін РТТ-4.2А себелеуіш машинасы.
1.Атауы: РТТ-4.2А тіркемелі минералды тыңайтқыш шашқыш- себелеуіші.
2.Атқаратын қызметі: Минералдық тыңайтқыштарды яғни түктерді түйіршіктелген және
ұнтақ түрінде себуге арналған машина.Астық және бау-бақша тұқымдастарын егетін
жерлерге себіледі.
3.Тракторға агрегатталуы: Т-40; МТЗ-80; ДТ-75 тракорларына агрегатталады.
4.Технологиялық сұлбасы:б-тыңайтқыш сепкіш аппарат; 1-аппарат тәрелкесі; 2-жаймалағыш; 3түк жәшігі; 4-лақтырғыш; 5 – шағылдырғыш қалқан; 6 -дөңгелек; 7 — кронштейн; 8-кіндік; 9 –қапсырма шеге; 10 -бұрыш; 11-тәж.
5.Жұмыс жасау принципі: 3-ші нөмірлі тыңайтқыш, яғни түк салған жәшіктің астында тәрелке тәріздес түк сепкіш аппараты орналасқан 6.Аппарат тарелкесінің жартысы астыңғы жағында, екінші жарытсы түк жәшіктің арытқы жағында тұратындай етіп орнатылған.Әрбір тәрелке оларға бекітілген берілістер 11 арқылы айналысқа түседі. Тәрелкенің үстіңгі жағында тыңайтқышты бағыттағыш, қырғыш және екі лақтырғыш орналасқан 4.
Түк яғни тыңайтқыш, тыңайтқыш жәшігінің астындағы ойықтар арқылы және солар арқылы жәшіктен шығарылады.Лақтырғыштар 4 тыңайтқыштарды жебелерге 5 жібереді де топырақтың беткі жағына бөліп шашады.
Жылжымалы қайталама-ілгерлемелі саусақты жаймалағыш 2 үймелерді серпиді.Механизмдер дөңгелектерден екі карданды білік арқылы қозғалысқа келеді.
6.Тыңайтқыш себу мөлшеріне қою:Тыңайтқыштың себу мөлшері беріліс шестерняларын ауыстырып қою арқылы және қалқалағыштар мен тәрелкелер арасындағы саңылауларды өзгерту арқылы реттеледі.Саңылау 1...3 мм болу керек.
-175260125730
1.Машинаның атауы қандай?
2.Атқаратын қызметі қандай?

Тыңайтқыштар қажетті мөлшерден асып немесе жетпей қалуға болмайды.Егер тыңайтқыш қажетті мөлшерден асып кететін болса, өсіп келе жатырған өсімдікке зиян. өйткені асып кеткен тыңайтқыш тамырларын күйдіріп қиып тастайды.Керісінше тыңайтқыш жетпей қалатын болса, онда дақыл мол өнім бере алмайды.Мысалы біз адамдар азықты ағзаға жеткіліксіз қабылдайтын болсақ өспей, дамымай, жетілмей қаламыз.Мұны бәріміз білеміз.Сол себепті өсімдіктер де қажетті қоректік заттарын жеткілікті мөлшерде алып тұруы қажет.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

1.Қандай тракторларға агрегатталады?
2.Технологиялық сұлбасы неден тұрады?

1.Жұмыс жасау принципі қандай?
2.Тыңайтқыш себу мөлшеріне қалай қойылады?
Үш оқушы бір-біріне сұрақ қояды


VІІІ.Оқушыларды бағалау:
ІХ.Үй тапсырмасы: Ауыл шаруашылығы машиналары оқулығы, 13 парагроф, 144-146 бет.
Қызылорда облысы, Арал қаласы, Арал көпсалалы колледж оқытушысы, Шолпан Балманова.