?дебиеттік о?у п?ні Арда?ты ана


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ардақты ана Ә.Дүйсенбиев
Мақсаты
Күтілетін нәтиже а) білімділік: Ә.Дүйсенбиевтің өмірі мен шығармашылығындағы ерекшелік. Ардақты ана туралы өлеңнің негізгі ойы.
ә)дамытушылық: оқушылардың жеке ойлау қабілеттерін ашу, сөздік қорларын молайту, өз пікірлерін ашық-анық айтуға мүмкіндік жасау, пікірлерін дәлелдей білуге, және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б)тәрбиелік: оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан — ананы сүюге, қадірлеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу,ұжымда тыныштық сақтауға, бірін-бірі тыңдауға, адамгершілік қасиет пен білімге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, ізденушілік, еркін жазу.
Сабақтың көрнекілігі: Ә.Дүйсенбиевтің суреті, интербелсенді тақта, гүл күлтелері т.б.
Психологиялық ахуал а) психологиялық дайындық
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
Көктем келді, алақай,
Ендеше гүл терейік.
Сыныпты топқа бөлу
Гүлдердің атауы, түсі арқылы топқа бөліну Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Жұмбақ шешу
Үш әріптен тұратын,
Есімі оның тұрақты
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан
Күнім, жаным дейтұғын,
Айтады кәні, кім атын? / Ана/
Кластер жасау.
— Сонымен, балалар, «Ана деген кім?» сұрағына қойылатын жауаптар тізбегін жазайық.
Ана кім?
— Қамқоршы
— Дос
— Ұстаз
— Жарық өмір сыйлаушы
— Жанашыр
— Ақылшы
— Мейірімді жан
— Пана
— Аяулы жан
«Ана» тақырыбындағы шығарма
(«5» алған 2 балаға оқыту).
Сергіту сәті.
Ән «Анашым»
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Лездік сұрақтар:
— Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?
— Жүрегі жылы кім?
-Құшағы кең кім?
Балалар, алда қандай мереке келе жатыр? (Аналар мерекесі – 8 наурыз)
2.Ақпарат.
Ендеше, бүгін біз Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ардақты ана»өлеңімен танысамыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ардақты ана». Бүгінгі сабақтың мақсаты – ананың ұлы тұлға екнін танитын боламыз.
3.Дәптермен жұмыс. Күн реті, авторы, тақырыбы
4.Автормен таныстыру.
Мұғалімнің оқуы.
Оқулықпен жұмыс.
-іштей оқу
-тізбектей оқу
-шумақтай оқу
-хормен оқу
-мәнерлеп оқу
«Әдеби үйірме» әдісі бойынша өлеңмен жұмыс.
Топтағы
І оқушы – баяндап беруші
ІІ оқушы – зерттеуші ( мақал-мәтел, жаңылтпаш)
ІІІ оқушы – сұрақ құрастырушы
ІV оқушы – бейнелеуші
V оқушы – дәнекер
Тапсырма:Өлеңнен ана қасиетін дәріптеген ақынның сөздері арқылы ана
бейнесін топтап шығару. (Мысалы: ардақты, аяулы, қымбатты, кең
құшақты, күлкісі күн нұрындай, гүл бақтың аясындай, ақылды, дана.)
Терілген сөздер ішінен теңеулерді іздеу.
Топтық тапсырма:
1-топ: Өлеңді аяқта:
Мақсаты: шапшаң ойлануға, өлең шығара білуге төселдіру, анаға деген
махаббатын өлең шумағымен жеткізу.
______________ данасың («анашым)
______________ панасың (Біздерге)
________________ баласын (аялап)
_______________ анашым (өсірген)
2-топ:
Мақсаты: 5 жолды өлеңді дұрыс құрастыруға машықтандыру.
5 жолды өлең құрастыру.
Кім? (ана)
Қандай? (мейірімді, сұлу)
Не істейді? (өсіреді, мәпелейді, еркелетеді)
4 сөзден құралған сөйлем. (Анамыз әрқашан аман болсын)
Мәндес сөз. (адам)
3-топ: «Менің анашым» тақырыбында эссе жазу
Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілігін қара сөзбен толық жеткізе білуге төселдіру.
4-топ: Аналар мерекесі құрметіне жауқазынның не қызғалдақтың күлте
жапырақшасы түрінде қиылған қағазға құттықтау сөз жаздыру.
Мақсаты: күлте жапырақшаларына тілек жазғызу, ойын толық жеткізе
білуге үйрету.
Өлеңді талдау:
Авторы: Әнуарбек Дүйсенбиев
Тақырыбы: «Ардақты ана»
Жанр түрі: Лирика (өлең)
Идеясы: ананы құрметтеу
Шумақ саны:3
Тармақ саны:12
Бунақ саны:3
Ой толғаныс «Ана» сөзінің кілтін табу.
А — дамның
Н — ағыз
А — сылы
Демек, дүниеде анадан асыл ешкім жоқ.
Үйге тапсырма.
Өлеңнің ұнаған шумағын жаттау.
Мақал-мәтелдерді жаттау.
«Ананы неге барлық адамдар құрметтейді?» эссе жазу.
Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
Үйге тапсырма «Бір айналым сұхбат» стратегиясы бойынша қорытындылау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады