Ашы? саба? та?ырыбы: М?рат капитан
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2 «Д»
Уақыты:23.11.2016
Сабақтың тақырыбы: Мұрат капитан
Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту.
Білімділік: Мұрат капитан мәтінін түсініп, ол туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: Әңгімелеу, сөйлеу, ойлау қабілеттерінің дамуына септігін тигізу.
Тәрбиелік: Қиыншылық көріп тұрған адамға дер кезінде көмектесуге, жомарттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы.
Сабақ оқудың макро құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
1- кезең Ұйымдастыру Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу. 2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру 1.Кім заттарын бірнеше түйеге артып келе жатыр?
2.Бір топ саудагер қалай келе жатыр?( бірнеше түйеге артып)
3.Олар қай жақта келе жатыр? (адырлы даламен)
4. Керуен неден шаршады?
5.Ұзақ жолдан шаршаған керуен не істемек болды?
6.Қандай еттерін алды?
7. Кепкен еттерін не істемек болды?
8.Бірақ не таба алмады?
9.Не жинап әкелді?
10.Жинап әкелген шөп – шалам мен шөпшекті қайтты?
11.Біраз адам нені шарлады?
12. Біраз адам даланы шарлап не іздеп кетті?
13.Сөйтіп жүргенде не көреді?
14.Кім басқаларға көрсету үшін жинап алады?
15. Әлгіні тезек теруші жинап қайда салады?
16.Жиналған тезекпен не істейді?
17. Бір топ адам қалай отырды?
18.Дөңгелене отырған бір топ не істеді?
19.Содаң соң біреуі қалай жанған отқа лақтыра салады?
20.Қара тас қайда түсті?
21. Отқа түскен қара тас қалай жана бастайды?
22.Мұны кім көрді? ( керуеншілер)
23.Мұны көрген керуеншілер не деді?
24.Олар саудалауға не әкетіп барады?
25.Саудалауға әкетіп бара жатқан үлкен тұзды қалай қойып кетті?
26.Жаңағы жерге кімдер жиналып келген?
27.Кейін көпшілік жиналып келгенде жаңағы жерді не деп іздеді?
28. Сол жер қалай аталып кеткен?
29.Адырлы дала деген сөздің мағынасы қандай?
30. Шөпшек деген сөздің мағынасы қандай?
31.Үйде қандай мәтінді оқыдыңдар? 3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру Тірек сөздермен жұмыс.
1. Долы-дауылмен қоса жауған нөсер жаңбыр.
2. Білек-қолдың басы мен шынтақ аралығы
3. Уәкіл-басшы мекемеден келген адам
4. Өкіл-басшы мекемеден келген ресми адам
5. Шаруақор-шаруашыл, еңбекшіл
6. Арна-өзен суы ағатын жердің басы
7. Талапкер- бір істі тындыруға тырысқыш, ізденгіш.
7 сөзге 30 секунд уақыт беріледі.
4- кезең Ойлауды ұйымдастыру Мәтінмен жұмыс.
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар балалар
Қолдарыңды созыңдар
Саусақтармен ойнаңдар
Қолдарыңды сермеңдер
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын Мәтіндегі оқу жылдамдығы 1 бетке 5 минут уақыт беріледі.
5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру Қарама – қарсы сұрақтар:
1.Кім бір отар қой бағады екен? (Ахмет атай)
2.Қай жылдары Ахмет атай бір отар қой бағады екен? (сонау бір жылдары)
3.Оның немересінің аты кім? (Мұрат)
4. Оның немересі Мұрат қандай бала болды? (пысық, шаруақор)
5. Ол отарды қайда шығарады? (өріске)
6.Екеуі не құрып отырды? ( әңгіме- дүкен)
7.Мұрат қолына кітабын алып, атасына не оқып берді?
8.Немересі қандай оқиғаларды ерекше құмартты?(теңізшілердің басынан өткен қилы-қилы оқиғалар)
9.Мұндай кездерде Мұрат озін қалай сезінеді? (буырқанған долы толқын үстінде кетіп бара жатқандай сезінетін)
10.Ахмет атай бұл қалауын қайтетін? (түсіне бермейтін)
11.Осы жасқа дейін атасы нені көрмеген? (теңізді)
12. Теңіз көрмеген қартқа кітаптағының барлығы не сияқты? (ертегі)
13.Күндер қалай өтті? (зымырап)
14.Мұрат қандай жігіт болып өсті? (палуан білек жігіт )
15.Қандай өзенді бөгеп, алып құрылысшылар іріктеле бастады?(Ілі)
16.Іле өзенін бөгеп, алып нені салу үшін құрылысшылар іріктеле бастады? (электр станциясын)
17.Ауылға кім келді?(уәкіл)
18.Уәкіл деген сөздің мағынасы қандай? (басшы мекемеден келген адам)
19.Уәкіл не деді? (ол жерде тамаша теңіз болады деді?)
20.Мұрат не өтінді? ( құрылысшылар сапына алуды өтінді)
21.Құрылыс қалай басталды? (көп ұзамай)
22.Мұрат қандай жұмысқа араласып кетті? (қайнаған)
23.Не өтті? (қыс, көктем, жаз)
24.Қандай күз келді? (қоңыр)
25.Құрылысшылар не істеді? (апта бойы күн түн демей жұмыс істеді)
26.Ілі қалай жаңа аранға бет алды?(бөгеліп)
27.Кімнің қуанышы қойына сыймады? (жұрттың)
28.Енді аз уақытта бұл жерге не салынады? (электр станция)
29.Қандай теңіз орнайды? (ғажайып)
30.Құрылыс басына өкілдер қайдан келді? (алматыдан)
31.Келген адам не деді?
32.Мұрат атасын акапитанның оқуына жазылғанын айтқанда атасы оған не деді?
Құтқару шеңбері жіберіледі. МПМ бойынша барлық оқушыдан сұралады.
6- кезең Бекітуді алғашқы ұйымдастыру Сын тұрғысынан сұрақтар:
1.Ахмет атай бір топ сиыр бағады екен? (қой)
2. Оның немересінің аты Жомарт ? (Мұрат)
3.Мұрат пысық, шаруақор бала болыпты?
4. Мұрат қолына кітабын алып, атасына қызық –қызық оқиғалар оқып берді?
5.Немересінің еркше құмартқаны – ұшқыштардың басынан өткен қилы –қилы оқиғалар? (теңізшілердің)
6.Мұндай кездерді Мұрат өзін буырқанған длы толқын үстінде кетіп бара жатқандай сезінетін еді?
7.Ахмет атай немересінің бұл қалауын қолдайтын? (түсіне бермейтін)
8.Осы жасына дейін теңіз көрмеген қартқа кітаптағының бәрі ертегі сияқты?
9.Уақыт зымырап өтті? (күндер)
10.Мұрат палуан білек жігіт болып өсті?
11.Есіл өзенін бөгеп, алды ма? (Іле)
12. Үлкен завод салу үшін құрылысшылар іріктеле бастады? (электр станциясын)
13.Көп ұзамай құрылыс басталды?
14.Мұрат қайнаған жұмысқа араласып кетті?
15.Суық қыс келді? (қоңыр күз )
16.Құрылысшылар апта бойы күн түн демей жұмыс істеді?
17.Іле бөгеліп , ескі арнаға бет алды? (жаңа)
18.Жұрттың қуанышы қойына сыймады?
19.Ғажайып теңіз орнайды?
20.Мәскеуден өкілдер келді? (Алматыдан)
21.Болашақ теңізде жүзетін кеме капитаны болатын талапкер іздеп жүрміз деді?
22.Мені жазыңыз! –деп Мұрат орнынан атып тұрды?
23.Үйіне келген соң , Мұрат атасына өзінің капитандық оқуға жазылғанын айтты?
24. Ахмет атай немересінің артынан қақты?
25.Жолың болсын балам деді?
26. Басшы мекемеден келген адамды өкіл дейді ме?
Құтқару шеңбері жіберіледі. МПМ мен жұмыс. «-» бар оқушыларға көңіл аудару
7-кезең Тақырыптық сөздік қор.
Тақырыпты қорыту. 5 минут
31 сөз болуы қажет
Үйге тапсырма 3 алған балаларға сабақты қайталап оқу Бағалау 5+ ол 5 деген баға
4+ ол 4 деген баға
3-2+ ол 3 деген баға МПМ бойынша бағалау.