«Т?мар жасау технологиясы» (баяндама)
Орал гуманитарлық-техникалық колледж
«Технология және бейнелеу өнері кафедрасы»
Облыстық ғылыми- практикалық конференция
Тақырыбы: «Тұмар жасау технологиясы»
«Технология және бейнелеу өнері» кафедрасының оқытушысы:
Искакова Эльмира Сабыржанқызы
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Қазақ халқынын кол өнер түрлері.
3.Зергерлік өнер.
4.Тұмар жасау технологиясы.
5.Шығармашылық жұмыс көрінісі.
6.Қорытынды
Мақсаты:
Өткен ғасырда өмір сүрген қазақ ұсталары мен зергерлерінің мұраларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, қолөнер бұйымдарын ел назарына ұсыну. Өйткені осынау киелі халқымыздың қолынан шыққан осы бір өнер туындылары сан алуан қырымен, жасалу шеберлігімен , құндылығымен қазақ халқының ұлттық байлығын , ұсталық , зергерлік кәсібінің бірегей , ерекше дәстүрін әлемге паш ететін ұғындыру.
Ғылыми маңыздылығы:
Әрбір азаматтың ата –тегін, елінің тарихын, ана тілін білуі, ұлтын сүюі қасиетті парызы , ал ұлтының әдет – ғұрпын , салт – дәстүрін , мәдениетін , өнерін өмір бойы сақтап , ұстануы , дамытуы ата – баба рухы алдындағы мәңгілік борышы мен міндеті екенін бүгінгі жастарға түсіндіру.
І.Кіріспе
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Қазақстан территориясының жер бедері де бұл териториямен ең алғаш жайланған тайпалар да мыңдаған жылдар ішінде неше түрлі өзгерістерге ұшырады. Табиғатты көркейтіп, жер қойнауының қазба байлықтары молға түсті.Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы.
Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті.
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.
Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде.
Кез келген халықтың ғұмырнамалық сабақтастығының берік болуына сол халықтың мәдениеті, тарихы, өнері үлкен әсерін тигізеді.
ІІ. Қазақ халқының кол өнер түрлері.
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Қазақстан территориясының жер бедері де бұл териториямен ең алғаш жайланған тайпалар да мыңдаған жылдар ішінде неше түрлі өзгерістерге ұшырады. Табиғатты көркейтіп, жер қойнауының қазба байлықтары молға түсті.
Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.
Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.
Қазақтың дәстүрлі қолөнер кәсібінің насихаттаушылар өз іс саласына қарай әр түрлі түрге бөлінген.
Қолөнер
ЗЕРГЕР
ШЕБЕР
ІСМЕР
ҰСТА
ІІІ.Зергерлік өнер
Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған. Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар мен әшекей заттарын жасайтын шеберді зергер деп атаған.
Қазақ зергерлері негізінен түсті металлдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасаған. Әсіресе күмістен соғылған көптеген сәндік бұйымдар-сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар. Жазба деректерге қарағанда, Батыс Қазақстан өңіріне Кавказ зергерлерінің өнері ХІХ ғасырдың бірінші жартысында келе бастаған. Қараланы көбінесе әйелдерге арналған күміс білезік, қапсырма,сырға,жүзік т.б үй бұйымдарын көркемдеуге жиі қолданылған.
Қазақ әйелдерінің киімге тағатын күміс әшекейлері мол болған. Зергерлік өнердің туындылары жауға-айбар, жақынға мақтаныш, аруға-ажар, жігітке-жігер беретін болғандықтан батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған.
Қазақ зергерлерінің ардақ тұтар мақтанышы, әсіресе, әйел затына арналып жасалған осындай әшекейлер, асыл бұйымдар. Олар әйелдің ажарын ашып, сұлулығын паш етумен қатар діни сенім, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты маңызымен де ерекше дәріптеген.
Қазақ зергерлері өз шеберліктерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жалғасып отырған. Әйел адамның әшекейлері сұлулықтың, әйел адамның қоғамдық рөлін көрсететін болған, сондай-ақ әшекейлер тылсым күшке ие болып, тұмар, рулық белгілер рөлін атқарған. Жалпы қазақ зергерлік өнерінің дамуында әр дәуірдің өзіндік табы бар.
Зергерлік өнер қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің маңызды бір бөлшегі, ал зергерлердің қолынан шыққан әсемдік заттар – халқымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қазынасына айналған асыл мұра.
СЫРҒА
МОНШАҚ
БІЛЕЗІК
Зергерлік бұйымдар
САҚИНА
АЛҚА
ҚАПСЫРМА
ТҰМАРША
ӨҢЕРЖИЕК
ІҮ.Тұмар жасау технологиясы.
Тұмар атауының төркіні туған жермен байланысып жатқанын белгілі жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбеков өзінің «Барың мен жоғыңды парықтау» деген мақаласында анық жазған.
Тұмар сөзінің байырғы түркі тілінде туған жер деген мағынаны білдіретінін ол – тума + иер деген екі сөзден пайда болғанын айтады ғылым докторы.
Тұмарды қазақ не үшін қастер тұтқан ?
Тұмар – халқымыздың ұғымында киелі мағынаға ие болған құнды дүние.
Сан ықылым заман бұрын, қағаз жоқ, тауар хат кезеңде сауда-саттық жасап алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып үшбұрышты етіп тігілген қалташыққа туған жердің топырағын толтырып алып шығатын болған. Соны тұмар деп атаған. Туған жерге деген шексіз құрметтің, перзенттік парыздың белгісі болса керек бұл.
Тұмар исі қазақтың киелі де, құнды, асыл да ардақты жәдігері.
Тұмар деп көптеген адамдардың мойындарына асып алған жіптер, моншақтар төріндегі заттарды және соған ұқсас тағы да басқа нәрселерді атайды. Сондай-ақ, бүған сол затқа тәуекел етіп, тіл-көзден сақтайды деген оймен адамның киіп алған жүзігі немесе басқа нәрселер де жатады. Әсіресе, бүны жиі жас балдарға көзден және с.с. сақтасын деп кигізеді.Өзіне тұмар, талисман, түрлі жіптер мен моншақтар ілу, тағы теріге немесе матаға оралған дүғалар тағу және кішкентай балдардың шекесіне бәле-жаладан сақтасын деген мақсатпен қолданған.
Аты аңызға айналған, бүкіл әлемге мәшһүр ғалым, ғұлама әл-Фараби туралы халық аузында сақталған мынадай бір әңгіме бар. Ұлы ұстаз қартайған шағында бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, егер құпиясын сақтап, шартын орындасаңдар айтамын»,– дейді. «Аманатқа қиянат жасауға болмайды, айтқаныңызды орындаймыз»,– деп шәкірттері уәде береді. Сонда ұстаз оларға көннен тігілген тұмарды ұсынып, қабірінің басында ғана ашуды өтінеді.
Арада көп уақыт өтпей-ақ ұлы ұстаз дүниеден өтеді. Марқұмды арулап, жерлеу рәсімі кезінде уәде бойынша әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен тілдей қағаз шығады. Қағазда: «Бұл туған жерім – Отырардың топырағы еді. қабіріме осыны салыңдар»,– деп жазған екен. Өтініші үлкен тебіреніспен орындалады. Данышпанның аты данышпан, өмірден өтіп жатып та туған жердің қасиетін кейінгілерге ұқтырып кетіпті.
Мойынға тағып жүретін әшекейдің бірі-тұмарша. Оны шеберлер бұрыштап не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бой тұмарды ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды
Түрлеріне байланысты атау түрлері
Жастық тұмар - төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркемдік тұмар.
Қиық тұмар - сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.
Лағыл тұмар - лағыл таспен безендірілген тұмар.
Сіркелі қолтық тұмар - бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.
Алтын тұмар - күміс бетіне сіркелеп алтын жалатылған тұмар.
Тұмарша - асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейленген тұмар.
Тіллә тұмар - алтынмен қапталған тұмардың бір түрі.
Қазіргі кезде тұмар үй интерьерінде, көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады.
Ү. Шығармашылық сәт.
.
ҮІ.Қортынды
Әрбір азаматтың ата –тегін, елінің тарихын, ана тілін білуі, ұлтын сүюі қасиетті парызы , ал ұлтының әдет – ғұрпын , салт – дәстүрін , мәдениетін , өнерін өмір бойы сақтап , ұстануы , дамытуы ата – баба рухы алдындағы мәңгілік борышы мен міндеті.
«Қолөнер – мол өнер» демейме халқымыз. Қазіргі жас шеберлерінің өздерінің жұмыстарына жаңа түр, жаңа ұнасым тауып, олардың идеялық мазмұндарын байыта түсуде. Мұнын өзі де шеберлердің басым көпшілігінің жан-жақты салауатты, білімді, өнердің түрлі салаларымен таныс адамдар екенін көрсетеді.
Халықтық педагогикада жас ұрпақты ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ерекшелігіне қарай баулыған.
Қай халықтың өнеріне, бейнелеу мәдениетіне зер сала қарасақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз
Өткен ғасырда өмір сүрген қазақ ұсталары мен зергерлерінің мұраларын іздеп табу , оны келер ұрпаққа жеткізу, насихаттау, табылған жәдігерлерден көрмелер жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылып, ел назарына ұсынылуда.
Келешекте егеменді елімізді көркейтер білімді де, саналы азаматтар тәрбиелеп шығатындығына сеніміміз мол.